Апталық Анализ 37

Шығыс Жерорта теңізінде болған дағдарыс

1489232
Апталық Анализ 37

 

Шығыс Жерорта теңізінде соңғы апталарда болған оқиғалар Орта Шығыс пен Солтүстік Африкадан (MENA) туындаған аймақтағы геосаяси күрестің нақтылануына себепші болды. Ерекше геосаяси күрес алаңы ретінде анықталған аталмыш аймақтың алдағы кезеңде көп актерлі бәсекенің ер майданы болары сөзсіз.

Шығыс Жерорта теңізінде соңғы апталарда туылған оқиғалар Орта Шығыста өрбіген геосаяси бәсекенің жалғасы болуда.  Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері Левант аймағында Мысыр мен Израильдің табиғи одақтасы ретінде Жерорта теңізіндегі бәсекеге қосылып кетті. Осы шептің басты нысанасы Түркияның қоршауға алынып, шектемеге ұшырауы болып табылады.  Осы тұрғыдан аталған елдер Грекия және Понти әкімшілігімен жаңа бір одақтастық құрып отыр.  Соңғы кезеңде Біріккен Араб Әмірліктері мен Грекия әскери жаттығуын осының дәлелі деуге болады.

Аталмыш топтың басты нысанасы  Түркияны қоршау және шектемеге ұшырату. «Қоршау – Түркияға қарсы геосаяси блоктың Түркияның қозғалыс алаңын тарайту арқылы саясаттарын атқаруы.  Шектемелер – Түркияның әскери күшін әлсіретіп, әскери әсерін азайтуы» ретінде түсіндіруге болады.

Қоршаудың алғашқы факторы Түркияны тепе-теңдікке келтіру үшін халықаралық коалиция ұйымдастыру.  Осы мағынадан алғанда Грекия медиасында Түркия Қырғиқабақ соғыс жылдарындағы Кеңестер Одағына ұқсатылады. Қоршаудың екінші сатысы Жерорта теңізінде геосаяси және гео-экономикалық күрес қалыптастыру. Осы түйінде Түркияның           Ливия мен Жерорта теңізіндегі талпыныстары мазасыздықтарының негізгі себебі болып табылады.

Түркияны қоршауға алу үшін құрылған одақтастықта Грекия көш басшысы, Франция қиқар мінезімен рол іздеген актер ретінде ортаға шығып отыр. Макронның Левантта өзіне тың мекен қарастыруын да осы бағыттағы қадам деуге болады. Франция Еуропада қалыптасқан бостықты бұрынғы күшін жинау арқылы толтыру және осы күшпен Германияға қарсы жаңа да тың мәртебеге жетуге талпынуда.

Грекия өте қарапайым сылтаулармен әрекет жасауда. Түркия орталығына орналастырылған «Идеологиялық» Эллиндік стратегиясын ескермесек, нысанасы Түркияның қарсысында жалғыз қалмау үшін көп тарапты бір коалицияның бөлшегі ретінде өзін көрсету болып табылады. АҚШ, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Франция, Сауд Арабиясына үнемі жарамсақтануының себебі де осы.  Түркиямен жекпе-жек қалу ықтималы Грекияның үрейін ұшыратын сценарийдің қайта жазылуына себеп болуы әбден мүмкін.

Шектемеге ұшырату стратегиясы әскери мүмкіндіктерді қамтиды. Осы тұрғыдан АҚШ-Грекия қорғаныс ынтымақтастығы талпынысы Түркияны әскери жақтан тепе-теңдікте ұстау мақсатында екені айқын. Осы аяда АҚШ-тың соңғы кезде басқан қадамдарын ескере кеткен жөн. Критте орналасқан Суда Әскери базасының кеңейтіліп, замандастырылуы,  Лариса әуежайының жаңалануы, Стефановикеио Әуе базасы күшінің арттырылуы, Дедеагаш портының жаңалануы сияқты дамулар аталмыш қадамдардың бастылары болмақ. 

Сонымен бірге АҚШ-тың  F-35 ұшағымен қамдау жөнінде Грекияға көз қысуы, Грекияның Франциядан 8-і сыйлық 18 дана Рафал типті әскери ұшағын алуы сияқты  тақырыптар да Түркияны әлсіретуге бағытталған талпыныстар арасында орын алуда.

Сонымен бірге Вашингтон әкімшілігінің Понти тарапына бағытталған қару эмбаргосын жойғанын жариялауын да тізімге тіркеген жөн.  Алайда осы тұрғыдан қазірше АҚШ-тың Понти тарапына ауыр қарулар беруі күтілмеуде. Осындай бір қадамның Түркиядан айырылу және Кипр жөнінде түрік мүмкіндіктерінің іске асырылуы мағынасына келетіні баршаға аян. Бұл жағдайда 1997 жылғы дағдарысты еске салуға болады.  Понти әкімшілігінің Ресейден  S-300 зымыран қорғаныс жүйесін алу талпынысында Түркияның әрі аралдың жолын тосу, әрі күрес жасау ықтималын бір уақытта іске қосуы себепті Понти әкімшілігі зымырандарды Грекияға беруге мәжбүр қалған болатын.

Түркияның қоршауға алынуы мен шектемеге ұшыратылуы қазірше саяси бір жоба. Жобаның атқарылуы ең ауыр зиянды НАТО-ға береді. Шығыс Жерорта теңізі осы тұрғыдан маңызды сынақ алаңдарының біріне айналды. Шығыс Жерорта теңізі бұдан былай геосаяси, гео-экономикалық және әскери дағдарыстарға жиі-жиі сахна болады. Аталмыш дағдарыста белді бекем байлаған және сабырлы болған тарап жеңіске жетеді.



Ұқсас жаңалықтар