Апталық Анализ 21

Ливияда жеңіс жақындады

1422377
Апталық Анализ 21

 

 

Ливияда ұзақ уақыттан бері жалғасқан қақтығыстар алғаш рет Ұлттық келісім үкіметінің пайдасы жағына бет алса, генерал Хафтерге қарасты күштер баьыс Ливия секілді көптеген аймақтан шегіне бастады.

 

Ливия территориясында болған бұл жаңалықтардың ең басты себебі әрине Түркияның Ливия ұлттық келісім үкіметіне жасаған қолдауы болып табылады. Түркия мен Ливия ұлттық келісім үкіметі арасында жасалған әскери ынтымақтастығы және машықтандыру келісімінен кейін, Түркия Қарулы күштері Триполи және Мисратада міндет атқара бастады. Сондай-ақ жасаған әскери операциялары арқылы да Ливия ұлттық келісім үкіметіне әуе базасын қайтарып алып берді.

Генерал Хафтерге қарасты күштер Біріккен Араб Әмірліктері, Франция және Ресей секілді елдердің қолдауымен Ливияның маңызды бір бөлігін басып алғаннан кейін Триполиді жаулап алуға тырысқан еді. Ливия ұлттық келісім үкіметін Біріккен Ұлттар Ұйымы саяси жақтан мойындаған еді. Түркия болса 2011 жылынан бастап, Ливия ұлттық келісім үкіметіне әскери жақтан да қолдау көрсете бастады.

Түркия килікпеген жағдайда Ливияда да Мысырдағы сияқты бір әскери диктаторлық режимінің құрылатыны баршаға аян еді. Осы жағдайда Түркия әрі Ливия халқының, әрі Түркияның ұлттық мүддесі үшін әрекет жасауға шешім жасады.

Ливия ұлттық келісім үкіметімен жасалған әскери келісімінен кейін Түрік Қарулы күштеріне қарасты әскерлері Триполи мен Мисратада міндет атқарды. Түрік әскерлері Ливия ұлттық үкіметінің күштерін әскери жақтан жаттықтырды және және әскери жабдықтармен қамтамасыз етті. Хафтер күштерінің әсіресе әуе үстімділігіне ие болуы Ливия ұлттық келісім үкіметін қиын жағдайға апарып соққан кезде, Түркия әуе қорғаныс жүйелері және  электроникалық соғыс жүйелерімен әуе үстемдігін қайтадан Ливия ұлттық келісім  күштерінің қолына өтуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар «TB2» ұшқышсыз әуе көліктері арқылы алдыңғы шептерде Ливия ұлттық келісім үкіметінің Хафтер жасақтарына қарсы үстіндік орнатуына жағдай жасады.

Түркияның өз ұлттық мүмкіндіктерімен дамытқан қару-жарақтарын және әрі террор ұйымы PKK-ға қарсы, әрі Сирия секілді қақтығыс алаңдарында қорытындылаған тәжірибелерін Ливияға бергені байқалуда.  Осы тұрғыдан алғанда қарулы ұшқышсыз әуе көліктері Ливия территриясында Ливия ұлттық келісім үкіметі әскеріне қолдау берді және Біріккен Араб Әмірліктерінің Хафтер күштеріне берген Ресей тарапынан жасалған әуе қорғаныс жүйелерін түбегейлі түрде жойды.

Түрік Қарулы күштерінің қолдауымен Ливия ұлттық келісім үкіметі күштері соңғы апталарда батыс Ливияда Тунис шекарасына дейінгі аймақты қайтарып алып, одан кейін стратегиялық маңызға ие Ватие әуе базасын қолға түсірді. Хафтер күштері қатты әлсіреді. Ал  Ливия ұлттық келісім үкіметі күштері Тархуна және Сирте сынды маңызды қалаларды басып алып жаңа әскери операция бастады.

Генерал Хафтерді қолдаған Біріккен Араб Әмірліктері мен Франция сынды елдер әскери бағытынан алаңдап, саяси шешім жайлы үндеу тастаса, Ливия ұлттық келісім үкіметі күштері маңызды қалаларды басып алғандықтан әскери операциялардан бас тартқысы келмеуде.

 



Ұқсас жаңалықтар