Апталық Анализ 23

Жиһандық бетбұрыстағы қиыншылықтар

1430516
Апталық Анализ 23

 

 

 

 

Жаңа коронавирус індеті барша әлемді дүр сілкіндірді. Бұл індеттің АҚШ-тағы ереуілдермен бірге тіпті де кең қанат жайғанын байқаудамыз. Кейбір мамандардың көзқарасына қарағанда бұл індет Екінші Дүниежүзілік соғысынан осы таңға дейінгі ең үлкен және кең қанат жайған халықаралық  бір дағдарыс болып табылады.

Дағдарыс адамдардың денсаулық сақтауымен байланысты болғанымен халықаралық саясаттың басты күн тәртібіне айналып, әлем жүйесі қайтадан дау-дамайға айналды. Кейбіреулер індеттің Қытай басшылығындағы жаңа бір әлем жүйесін жарыққа шығаратынын алға тартса, кейбіреулер АҚШ лидерлігінің жойылуын тездететінін пайымдауда. Ал енді кейбіреулер індеттің жаһандануды доғаратынын айтса, кейбіреулер болса жиһандық ынтымақтастық үшін жаңа бір кезеңнің басталатынын межелеуде.

Пайымдаулар осылармен ғана шектеулі емес. Індеттің жиһандық деңгейде ұлтшылдықты күшейтетіні, жиһандық сауда желілерін азайтатыны және түрлі елдерде энергия өзгерістерінің болатыны жорамалдануда.

Осы кең көлемді өзгеріс толқыны халықаралық саясатқа әсерін тигізеді. Алайда коронавирус індетінің жиһандық деңгейде түбегейлі бір өзгерістің болатынын алға тарту өте қиын. Қазіргі дағдарыс жиһандық күш тепе-теңдігінің қайтадан бөлісумен байланысты мәселелерден гөрі жиһандық билеуші күш бетпе-бетке келген бір дағдарыс ретінде жарыққа шықты және осылай жалғасты. Бұл дағдарыс қазіргі жиһандық жүйенің бетбұрыс процесіне тіпті қатты қысым болады. Сонымен қатар коронавирустан кейін әлем әрі жаңа бір Қытай бейбітшілігіне, әрі АҚШ бейбітшілігінің қайтадан көтерілуіне куәгер болмайды. Керісінше екі күш те бір-бірімен бәсекелесу барысында әлсірейді. Сондай-ақ тепе-теңдік ішіндегі бір әлем жүйесінің жарыққа шығуына үлкен бір орай туады. Ең маңыздысы АҚШ пен Қытай арасында болған геосаяси және экономикалық күрес одан ары ушығады. Осыған байланысты   халықаралық жүйенің жалпы ерекшелігі және аймақтық астыңғы жүйеде болған геосаяси бәсеке жаңа кезеңде басқаша болады.

Халықаралық деңгейде дағдарыс нақтылы түрде экономикада жиһандық көлемінде бір таралу және кішірею байқалады. Жиһандық экономикадағы жақсару және қалпына келу процесі болса, індеттің қашан аяқталатынына байланысты ұзартылады.

Енді бір жағынан АҚШ пен Қытай арасындағы бәсеке кейбір геосаяси мәселелердің туылуына апарып соғады. АҚШ-тың Қытайға қарсы қатал бір тұғыр ұстанып, тіпті шабуылшы бір стратегияны белгілеуі Азия-Тынық мұхит шеңберінде геосаяси және қауіпсіздік мәселелердің ұлғаюына себеп болады. Сондай-ақ АҚШ-тың кейбір халықаралық ұйымнан шегініп, жиһандық деңгейде ушыққан билік мәселелерінің тіпті де көбеюіне апарып соғады.

Қытайдың да осыған ұқсас АҚШ-тың стратегиясына тойтарыс бере алатын жаңа бір стратегияның белгілеуімен бірге Азия-Тынық мұхит шеңберіндегі белгісіздіктер тіпті көбейеді.

АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекенің басқа аймақтық астыңғы жүйелерге болымсыз ықпал жасауы да ықтимал ішінде орын алуда. Сондықтан Еуропа Одағы, Транзит Атлант қарым-қатынастары, Орташығыс және Оңтүстік Азия көлеміндегі стратегиялық бір толқыны болуы мүмкін. Алайда бұлар әлем жүйесінің аяқталуын жариялау үшін жеткілікті емес.

Коронавирус індетінің әлемді қалай өгзертетіні АҚШ-та қандай жағдай болатынымен тікелей байланысты. Соңғы ереуілдермен бірге пайда болған дағдарыстар АҚШ-тың жиһандық лидерлігін әлсіретеді. Коронавирустың ықпалымен жаңа бір саяси іргетасы қалануда. Бұл іргетас Америкада нәсілшілдікке қарсы ереуілдер ретінде жарыққа шықса, басқа аймақтарда түрлі себептер салдарынан да жарыққа шығуы және таралуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар