Апталық Анализ 30

Идлибте провокация

1461588
Апталық Анализ 30

 

 

Сирия территориясында қақтығыстар болған кезеңдердің өзінде әр сәтте маңызды оқиғалар болуда. Көптеген актер жанамалай немесе тікелей өз мүдделері аясында әскери және саяси әрекеттер жасап, өз іргесін күшейтуге тырысуда. Сириядағы сегіз жылдан бері жалғасқан азаматтық соғыстың тоқтайтын түрі жоқ. Кейбір актерлер өз пайдасы үшін ойын ойнауға тырысса, кейбір актерлер болса әрекет жасап, мемлекеттегі былықпаны ушықтаруда. Соңғы кезеңде Идлибте түрік-орыс ортақ барлау операциясының нысанаға алынуы осының бір айғағы болып табылады. 

Оппозициялардың соңғы қорғаны болған және мөлшермен 3,5 миллион адам өмір сүрген Идлиб режим және қолдаушыларының нысанасына айналды. Қақтығыстарда жүз мыңдаған адам қоныс аударса, мыңдаған адам көз жұмды. Осы шабуылдар ең соңында Түркияның килігуімен доғарылды. Түркия мен Ресей арасында жасалған атысты тоқтату келісімі жүзеге асырылды.  Осы тұрғыдан алғанда түрік және орыс әскерлері стратегиялық маңызға ие M4 автожолы үстінде ортақ барлау операциясын жасады және ақырын-ақырын бұл алаң кеңейтілді.

Идлиб аймағында жүзеге асырылған 20-шы ортақ барлау операциясы Бадамаға жетті. Одан кейін ұйымдастырылған 21-ші ортақ барлау операциясы болса белгіленген жерлердің барлығын қамтыды. Осылайша ортақ барлау операциясының табысты  болуы межеленуде.

Алайда ортақ барлау жерлерінде орыс әскерлеріне қарсы қарулы көліктермен шабуыл жасалды және Түркия мен Ресей келісімге барған ортақ барлау операциялары тамамдалмады.

Бұл шабуылды «Хаттар Шишани» атты бір террор ұйымы мойнына алды. Ұйымның қолданған «Хаттар Шишани» деген аты Ресей тұрғысынан өте мағыналы. Мысалы чечендермен байланысының болғанын пайымдаған бұл ұйым Ресейге тікелей бір сигнал беруде. Әрі Идлибте, әрі Сирияның басқа оппозиция аймақтарында «Хаттар Шишани» атты бір ұйымның болмағанын ойластырғанымызда  маңызды сұрақ есімізге түседі. Ауыз жүзіндегі осы ұйымның «Хураседдин» атты Әл-Кайда үшін шабуыл жасау ықтималы тілге тиек болған кезде, түрік-орыс келісімін бұзуды көздеген үшінші бір актердің болуы мүмкіндігі де еске келуде.

Мысалы Ресей әуе күштері Идлибтегі шабуылдан кейін бірқатар әуе операция ұйымдастырып, Идлибтегі оппозиция жасақтарын бомбалады. Осы операция барысында Баб қаласын да бомбалап, көптеген бейуаз халықтың қаза болуына себеп болды. Ресей әскерлеріне бағытталған шабуылды пайдалана отырып, Түркиямен жақын байланысы болған байсалды оппозицияларды оқтың астына алуы Мәскеу келісімінің қаншама нәзік екенін дәлелдеуде. Сирия территориясында Түркия және Ресейдің ортақ барлау операциясын  бұзуға тырысқан тікелей және жанамалай актерлердің бос тұрмағаны, сондай-ақ провокациялық әрекеттер арқылы процеске кедергі болуға тырысқаны тағы бір рет паш етілді.



Ұқсас жаңалықтар