Апталық Анализ 22

Түркияның қауіпсіздік жүйесі

1426116
Апталық Анализ 22

 

 

15 шілде күнгі табыссыз төңкеріс әрекетінен кейін президент Режеп Тайып Ердоғанның лидерлігінде Түркия ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа бір жүйе ұстанды. Түркия көздеген мақсатына жету жолында алдына көптеген қауіп және кедергілер шықты. Осы жағдайда Түркия шекара тысы оперция ұйымдастырып, бірқатар елдермен әскери ынтымақтастық жасап базалар құрды. Сонымен қатар мығым қадаммен ілгерілей отырып, өз аймағында үлкен бір әскери күш болды. Түркия қорғаныс өнеркәсібіне инвестиция салу арқылы өз әскери қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар маңызды бір экспортшы елге айналды.

 

Түркияның ұлттық қауіпсіздік түсінігінде және аймақтық саясатында әсіресе 15 шілде күнгі табыссыз төңкеріс әрекетінен кейін түбегейлі өзгерістер болды. Бұл жерде төңкеріс әрекеті жасалуы барысында әрі PKK, әрі ДАИШ террор ұйымы Түркияны нысанаға алды және Сирия тепе-теңдігі де күн тәртіпке келді. Түркия өзіне төнген осы қауіптерді жою жөнінде қауіпсіздікке байланысты жаңа бір жүйені ұстанды. Осы тұрғыдан алғанда төңкеріс әрекетінен кейін Түркия  дереу «Евфрат қалқаны» операциясын бастады. Осы аяда Сирияның іші Азезден Джераблус, оңтүстік-шығысы Баб қаласы да қамтыған кең алаңжы  ДАИШ және PKK-тан құтқарып, қауіпсіз бір аймақ құрды.

Түркия PKK террор ұйымының Сирияда ДАИШ-пен күресу көрінісі жапсарында АҚШ бақылауында бір террор мемлекет құру талпынысының болғанын байқап, бұны тосу үшін тікелей қадам баса бастады.  «Евфрат қалқаны» операциясынан кейін «Зәйтүн бұтағы» операциясымен Африн, «Бейбіт жоспары» операциясымен Тель-Абияд және Ресулайн сынды аймақтар Сирияда террордан құтқарылды. Осы операцияларға Түрік Қарулы күштерімен қатар Түркияның жаттықтыруынан өткен сириялық оппозиция топтары да қатысты. Түркия тағы да Идлиб аймағында «Көктем қалқаны» операциясын жасап, аймақтағы гуманитарлық дағдарысты доғаруға және жаңа бір босқын толқынын тосуға тырысты. Түркия Ирактың солтүстігінде де шекара тысы операцияларын жалғастырды. Табанды операция арқылы PKK террор ұйымының аймақтағы күштерін күйретті. Түркия ұлттық барлау ұйымы арқылы PKK-ның жоғарғы деңгейдегі басшыларын Ирак-Сирия желілерінде залалсыздандыруда. Түркия барлық әскери операцияларда өз қорғаныс өнеркәсібі тарапынан дамытылған ұшқышсыз әуе көліктері секілді құрлық және әуе көліктерін өте ықпалды түрде қолданды. Дамыған әскери жабдықтары тұрғысынан Түркия маңызды деңгейге жетті.

Түркия Ирак-Сирия желісінде операцияларын жалғастырса, енді бір жағынан Ливияда Ұлттық келісім үкіметімен әскери бітімгерлік жасап, осы елде маңызды бір әскери күш деңгейіне жетті. Сонымен қатар Катарда әскери база құрды. Сомалиде мемлекеттік құрылысстарын қайтадан салуда. Түркия жаңа бір әскери жүйесімен енді тек бір жұмсақ күш болуымен қатар маңызды айбарлы бір әскери күш деңгейіне жетті. Жергілікті қорғаныс өнеркәсібімен өз қару жүйелерін өндіре алатын бір күшке айналды.

 



Ұқсас жаңалықтар