Апталық Анализ 29

Төрт жылдан кейін 15 шілде

1457067
Апталық Анализ 29

 

 

2016 жылы 15 шілде күні сайланған үкіметті құлату үшін Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) тарапынан ұйымдастырылған табыссыз әскери төңкеріс әрекетінен бері төрт жыл өтті.

Төңкерістің табыссыз болуының артқы жағында көптеген себеп бар. Бұлардың ең бастысы халықтың төңкерісті болдырмау үшін көшеге шығып, төңкерісшілердің алдында қорықпай тұруы еді. Қорыта айтқанда халық жеңіске жетті, төңкерісшілер мақсатына жете алмады. Саяси органдардың теңкерістерге қарсы қатал тұғыр ұстануы да төңкерістің табыссыз болуының артқы жағында орын алған басқа бір маңызды себеп болып табылады. Мысалы 2007 жылы 27 сәуір күні Түрік Қарулы күштерінің үкіметке бағытталған қатал мәлімдемелеріне халық жетекшілері қатал наразылық көрсетіп, жасалған мәлімдемелердің әскери міндет шегінен асқан бір әрекет екенін білдірді. Бұл тұғыр халық саясатының тіпті күшеюіне себеп болды және халық пен әскер қарым-қатынастарының демократияласу тұрғысынан тарихи бір кезеңнен асты.

15 шілдеден кейін түрік ішкі және сыртқы саясатында көптеген маңызды жаңалықтар болды. Ішкі саясатта төңкеріс әрекетінен кейін дереу басталған FETÖ-ден тазалану процесі табысты түрде басқарылды. Қауіпсіздік басқармасы секілді әділет, денсаулық сақтау және білім беру сынды маңызды салаларда FETÖ-мен байланысы болған адамдар міндетінен алынды. Көбінің де тергеліп, қылмысты болғаны анықталды. Бұлардан ең маңыздысы Түрік Карулы күштерінен шығарылған адамдар еді. Маңызды міндет атқарған әскери қызметкерлер міндетінен алынып, армиядан аласталды. Осыған ұқсас қауіпсіздік басқармасында міндет атқарғандар және  FETÖ-мен байланысы болған мыңдаған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.

15 шілдеден кейін қауіпсіздік секторында жасалған реформалар да өте маңызды еді. Осы аяда Жандармерия және Жағалау қауіпсіздік басқармалары Ішкі істер министрлігіне қарасты болды. Бас штаб төрағасының қарулы күштер қолбасшыларының үстіндегі рөлі ауыстырылып, Ұлттық Қорғаныс министрлігі тіпті күшейтілді. Қауіпсіздік бюрократиясының FETÖ-ден тазалануының және қауіпсіздік секторы роформасының алғашқы нәтижесі террормен күресуде байқалды. Ішкі жақта PKK-ға қарсы тіпті ықпалды бір стратегияны жүзеге асырса, шетелде әсіресе Сирияда ДАИШ-ке қарсы «Евфрат қалқаны» операциясын бастап, әрі мемлекет ішіндегі және әрі шетелдегі террор ұйымының  ықпал алаңын күйретті.

Ішкі саясатта болған оқиғалардың бірі  өте маңызды еді. 2017 жылы 16 сәуірде өткізілген бір референдум арқылы Түркияда үкімет жүйесі өзгеріп, Президенттік басқару жүйесіне өтті. Осы өзгеріс арқылы парламент жүйесі аяқталды. Одан кейін өткізілген алғашқа сайлауда Түркия жаңа жүйені толыққанды түрде атқара бастады.

Сыртқы саясатта болса 15 шілде күні бір бетбұрысқа себеп болды. 15 шілдеден бұрын үкімет күшті армиясын Сирия дағдарысына себеп болған қауіпсіздік мәселеселерін доғару үшін қолдануда әлсіз қалды. Ал төңкеріс әрекетінен бір айдан кейін үкімет Сирияда ДАИШ террор ұйымына қарсы әскери бір операция ұйымдастырды. Осы операцияның нәтижелері Түркияның Сирия саясатында да жаңа бір көкжиекке кірудің белгісі еді. «Евфрат қалқаны» операциясы арқылы ДАИШ-ті шекарадан тазалаған Түркия террор ұйымы PKK-ның Евфрат өзенінің батысында болуына мүмкіндік бермеді. Мысалы «Евфрат қалқаны» операциясынан кейін ендігі нысана тікелей PKK болды. 2018 жылы 20 қаңтарда басталған «Африн» операциясымен PKK Африн аймағынан шығарылды. Осылайша Түркия Сирия дағдарысында тіпті белсенді рөл ойнай бастады. 2019 жылы қазан айында жасалған «Бейбітшілік бұлағы» операциясы арқылы Түркия PKK-ны Евфраттың шығысында да нысанаға алды. Түркия осылайша PKK-ның Сирияда ықпалды болуының және солтүстікте бір мемлекет құруының алдын алды. Идлиб дағдарысының шешілуі үшін де күшін қолданған Түркия 2020 жылы наурыз айында Сирия режиміне Идлибте қатты соққы жасады. Осы әскери операциялар Түркияның 15 шілде күнінен кейін дипломатия үстелінде тіпті ықпалды болуын қамдады.

Бұл шаралардың ең маңызды болған алаңы да Ливия. Ливия дағдарысында 2011 жылынан бастап дипломатиялық әдіс таңдаған Түркия 2019 жылы 4 шілде күні Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан мойындалған заңды Триполи үкіметін құлатуға тырысқан Хафтерге қарсы Ұлттық келісім үкіметін қолдады. Осы аяда Ұлттық келісім үкіметімен бір келісім жасап, Хафтер күштерінің Триполиді басып алуына кедергі болды. Одан кейін болса, Хафтердің кері шегінуін мәжбүр етіп, Ливия арқылы аймақта жүзеге асыруға тырысқан ойынды түбегейлі бұзды.

Қорыта айтқанда, 15 шілде көптеген тұрғыдан Түркия үшін бір бетбұрыс еді. Ішкі саясатта ықпалын күшейткен Түркия сыртқы саясатта да тіпті белсенді және тәуелсіз әрекет ете бастады. Әрине бұл әрекеттер Түркияның бәсекелестерінің тіпті көп араласуына себеп болды және Түркия әсіресе Таяу Шығыста геосаяси бір қысымға ұшырады. 15 шілдеден кейін Түркияның батыс және әсіресе АҚШ-пен қарым-қатынастары дағдарысқа ұшырады.

15 шілде оқиғасынан төрт жыл өткенен кейін Түркия көптеген қиыншылыққа душар болды. Аталмыш қиыншылықтарды жеңу үшін оған қажетті энергия қамтамасыз етуде. Бұл энергияны сенімді, сыртқы саясатта ықпалды және мықты демократ бір Түркия үшін бір орай деп қараған жөн.

 

 



Ұқсас жаңалықтар