Ливия дағдарысы және шешімі

Апталық анализ - 39

1496874
Ливия дағдарысы және шешімі

Ливиядағы соңғы кезеңдегі жаңалықтар әскери алаңнан саяси аренаға ауып әртүрлі динамикаларды жұмылдырды. Марокко мен Монтреде өткен диалогтық кездесулердің артынан Президент Кеңесін қайта құру ниеті мен пікірлері кең өріс алды. Сондықтан Триполи мен Бенгазидегі халық наразылық шерулерінен туындаған ішкі саяси шиеленіске параллельді түрде Ұлттық Үкіметтің премьер-министрі Серрадж бен «Хафтардың премьер-министрі» деп аталатын Тынни отставкаға кету туралы мәлімдеме жасады. Серрадждың қазан айында өз міндетін тапсыратыны жөніндегі сөздерінің артынан Президенттік кеңестің жаңа құрылымы және саяси ортаның тайғақтығы қазірден-ақ жаңа шиеленістердің хабаршысы.

*          *          * 

Хафтарды қолдайтын мемлекеттердің өз жақтастарын мемлекеттік мекемелердің маңызды кадрларына тарту жөніндегі талпыныстардың артуы да әбден мүмкін. Мұндай бір көрініс Ливияда өздеріне саяси болашақ құруға ұмтылатын адамдар мен топтарды сыртқы қолдау табу бағытында жұмылдырады. Сол себепті Ливияның бәсекеге сүйенетін әлеуметтік және саяси құрылымы жаңа коалицияларға немесе тарқауларға жол ашуы да мүмкін. Басқаша айтқанда, Ливияның ішкі саяси бәсекелестігі ауыр бір жылға дайындалуда.

Саяси шешім жөнінде Мемлекеттік жоғарғы кеңестің президенті Халид Мышри және Өкілдер палатасы төрағасы Акила Салих арасында Мароккода болып өткен келіссөздер Ливиядағы дағдарыстың жойылуында шешуші рөл атқаратын көрінеді. Нақты мәлімдеме жасалмағанмен Мышридің апта ішінде Анкарада, Хафтар мен Салихтің Каирде келіссөздер жүргізгені назар аударады. Сонымен қатар онша жақсы тұрмаған Хафтар мен Салихты бір ортада ұстауға тырысу Сисиді мазалауда. «Ливия диалогы» деп аталатын Монтре келіссөздері болса одан нақты жаңалық ретінде пайда болды. Саяси процестің басталуы және Президенттік кеңестің қайта құрылуы ымыралы тақырып ретінде жарияланды. Негізінде Серраж саяси өзгерістер туралы сөздерін осы хабарламадан кейін тілге тиек етті.

Көріп отырғанымыздай, Ливия саясаты күрделене бастады. Саяси қызу артқан сайын Ливия аймағын бақылауға алғысы келген мемлекеттердің сөйлемдері және алаңдағы бағыттаулар одан ашық сезіле бастады. Шынында Түркия мен Ресейдің Ливияға арналған кездесулері басқа мемлекеттерді мазасыздандырады. Лавровтың осы аптада «Түркиямен келісімге келу» тақырыбындағы мәлімдемелері уақыты тұрғысынан назар аударуда. Себебі екі елдің ортақ ерекшелігі бар: Ливиядағы әскери болмыстары.

Ливияның саяси болашағы үшін Хафтар-Салих жұбы мен оларды қолдаған мемлекеттердің ортақ талабы Ресей және Түркияның Ливиядағы болмысын тоқтатуы. Шын мәнінде Ресейдің болмысына АҚШ-тың наразылығы АҚШ-тың Африка қолбасшылығының мәлімдемелерінен айқын көрінеді. Америка Құрама Штаттарының Түркияны да орыстармен бірге айыптаушы ұстанымы ашық байқалуда. Сондай-ақ АҚШ-тың әскери және саяси мәселелерден гөрі экономикалық тұғырдағы ұмтылыстары назар аударуда. Мысалы АҚШ Ливиядағы мұнай табысын бір АҚШ банкінде бақылауға алғысы келеді. Американдық бір фирма арқылы Орталық банктің шоттарын қадағалап, қаржы секторына үстемдік жасауды мақсат етеді. Ливияның қауіпсіздік саласын реформалауды Джонс (Jones) атты АҚШ-тық бір фирма арқылы тендерден өткізіп, қорғаныс өнімдерін экспорттауды жоспарлауда. Басқа жағынан АҚШ алдына қойған мақсаттарға жету үшін Түркиямен ынтымақтастық жасауға мәжбүр көрінеді.

АҚШ-пен бірге Германияның да халықаралық қоғаммен бірге ливиялық актерлер алдында саяси бастамаларын арттырғаны байқалады. Германияның Ливиядағы өкілетті елшісі Оливер Овца апта ішінде бір жақтан ливиялық министрлерді екінші жағынан Ливияның ресми мекемелеріне барды. Күн тәртібі - Ливияға инфрақұрылымдарын жақсарту үшін бағыт-бағдар беру. Алайда бұл байланыстардың мақсаты саяси шешімнен кейінгі сауда-саттық ортаны дайындау екендігі айқын көрінеді.

Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздермен қатар Ливиядағы инициативаны қолға алу маңызды. Ол үшін әрі Ливия саясатын қалыптастырып, әрі басқа мемлекеттерді алаңнан ығыстыру керек. Осы тұрғыда Түркия мен Ресейдің ымырасына жауап ретінде АҚШ пен Германияның бастамасымен екінші Берлин конференциясын шақыру жоспарланып отыр.

Конференцияда келісім мен саяси шешім туралы сөйлемдерін үнемі қайталайтын актерлер жазылатын шешімді мақұлдағанша итермеленеді. Осы орайда Ресей мен Түркия арасында жалғасқан бұл келіссөздердің Ливияға қатысты бөлімі «мағынасыз» қалады деуге болады. Әсіресе конференцияда шетелдік жасақтарды Ливиядан шығару туралы талап АҚШ тарапынан тілге тиек етілуі мүмкін. Ішкі саяси теңгерімдегі өзгеріс те бұл конференциядан шығатын нәтижелермен Ливиядағы көрініске ықпал ете алады. Басқаша айтқанда, Екінші Берлин конференциясында қабылданатын шешімдермен қатар, Ливияға араласқан мемлекеттер арасында жаңа бір одақ құрылымы мүмкін сияқты. Ливия саясатының бұл құрылымға ықпал етуі, сондай-ақ жаңа құрылымдарды пайдалануға тырысуы да ықтимал.



Ұқсас жаңалықтар