Таулы Қарабахтағы қақтығыстар

SETA Қауіпсіздік зерттеулері басшысы, жазушы Др. Мурат Йешилташтың анализі

1501762
Таулы Қарабахтағы қақтығыстар

 

Армения агрессиясын Товуздан кейін Таулы Қарабахта да көрсетті.  Бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылмен басталған жексенбі күнгі агрессия алдында Әзербайжанның әскери операциялары ықпалды болды.  Басқыншылық астындағы көптеген ауыл Әзербайжанның бақылауына өтті. Ереванның есебінен жаңылағаны анық. Анкараның «барлық күшімізбен Әзербайжанның жанындамыз» деген үндеулеріне жеткілікті деңгейде көңіл бөлмегені көрініп тұр. 12 шілде күні Таулы Қарабахтан 100 км қашықтықта энергия желісі өтетін Товуз аймағына жасалған шабуылдан кейін Баку әкімшілігі мықты дайындық жасады. Біріккен жаттығуларда Түркияның әскери штаб «ақылы» да майданда болатын.  Армения мен Әзербайжан қақтығысының ұзын мерзімді соғысқа айналуына рұқсат беріле қоймас. БҰҰ мен НАТО-ға қосымша Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының тең төрағаларынан қақтығысты тоқтатуға шақыру келді.

**

Алдымыздағы күндері Минск тобы келіссөздеріне қайта оралу үшін қысым көбейе түсетін болады. Минск тобының келіссөздерін сәтсіз қылған және қарулы қақтығысты жалғыз шешім қылған Арменияның агрессиясы.  1991 жылы Әзербайжан жерінің жиырма пайызын басып алған және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басып алынған аймақтардан дереу кетуін талап еткен төрт резолюциясына бағынбаған тарап- Ереван билігі. 1994 жылғы 4-5 мамыр Бішкек хаттамасы арқылы атысты тоқтату бітімі қамдалса да, Таулы Қарабах және оккупация астындағы жеті ауданның армян бақылауында болуы қабылданбайды.  Сондықтан Оңтүстік Кавказдағы осы қақтығыстың әр сәт жарылуға дайын бомба екені анық. Ресей,  Түркия және Франция секілді елдердің осы қақтығысқа байланысты күш бәсекелестігінде ықпалды болатыны да айдан анық.

Жерорта теңізінің шығысындағы қызу төмендей бастаған соң, Түркия мен Грекия арасында келіссөздің басталуы хабары күтілген кезде,  Таулы Қарабахта қақтығыстың қайта басталуы едәуір мағыналы кездейсоқтық. Бірінші еске түсетіні: Ресейдің армян-Әзербайжан келіспеушілігін арандату арқылы Америка Құрама Штаттарына жақындауға ниеттенген Ереван билігін өзіне ығыстыру. Ереванның көмек үшін дереу Мәскеуге бағыт алуы осыны көрсетеді.  Онда мынадай сұрақ туындайды: Кавказ аймағын өзінің қол астындағы жер ретінде қабылдауын еш тастамаған Мәскеудің Ереванға батылдық беруінің себебі неде жатыр? Сирияда Идлиб және Ливиядан кейін енді Армения мен Әзербайжан қақтығыстарының алау алуымен Мәскеу Анкарамен араға жаңа бәсекелестік алаңын ашты ма? Анкараның жаңа әскери алаңдарға араласу арқылы асыра таралуын қамдауға тырыса ма? Әлде Сирия мен Ливияда жаңа саудаластықтар үшін күшін нығайтуға тырыса ма? Осы сұрақтарға жауап табу үшін әлі ерте.  Алайда сайлау науқанындағы Америка Құрама Штаттарының және бытырап кеткен Еуропа Одағының ықпалсыз болатынын болжағаны анық.

Мәскеу билігі келіспеушіліктер мен қақтығыстарды бастатып,  күш жинай алатынын тағы бір рет көрсетіп отыр.  Грузияда,  Украинада және Беларусьте сыртта қалған батыс биліктері тағы да Ресейдің күш бостықтарын толтыру саясатына аузын ашып қарап қала ма? Президенттік сайлау өткізетін Америка Құрама Штаттарында армян лобиясының ықпалының қаншалықты болатынын көреміз. Бұл анық нәрсе.  Ливиядан Жерорта теңізінің шығысы, Сирия және Кавказға созылған геосаяси бос алаң қалыптасты. Коронавирус эпидемиясынан кейін біздің әлем бара бара Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі белгісіздік және күш күресіне итермеленуде.  Америка Құрама Штаттарының ішінара шегінуі және Еуропа Одағының сыртқы саясат қалыптастырудағы әлсіздігі Ресейдің жаңа «күш бостықтарын» толтыру қадамдарын жеңілдетіп отыр.

«Анкара мен Мәскеу қатты жақындап кетті» деп сынаған батыс елдері Түркияның Ливия, Сирия және Оңтүстік Кавказда Ресейге біраз теңгерім қамдағанын көруі қажет.  Енді болашақ әлемнің геосаяси шындықтарына идеологиялық көзілдірікпен емес,  стратегиялық мүдделердің шындығынан қараудың уақыты келіп жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар