Апталық Анализ 35

Түркияның табиғи газ табуы

1481176
Апталық Анализ 35

 

 

Түркияның өткен апта Қаратеңіз су айдынында табиғи газ резервтерінің табылғанын жариялауы ел іші және барша әлемнің күн тәртібінде орын алды. Президент Режеп Тайып Ердоған жасаған мәлімдемесінде «"Фатих" бұрғылау кемеміз 2020 жылы 20 шілде күні бастаған Tuna-1 табиғи газ құдығы бұрғылау жұмыстарында 320  миллиард текшеметр мөлшерінде табиғи газ резерві табылды. Бұл жұмыстар толығымен отандық мүмкіндіктермен жүзеге асты. Құдықтан алынған ақпараттық мағлұматтар аталмыш аймақта жаңа табиғи газ резерві бар екенін көрсетуде. Нысанамыз 2023 жылы Қаратеңіз табиғи газын ұлтымыздың қолданысына ұсыну» деді. Баршаға аян Түркия энергияда 99 пайыз деңгейде шетелге тәуелді. Аталмыш тәуелділіктің ең маңызды бір бөлімін құраған табиғи газда Түркияның жылдық тұтынуы мөлшермен 50 миллиард текшеметр. Қаратеңізде табылған газдың қазірше тек Түркияның 7 немесе 8 жылдық қажеттілігін қамтамасыз ететін деңгейде болғаны пайымдалуда. Алайда бұл Түркия тарихының ең үлкен табиғи газ табуы және әлемде табиғи газ табулары арасында 12-ші орынды иелеуде.

 

 

Түркияның энергиядағы шетелге тәуелділігі көптеген елмен тепе-тең бір қарым-қатынас жасауын мәжбүр етуде. Түркия 50 миллиардтан көп ақша жұмсауына және әр жылы энергияға төлеген ақша көлемі салдарынан ұттық бюджеттің кемдігіне апарып соғуда. Сондықтан Қаратеңізде табылған табиги газ резерві мемлекеттің қазірше аз көлемдегі энергия қажеттілігін қамтамасыз етсе де Түркияның энергия саясаттарына қатты ықпал жасайтын жаңа бір серпіліс жаратуда.

Бұл серпілістің басында энергия түрлілігі орын алуда. Түркия ұзақ жылдан бері энергия ресурстарында түрлендіру саясатын ұстанып келді. Жел энергия және күн энергия сынды жаңалануға болатын энергия ресурстарын өз инвестицияларымен арттырған Түркия судың күшіне негізделген энергия байлықтарында маңызды бір деңгейге жетті. Қаратеңізде табиғи газ іздеу жұмыстары жалғасқан жағдайда Түркияның табиғи газы маңызды бір альтернатива энергия байлығына айналуы мүмкін.  

Энергия түрлендіру саясатының бір басқа жолы болса табиғи байлықтары бар елдердің көптігі   болып табылады. Бұл жердегі мақсат тек бір ел немесе тек бір энергия ресурстарына тәуелді болудан құтылу. Қаратеңізде табиғи газдың табылуы Түркияның қолын күшейтіп, ресурстардың түрлендіру тақырыбында тіпті еркін әрекет етуіне мүмкіндік беруде.          

Тағы бір маңызды жағдай да энергия қауіпсіздігі және энергия талабында Түркияның орнының ерекшелігі. Түркия энергия трансфері тақырыбында ең маңызды елдердің бірі қатарында орын алуда. Түркияның ең маңызды мүмкіншіліктері арасында болса тұрақты бір жүйеге ие болуы. Түркияның төңірегінде жалғасқан қақтығыстар, энергия ресурстары, әлеуеттік энергия резервтері назарға алынғанда бұл жүйе тіпті маңызды болуда. Қаратеңіз табиғи газы Түркияның транцит-өткел ел болу орнын әрі тіпті күшейтеді, әрі өзін бір энергиясы бай елге айналдырып, энергия қауіпсіздігіне жаңа бір мүмкіндік қосуына себеп болады.       

Халықаралық энергия геосаясатында Түркияның Қаратеңіз табиғи газымен бірге бір энергия актері болуына да көкжиек ашуы мүмкін. Бәсеке қатты болған халықаралық энергия нарығынан сатып алу бағалары тақырыбында мүмкіншіліктері аз болған Түркия егер Қаратеңіз газын жалғастыруға болатын бір энергия байлығына айналдыра алатын болса, онда энергия саудасында үлкен мүмкіншіліктеріне ие бола алады. Бұл мүмкіншілік Түркияның жаңа кезеңде басқа ролдеріне қоса энергия күшінің болуына апарып  соғады. 

Сыртқы саясатта соңғы кезеңде аймақтық деңгейдегі бір топтасу алдында жалғыз қалған Түркия бір энергия күшіне айналған жағдайда сыртқы саясаттағы белсенділігін арттыра алады.    Қаратеңізде табиғи газдың табылуы қазірше Түркияның бір энергия алпауыты болуы үшін жеткілікті емес. Алайда энергия күші болу тақырыбындағы белсенді саясаттарында жеткен үлкен бір бастама түйіні. Табыстары жалғасқан жағдайда Түркия үлкен бір энергия күші болуы мүмкін. Сондай-ақ осы жағдайда аймақтық геосаясатта түбегейлі өзгеріске себеп болуы мүмкін.      



Ұқсас жаңалықтар