Апталық Анализ 33

Түркияның Жерорта теңізіндегі мүдделері

1473428
Апталық Анализ 33

 

Шығыс Жерорта теңізінде соңғы апталарда болған келіспеушіліктер барған сайын шиеленісті. Түркияның Ливиямен жасаған келісімі және одан кейін Ливияда алған рөлімен басталған бұл келіспеушілік Грекия мен Мысыр арасында қол қойылған келісіммен толыққанды бір бәсекеге айналды. Бұл бәсеке тек Түркия мен Грекия арасында ғана шектеулі емес. Ресей, АҚШ, Франция, Италия және басқа аймақ елдері де Жерорта теңізі үстінде экономика, саяси және әскери бір бәсекеге кірді. Түркия болса барлық мүмкіншілік және қабілетімен өз мүдделерін қорғауға тырысуда. Сондықтан Жерорта теңізі Түркияның сыртқы саясатында және қауіпсіздік саясатында барған сайын маңызды бір түйінге айналды.

 

Түркияның стратегиялық мәдениетінде Жерорта теңізі геосаяси және геостратегиялық жақтан үш аймаққа бөлінуде. Біріншісі Шығыс Жерорта теңіз көлемінде Левант асты аймағынан құралуда және орталығында Кипр орын алуда. Тарихи тұрғыдан стратегиялық орны себепті маңызды болумен қатар, енді Кипрдің маңыздылығы геоэкономиканың орталығына қарай бет алуда. Табиғи резервтерінің табылуы және Түркияны қақпайлауға тырысқан жаңа бір одақтас жүйесінің геоэкономикалық іргетастың қалануына ұмтылуы, Сирия дағдарысы, Ливан және Палестина мәселесі назарға алынғанда Шығыс Жерорта теңізінде Түркияның орны тіпті маңызды болуда. Бұл жағдай Түркияның арал көлемінде жаңа бір қорғаныс және қауіпсіздік стратегиясын дамытуына апарып соғады. 

Түркияның алдағы жылдарда Солтүстік Кипр Түрік Республикасында бір теңіз күші базасын салуды жоспарлауы, аймақта Қарулы әуе көліктері және Ұшқышсыз әуе  көліктері қабілетін арттыруды көздеуі бұның алғашқы сигнарларының бірі болып табылады. Алайда бұл Түркияның Жерорта теңіз көлеміндегі мүдделерін қорғауы үшін жеткілікті емес. Шығыс Жерорта теңізі көлемінде күш жобасын жасай алатын, жойғыш күші жоғары бір Түркияның дипломатиялық жеңісі үшін негізгі құралдарының бірі ретінде байқалуда.

Екінші стратегиялық аймақ болса, Орталық Жерорта теңізі желісінен құралуда және Түркияның Солтүстік Африка жағалауы желісіне бағытталған саясаттарында қандай  рол ойнайтынын белгілеуде. Ливиямен жасалған келісім Түркияның Жерорта теңіз көлемінде жаңа бір жағдайға әрі үйлесуі, әрі осы геосаясаттың талабына сай бәсекені жалғастыру үшін өте маңызды. Уақыт тұрғысынан кеш болғанымен Ливия талпынысы Түркияның Жерорта теңіз қойнауында бір қорған құрылуына қарсы бір тосқауыл іспетті. Сонымен қатар Түркияны Ливияда шешімнің және келіссөздің бір тарапына айналдырды. Түркияның Орталық Жерорта теңізде орын алуы энергияға негізделген геоэкономикалық бәсекедегі қабілетін арттырады және осылайша стратегиялық қабілетін тіпті де ықпалды қылады.

Түркия-Грекия бәсекесі барысында қалыптасқан және НАТО-ның оңтүстік жағында жаңа бір дағдарыс алаңы болған Батыс Жерорта теңізі геосаясатында болса Түркияның күресуі тіпті  қиындауда. Әсіресе S-400 әуе қорғаныс жүйесі Түркияның қорғаныс күшін арттырды. Түркия осы қабілетімен Грекияның әскери күшімен тепе-тең болды. Сондықтан болса керек, Грекия  Түркияға қарсы бір одақтас жүйесін құру арқылы Жерорта теңіз қойнауында Түркияның әрекетін тосуға тырысуда. Мысырмен жасалған келісім осы тепе-теңдік талпынысының бір үлгісі болып табылады. Енді бір жағынан АҚШ-тың әскери жақтан инвестиция салатыны ашық байқалуда және ықпалын алдымыздағы кезеңде арттыратыны күтілуде. АҚШ-тың әсіресе Грекияда орын алған кейбір базасын күшейтуі бұның дәлелі. Сонымен қатар Оңтүстік Кипр понти әкімшілігіне қарата қару санкциясының күшінен жойылуы тұрғысында АҚШ тарапынан басылған қадамдар да Түркияның әскери күшін теңдестіруге бағытталған әрекет ретінде көрілуде.

Түркияның Жерорта теңізінің үш георсаясат аймағында орын алуы жойғыш күшінің арттырылуы, күш жобасын жасайтын мүмкіншіліктері мен деңгейінің көтерілуі және қажетті болған жағдайда батылдықпен әскери күшін қолдануымен ғана болады. Бұл жағдай Түркияның бесекелес және шектеулі бір қауіпсіздік аясында орын алудың ең маңызды жолдарының бірі ретінде көрілуде.

 

 



Ұқсас жаңалықтар