Апталық Анализ 44

Әзербайжан Таулы Қарабақта әскери операцияларын жалғастыруда.

1518725
Апталық Анализ 44

 

Әзербайжан 30 жылдан астам бір уақыттан бері жаулау астында болған территорияларын құтқару үшін Таулы Қарабақта әскери операцияларын жалғастыруда. Армения болса, әскери жақтан Әзербайжанға тойтарыс көрсете алған жоқ. Алайда армяндар Гәнжә секілді қалаларды нысанаға алып, жай халықты қырғындауда.

Арменияның осы әрекетінің жоспарлы бір стратегияға негізделгенін байқаудамыз. Әзербайжанды Таулы Қарабақ тысында да соғысуға мәжбүр етіп, Ресеймен жасалған Коллектив қауіпсіздік келісімін жүзеге асыруды көздеуде. Армения осы стратегиясы арқылы ашық түрде соғыс қылмыс істеуде.

Әзербайжан армиясы мөлшермен бір айдан бері Таулы Қарабақта әскери операцияларын жалғастыруда. Әзербайжан армиясы алдымен солтүстік және оңтүстік бағытында операцияларын жалғастырса, соңғы кезеңде әсіресе оңтүстік-батыс бағытында маңызды ілгерлеушілікке қол жеткізді. Фузули, Джебраил секілді маңызды қалалармен қатар Зенгиланды құтқарып, Армения күштері мен Иран арасындағы шекара байланыстарын түбегейлі үзіп тастады. Әзербайжан армиясы осы жеңістерінен кейін оңтүстік желістен солтүстік-шығысқа қарай бет алып, Лачин коридорына жетуге тырысуда. Осылайша Арменияның Таулы Қарабақпен болған логистикалық желісін үзген болды.

Армения күштерін болса майдан желістерін қорғау үшін жанталасып жатыр. Алайда соғыс басталған күннен бастап, Әзербайжанның әуе үстемдігін өз қолына алуы, Түркияның  жіберген Қарулы ұшқышсыз әуе көліктері секілді жоғарғы деңгейдегі техникалық мүмкіндіктерге ие болуы армяндардың майдан желістерінде тойтарыс беруіне орай берген жоқ. Армяндар қатты шығынға душар болып, ақырын-ақырын шегінуде.

Армения майдан желісіндегі соғыста жеңілетінін байқағандықтан түрлі стратегиялар арқылы соғыстың бағытын өзгертуге тырысуда. Армения премьер-министрі Никол Пашинян бір жағынан Владимир Путин, Эммануэль Макрон және Дональд Трамп сынды лидерлермен байланыс жасап, атысты тоқтату келісімін қаласа, енді бір жағынан Армения армиясы Әзербайжанның соғыс желісінде болмаған қалаларын нысанаға алуда. Армения Әзербайжанды соғысты кеңейту тозағына түсіру  үшін провокация жасауда.

Гәнжә секілді көптеген Әзербайжан қаласы тікелей баллистикалық зымырандардың нысанасы болды және осы таңға дейін 90-нан астам жай халық қырғындалды. Армения Әзербайжанның Таулы Қарабақ тысында өзіне оқ жаудыруын айтақтап, Коллектив қауіпсіздік келісімі аясында Ресейдің соғысқа килігуіне орай жаратуға  ұмтылуда.

Бірақ Әзербайжанның провокация тұзағына түспей, Таулы Қарабақтағы жаулау астындағы аймақты құтқаруға шоғырланғанын көрудеміз. Ақылға сыйымды болғаны осы. Әзербайжан армиясы тарапынан Лачин және Келбежер арқылы логистикалық желістерді басып алғаннан кейін соғыс көп жалғаспауы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар