Апталық Анализ  47

ПКК-ның Сириядағы соңғы жағдайы

1531739
Апталық Анализ  47

 

Сириядағы  қақтығыстардан пайдаланып қайтадан өрби бастаған ПКК террористік ұйымы Башар Асад режимімен келісіп, Африн, Кобани және Джезиреде кантондарын ұятсыздықпен жариялап, ДАИШ-пен күресті асқақтату арқылы АҚШ-пен әскери келісім жасасып, кантондарды бірлестіріп, Түркияның оңтүстік шекарасын бөлетін бір террор елін құруға талпынуда. Түркия осы қауіпті сезіп, алдын алу шараларын жасады, әсіресе «Евфрат қалқаны» операциясынан кейін  «Зәйтүн бұтағы» және «Бейбітшілік бұлағы» операциялары  арқылы қауіптің бетін қайтарды. Алайда ПКК болмысы аймақта әлі жалғасуда.

ПКК террористік ұйымы Сириядағы жалғасы  PYD мен YPG арабтарды да қамтыған жоғары бір ұйым Сирия Демократиялық күштерін паналап, Евфраттың шығысындағы Айн әль-Арабтан Хасекиге, оңтүстікте Ракка мен Дейр эз-Зордағы, батыста Монбидж пен Телль Рифатқа дейін болмысын жалғастырып келеді. Осы аймақтарда әкімшілік құрып, АҚШ-тың қамқорлығында Сирияның мұнай мен табиғи газ байлықтарының да маңызды бөлегін басқарып отыр. Ұйым сонымен бірге аймақта көлемді ауылшаруашылық алаңдары мен елдің онсыз да жетпей жатқан су байлығының көбін иелеп алды.  Түркияның «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен Тель-Абяд және Расул Айн сияқты аймақтары құтқарылса да,  террористік ұйым әлі де 40 мың шаршы километрлік алаңды нақтылы иелеп жатыр.

«Бейбітшілік бұлағы» операциясы кезінде Түркия алдымен АҚШ-пен, артынан Ресеймен аймаққа байланысты келісімдер жасады, әсіресе Сочиде Ресеймен Евфраттың шығысына байланысты кепілдіктер қамтылған маңызды бір келісім жасасты.  Келісімге сай террор ұйымы Анель Арабта Маленькие-Фиш Хабур желісіне дейін оңтүстікке қарай 32 километр шегінуді қабылдады. Іс жүзінде бұл іске аспады. Террористік ұйым Тель-Рыфат, Айн Исса және Тель Тамир сияқты аймақтарды пайдаланып, Түркияның  билігіндегі аймақтарда террорлық шабуылдарын жалғастырды. Көбінесе бомбалы көліктермен жасалған аталмыш шабуылдарда жүздеген бейбіт халық қаза тапты. Үйым осы жерде «Құтқарылған аймақтардың» тыныштығын нысанаға алып отыр.

Сол себепті Түркия тұрғысынан террористік ұйымның Сириядағы болмысы қауіп төндіруді жалғастыруда, ұйым шекара желісінен 32 километр оңтүстікке шегінбесе, тың операциялардың жасалуы да табиғи. Қазіргі жағдайда ПКК террор ұйымының Сириядағы болмысы Евфраттың әрі шығысына, әрі батысына барлық шарттарда қауіп төндіруде.  

 



Ұқсас жаңалықтар