Түркияның Әзербайжанға қолдауы жалғасуда

Апталық анализ – 41

1508241
Түркияның Әзербайжанға қолдауы жалғасуда

Соңғы кезеңде үнемі қайталана бастаған Әзербайжан-Армения қақтығыстары ұлғайып, екі ел арасындағы қырғын соғысқа айналды. Осындай кезеңде Түркия Әзербайжанның қасында орын алды. Сонымен қатар Түркияның әскери жақтан көмектесуі Әзербайжан армиясының жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. Түркия әскери жасақтарымен әлемде мықты бір күш екенін паш етті.

Бүгінгі бағдарламамызда қауіпсіздік зерттеу орталығының зерттеушісі Джан Ажунның анализдерін ұсынамыз.

Түркия соңғы он жылда қорғаныс өнеркәсібінің арқасында жылдам қадаммен ілгерледі. Әсіресе 2016 жылғы төңкеріс әрекетінен кейін қауіпсіздік жүйесі және түрік армиясы қайтадан ретке салынды. Анкара енді немқұрайды қарауға болмайтын бір әскери күшке ие болды.

Түркия өз аймағында батыс шеңберінде жай бір күш ретінде қаралып келген еді. Әділет және даму партиясының 2000 жылдары билік басына келуімен әскери жақтан Түркияда үлкен өзгеріс болды. Алдымен батыс әлемі ішінде саясат, экономика және мәдениет саласында жұмсақ күш салаларымен тіпті мықты күшке айналу ізденістері өзін көрсетсе, «Араб көктемі» қалыптастырған жаңа бір жағдай Түркияның да әрекет әдістемесін түбегейлі өзгертті.

Батыс әлемінің Түркияны көре алмауы Әділет және даму партиясы билігінің нысанаға алынуымен аяқталды. Мысалы 2016 жылы 15 шілде күні бір төңкеріс әрекетіне куәгер болдық. Осы жағдайдан кейін Түркия жаһандық саяси жақтан батыс шеңберінен түбегейлі шығып, өзін орталық ретінде Ресей және Қытай елдері мен батыс елдерін теңестірген бір саяси тұғыр ұстана бастады. Жұмсақ күш болудан гөрі әскери өнеркәсіптеріне инвестиция салып, маңызды бір әскери күшке айналды.

Қорғаныс өнеркәсібіне салынған инвестициялар және ықпалды зерттеу-дамыту жұмыстарымен әскери тұрғыдан әлемде дамыған елдердің қатарынан орын алды. Әсіресе ұшқышсыз әуе көліктері және қарулы әуе көліктері саласында АҚШ-тан кейін ең ықпалды ел болды. Түркия 2000 жылдардың басында әскери қару-жарақтарының 80 пайызын шетелден алса, бұл жағдай бүгінгі таңда 20 пайызға дейін төмендеді. Түркия сонымен қатар қорғаныс өнеркәсібі саласында экспортшы елдер қатарына қосылды.

Түркия тек қорғаныс өнеркәсібіне инвестиция салумен ғана шектелген жоқ. Саяси жігер көрсетіп, әсіресе төңкеріс әрекетінен кейін қауіпсіздік жүйесін толыққанды түрде реттеді. Ықпалды және кемелді бір армия құрса, Ұлттық барлау ұйымы да аймақтағы ең ықпалды барлау жасайтын деңгейге жетті. Түркия бірнеше жылдан бері жаңа қауіпсіздік жүйесін жүзеге асыра отырып, ықпалды әскери күшін аймақ географиясында қанды қақтығыстарда қолданды. Сирия және Иракта террор ұйымы PKK және ДАИШ-ты нысанаға алған кең көлемді шекара тысы әскери операциялар мен барлау операцияларын ұйымдастырды. Сонымен бірге Ливияда заңды Ұлттық келісім үкіметі күштеріне қолдау жасап, соғыстың бағытын өзгертті. Сомалиде мемлекеттік құрылысқа ат салысса, Катарға бағытталған жаулау әрекетін доғарды. Соңғы кезеңде Шығыс Жерорта теңізі энергия геосаясатында теңіз күшін қолдана отырып, маңызды бір актер ретінде өзін көрсетті. Мысалы Әзербайжан-Армения соғысында Түркия Әзербайжан армиясына жаттықтыру қолдауын одан ары ілгерілетіп, қарулы ұшқышсыз әуе көліктерімен Әзербайжан күштерінің жеңіске жетуін қамтамасыз етті.

Осы әскери талпынастар және технологиялық тұрғыдан Түркияның жеткен белестері басқа мемлекеттер тарапынан қадағалануда. Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында түрік саяси жігерінің батыл және табанды әрекеттерімен қатар Түркия енді жоғарғы деңгейдегі бір күш ретінде әлем сахнасында орын алуда.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар