Апталық Анализ 45

Түркияның  ПКК террористік ұйымымен күресі

1523065
Апталық Анализ 45

 

Солтүстік Иракта ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан ПКК террористік ұйымы және Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты Пешмерге мен Арнаулы күш мүшелері қақтығыса бастады. ПКК-ның аймақтағы ірге кеңейту саясатымен бірге арттырып отырған террорлық лаңкестіктері күрд аймағының тұрақтылығына қауіп төндіруде, Түркияның ұйымға қарсы әскери операциясы да күшті жалғасуда.

Аймақтағы дағдарыстан пайдаланып, Бірінші Шығанақ соғысынан бастап Солтүстік Ирактағы таулы өңірлерді мекендеген террористік ұйым ПКК осы аймақтарды Түркияға жасаған террорлық шабуылдардың базасына айналдырды. Уақыт өте келе Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне балама күш ретінде өзін көрсете бастады. Әсіресе Пешмерге күштері ДАИШ шабуылдарымен жағаласып жатқанда, ПКК осы орайдан пайдаланып жүздеген ауылды иелеп алды. Синжар аймағында ДАИШ-пен күрес көріністерімен үстем орынға шығып, осы жердегі езидилерден қосымша террор ұйымын құра бастады.

Түркия осы процесте ПКК-мен күресті шекара сыртына шығарып, Сириямен бірге Иракта да күшті операциялар жасауда. «Белді бекем байлау операциясынан» кейін «Пенче-Каплан операциялары» арқылы террор ұйымы Түркия шекара желісінде ауыр шығындалды.  Көптеген мекеннен айырылды. Түрік армиясы террористік ұйым ПКК-ның «Медиа қорғаныс алаңдары» деп атаған аймақтардағы төбелерде билікті қолға алып, осы жерге келіп орналасты.  Осылайша ұйым оңтүстікке шегінуге мәжбүр қалды.

Террористік ұйым ПКК Иракта тұйыққа тірелді. Күрд Демократиялық партиясын Түркия армиясына хабар берді және жәрдем етті деп жазғыра бастады. Бұл оқиға екі ұйымның арасында кірбеңдік туғызды. ПКК-ның аймақта тұрақтылықты бұзатын бір террор ұйымы ретінде жалғасуы,   кеңею саясатын атқаруы Эрбильдің мүддесіне қауіп төндірді. Түркияның да қысымымен Пешмерге әрекетке келіп, террор ұйымын тығырыққа тіреді. Зини Верте және Гара сияқты аймақтарға Пешмерге  мен Зеревани сияқты арнайы күш жасақтарының орналасуына ПКК қатаң қарсылық көрсетіп, шабуыл жасай бастады. Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің күре тамыры мұнай құбыр желісіне шабуылдар ұйымдастырды.

Қорыта айтқанда, Солтүстік Иракта Түркияның болжамы толық тураланды.  Түркия ПКК-ның аймақтағы болмысының тек Анкара үшін ғана емес, тікелей Эрбиль үшін де үлкен қауіп пен тұрақсыздық себебі екенін ортаға салды. Енді Эрбиль үкіметі күн өткен сайын ПКК террорының нақты бет-бейнесін көріп отыр. Қақтығыстар асқынған осындай кезеңде Пешмергенің Түрік армиясымен бірге террористік ұйым ПКК-ға қарсы көлемді бір әскери операция жасау мүмкіндігі де жақындап қалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар