Апталық Анализ 43

АҚШ-тағы президенттік сайлау туралы анализдер.

1514492
Апталық Анализ 43

2020 жылы 3 қарашада өткізілетін АҚШ президенттік сайлауы коронавирус індеті ушыққан кезеңге тура келді. Алғашқы жылдарын өз комондасын құрумен өткізген Дональд Трамп көптеген маңызды органдарға басшы тағайындай алмады немесе тағайындалған адамдар бір мезгілден кейін міндетінен кетіп қалды. Ұлттық қауіпсіздік тақырыптарында үш ұқсамаған ақылшымен жұмыс істеуге мәжбүр қалған Трамптың сыртқы істер және қорғаныс министрлері тақырыбында да жұмыстар ойдағыдай сәтті жүрген жоқ. Алғашқы кезеңді қатал бір сыртқы саясат сөздерімен өткізгісі келген Трамп президенттік міндетінің дәл ортасына келгенде міндетінен кетуі жайлы тергеуге душар болды және онымен айналысты. 2016 сайлауында Ресеймен болған қарым-қатынас тақырыбында Трамп және кампания комондасының басы әбден ауырған еді.

Президенттіктің соңғы жылында болса жаңа коронавирус індетімен айналысуға мәжбүр қалған Трамп коронавирус індетінен туындаған ауыр қиыншылықтарды шешуде табысты бола алған жоқ. Мысалы коронавирус індетінен бұрын экономиканы жақсартқан және АҚШ-ты жаңадан күшейту үшін жүргізілген керемет сауда саясаттары арқасында Америка сайлаушыларының қолдауына ие болған Трамп экономиканың құлдырау себебінің коронавирус екенін алға тартуда. Сондықтан бәсекелесі Байден сайлаудан алдындағы сауалнамаға қарағанда Трамптың алдында көрінеді. Сайлауда кімнің жеңетіні жайлы қазір дәп басып айту өте қиын. Алайда кім жеңіп алса алсын әлем саясатында үлкен белгісіздік күтілуде.

Дональд Трамп сайлау кампаниясы бойынша АҚШ-ты қайтадан үлкен бір елге айналдыру туралы «Алдымен Америка» ұранын қайтадан қолдана отырып, АҚШ-тың бұдан кейін қандай  рол ойнайтыны жөнінде уәделер беруде. Артта қалған төрт жылға көз жіберілгенде жаһандық жүйеде атқарған ролы аз болды және ішкі істер мен айналысып, мемлекет ішіндегі мәселелерді шешетін бір АҚШ тілге тиек етілді. Байден болса АҚШ-тың жаһандық жүйеге қайтадан оралатыны жайлы уәде берген бір сыртқы саясат ұстануда. Қайсы үміткер жеңсе де үш маңызды тақырыпқа тоқталғанды жөн көреміз.

Біріншісі, АҚШ-тың әлем саясатында алатын орнымен байланысты. Трамп сайланған жағдайда АҚШ-тың коронавирус індетінің де ықпалымен әлем саясатында тіпті қатал бір орын алуы үлкен ықтимал ретінде байқалуда.  Осы қатал сайыстың басында АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық бәсеке тұрады. Трамптың АҚШ-ты ішкі мәселелерге бейімдеп, көбінде Қытайға түйіңлелгенін айтуға болады. Бұл АҚШ-тың халықаралық мәселелермен көп айналыспауы мағынасына келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты жаһандық басқару ұйымдары мен АҚШ арасындағы байланыс та әлсірейді. АҚШ-тың халықаралық жүйедегі ролы да азаяды.

Екінші тақырып болса, Байден сайланған жағдайда АҚШ халықаралық саясатта қайтадан белсенді рол алады және жаһандық лидерлік орнына оралуға тырысады. Тағы бір қызық пайымдау болса. АҚШ-тың Қытаймен қатал бір бәсекеге кіретіні. Басқаша айтқанда екі президент те Қытай мәселесімен айналысуға мәжбүр қалады.

Алайда Байден сайланған жағдайда Америка сыртқы саясатының тіпті белсенді болуы күтілуде. Байден сайлау кампаниясы бойынша Трамп кезеңінде әлсіреген Америка күшіне қайтадан серпіліс әкелетін бір жол картасын ортаға қоюға тырысты. Бұл жол картасы АҚШ-тың халықаралық мәселелерімен тіпті көп айналысу мағнасына келеді. Трамптан өзгеше түрде белсенді бір НАТО, тіпті белсенді бір Біріккен Ұлттар Ұйымы және тіпті белсенді бір Америка дипломатиясын атқаруы күтілуде..

Үшінші тақырып болса, екі үміткердің де АҚШ-тың сұранысына шара табатын таппайтыны болып отыр. Трамптың изоляция саясатын жалғастыруы мен Байденнің жаһандық саясатын  атқаруы, қорыта келгенде барлығы бір жерден шығады. Шегінуде қиын, халықаралық жүйені қайтадан бақылау да оңай емес. Сондықтан әлем саясаты АҚШ президенттік сайлауынан кейін өте жанды болуы мүмкін. Осы тақырыптар тұрақсыз болған және жаңа коронавирис індеті шараларының қосылуымен әлем саясатының кең көлемді бір үзеңгі қағыстыруға душар болатыны өте айқын көрінеді.

 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар