Апталық Анализ 27

Ливияда күш бөлісу

1449072
Апталық Анализ 27

 

 

Ливияда Ұлттық келісім үкіметі арт-артынан үлкен табыстарға қол жеткізді. Осыдан кейін барлық тараптардың орны қайтадан белгілі бола бастады. Қазір Триполидің қауіпсіздігі дау-дамай тақырыбы болудан шықты. Ұлттық келісім үкіметіне қарсы жасалған құқайлар да жоғалды. Ұлттық келісім үкіметі бұл табыстарға негізінен Түркияның қолдауымен жетті. Ұлттық келісім үкіметі бір жағынан заңдылығын бекімдеп жаңа табыстарға қол жеткізуге тырысса, енді бір жағынан осы қолдаумен мемлекеттің қайтадан салынуына дайындықтар жасауда.

Хафтер күштері болса, шабуыл жасау емес, өзін қорғаумен шектеліп қалды. Хафтер үшін қазіргі күшін қорғап қалу басты нысанаға айналды. Енді бір жағынан Хафтер қолдаушыларының күресте жеңіске қол жеткізген тарапта болуы қиялы босқа кетті. Бұдан кейін жеңілетін тарапта болмауы үшін зияндарын азайту бағытына бет алды. Сондықтан Ұлттық келісім үкіметінің әскери жорықтарын тоқтату үшін атсалысуда. АҚШ болса Ұлттық келісім үкіметі жағында болып, белсенді тұғыр ұстана бастады.

 

Соңғы оқиғалар аясында Ливияда қалыптасқан территорияны бақылау астына алу нақтылы емес, уақытша бір жағдай. Алайда оқиғаның қайсы бағытқа бет алатыны, тараптардың жасырын немесе ашық түрде жариялаған қызыл сызықтары және осы сызықтардың қалай шешілетініне байланысты. Ұлттық келісім үкіметі және оны қолдаған ең маңызды актер Түркия үшін қызыл сызықтар Сирт пен Джуфраны қамтиды. Алайда осымен ғана шектелгелмейді. Мақсат айқын: Төңкерісшіл сарбаз топтарының және ақылы әскерлердің бақылау астына алған территориялардан шығарылуы және Ливия көлемінде мемлекеттік биліктің орнатылып, саяси және экономикалық тұрақтылықтың қалыпқа түсуі. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында дипломатиялық және саяси келіссөзддер жалғасуда. Бірақ қажет болған жағдайда әскери күш қолданылуда.

Хафтер жеңіліске ұшырағаннан кейін жеке өзі қызыл сызық белгілей алмай қалды. Қызыл сызықтарды оның орнына тікелей немесе жанамалай түрде қолдаушылары сызуда. Мысалы Ресей Ливияда ресми түрде әскери жасақтарының болмағанын алға тартса да, «Вагнер» арқылы құрған базаларымен қатар Ұлттық келісім үкіметінің Сирт және Джуфраны бақылау астына алуын тосу үшін соңғы кезеңде Хафтер күштеріне соғыс ұшақтарын көмекке  жіберген.

Франция болса, Хафтерден талай жылдан бері жасаған инвестицияларының қарымжысын ала алмайтынын байқаған соң кем дегенде бір бөлімін құтқару үшін аттанысқа кірді. Бір жағынан атысты тоқтату үндеуін қайталаса, енді бір жағынан Хафтердің жеңілісінде ықпалды болған Түркияға қарсы тіл тигізуде. Мақсаты Түркияны Ливия процесінен шығарып тастау. Францияның осы тұғырында күдіксіз Ливиямен қатар Шығыс Жерорта теңізіндегі күш бәсекесінде жеңіліске ұшыраған геосаясаттың да ықпалы бар.

Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы болса, осы процесте алға көп шықпауға тырысуда. Көбінесе Мысыр және Араб Одағы арқылы Ливиядағы шығындарды азайтуға талпынуда. Осы түйінде Мысырдың Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясымен болған экономикалық және саяси тауелдігінің де ықпалымен соңғы оқиғалар алдында тіпті тікелей бір тұғыр көрсеткенін айтуға болады.

Сиси әкімшілігі Ұлттық келісім үкіметі күштерінің Ливияның батысын түбегейлі түрде бақылау астына алғаннан кейін Сирт пен Джуфраны алуға бағытталған «Жеңіс Жолы Операциясын» бастаған 6 маусымда аттанысқа кірді. Сиси әкімшілігі дәл сол күні Хафтер және Акиле Салихпен бірге Каирда жиналып, атысты тоқтату үндеуін жасаған және саяси процес бастауды ұсыныс еткен еді. «Каир Декларациясы» атымен жасалған осы ұсынысқа барлық Хафтер қолдаушылары да қолдау көрсетті. Ұлттық келісім үкіметінің Сирт және Джуфраның азат болуынан бұрын атысты тоқтатудың болмайтынын жариялауына және осы аймақтарда операция дайындығының жалғасуына орай Сиси 20 маусымда Сирт және Джуфраны Мысырдың «қызыл сызығы» ретінде жариялаған. Сиси сонымен қатар осы аймақтан кетпеген жағдайда Ливияға әскери жақтан килігетінін білдірген.

Қазіргі түйінде Ливиядағы және аймақтағы күш бөлісуінің қайтадан белгіленетіні айқын. Алдымыздағы күндер Ливияның тағдырын белгілейтін жаңалықтарға куәгер болады. Ливиядағы оқиғалар шүбәсіз аймақтағы жаңалықтарды да белгілейді.

 



Ұқсас жаңалықтар