Апталық Анализ 20

Коронавирус және PKK террор ұйымы

1418422
Апталық Анализ 20


 

Террор ұйымдары әрекет жасау үшін әр түрлі мүмкіндіктерді пайдалануға тырысады. Барша әлемді дүр сілкіндірген жаңа коронавирус індеті де террор ұйымдары үшін табылмайтын бір орай болды. ДАИШ Иракта соңғы айларда террор шабуылдарын күтпеген түрде арттырды. Көптеген анализ мамандары ДАИШ-тің артқан террор шабуылдарын 2019 жылынан осы таңға дейін жалғасқан «стратегия өзгерісінің» бір жалғасы ретінде қараса да коронавирус індетінің ДАИШ-тің жұмысын оңайластырғанын айтуға болады. ДАИШ-пен қатар террор ұйымы PKK да әрі Сириядағы, әрі Түркиядағы террор шабуылдарын соңғы айларда арттырды. Сирияда өткен апта Афринде бейуаз халықтарды нысынаға алған PKK кейінгі аптада Түркияны нысанаға алуды жалғастырды. Сондай-ақ ең соң Ван қаласында коронавирусқа орай жәрдем таратқан халықты нысанаға алды. Бұл жағдайда PKK-ның коронавирус індеті салдарынан жарыққа шыққан белгісіздіктен пайдалана отырып, жаңа бір стратегия арқылы пайда түсіруді ойластырғаны баршаға аян.

 

Террор ұйымы PKK жан-жақтылы бір стртегеия ұстануда. Осы стратегиясының біріншісі PKK-ның Еуропада індет арқылы жасаған пропагандасы болып табылады. PKK-ның Еуропа елдеріндегі жалғастары «Коронавирусқа қарсы  Еуропа координациясы» атты бір жүйемен коронавирус шеңберінде жаңа бір пропаганда желісін құрды. Осы жүйенің нысанасында қарттар, ұзаққа созылған науқастар және бас сауғалау лагерінде болған адамдар орын алса, әлеуметтік медиа белсенді түрде қолданылғаны байқалуда. Осы аяда PKK әсіресе Еуропаны жаңа коронавирус індеті салдарынан тағы да «жылу жинау кампаниясы»  сылтауымен логистикалық және лобби әрекеттері үшін жаңа бір қаржы қайнары ретінде пайдалануда. Бұл кампанияларды террор ұйымы PKK-ның Еуропа әйел бөлімшелері (TJK-E) және Еуропа азаматтық ұйымы өкілдері (KCDK-E) жүргізуде. Кампанияның орталығы болса, Германияның астанасы Берлинде. Осы аяда PKK Берлинде жаңа коронавирус кампаниясын жүргізу үшін бір жедел дағдарыс үстелі құрылған.

PKK-ның екінші стратегиясын тікелей террор шабуылдары құрауда. 2020 жылы қаңтардан осы таңға дейін  9 террор шабуыл ұйымдастырған PKK осы шабуылдардың бесеуін Түркияда жаңа коронавирус оқиғалары байқала бастаған 2020 жылы 10 наурыз күнінен кейін жасады. Сәуір айында PKK-ның Диярбакырға қарасты бір ауылға жасаған шабуылында болса, тікелей ауылдағылар нысанаға алынған және шабуыл кесірінен 5 адам қаза тапқан еді. Түркия тысында PKK-ның Түркияға бағытталған шабуылдарының нысынасында Солтүстік Иракта орын алған Түрік Қарулы күштері қызметкерлері бар. Мысалы 25 наурыз күнінде екі түрік әскері шейіт болса, 24 сәуірде жасалған шабуылда да бір түрік әскері қаза тапқан еді. PKK-ның осы кезеңде жасаған шабуылдарының барлығы ауылды жерлерде болса, қалаларда террор шабуыл ұйымдастыру мүмкіншілігін таба алмағаны байқалуда. Бұның ең басты себебі Түрік қауіпсіздік күштерінің ауылдық жерлердегі ұйымдастырыу қабілетінің күшті болуында. Осылайша PKK-лық террористтер ауылдық жерлерде мина әдісін қолдана отырып шабуыл жасау мүмкіндігін таба алмауда.

Осыған орай Түрік қауіпсіздік күштерінің террор ұйымы PKK-ға қарсы бағытталған операциялары жалғасуда. 2020 жылы қаңтар-мамыр аралығында Ұлттық барлау ұйымы (MİT) және Түрік Қарулы күштері Түркияның оңтүстігінде және Ирактың солтүстігінде қаңтар айында 44,  ақпан айында 52, наурыз айында 54 және сәуір айында  71 жиыны 221 мемлекет іші және шекара сырты операция ұйымдастырды. Осы операциялардың нәтижесінде тұрмыстық бұйымдар секілді 17 мың 502 байланыста қолданылатын жабдықтар, жеңіл қару қолға түсірілді және 162 террор мүшесі залалсыздандырылды. Ішкі істер министрлігі тармағында орын алған полиция мен жандармерия тарапынан жасалған  мемлекет іші және шекара тысы аймақтардағы операциялары жалғасуда. Ішкі істер министрлігі тарапынан жарияланған санақтарға қарағанда жүзеге асырылған «Қақпан» операциялары нәтижесінде : қаңтар айында 7 мың  998 операцияда 45, ақпан айында 5 мың  584 ауылдық жерлердегі және 1.385 қаладағы операцияда 86, наурыз айында 7 мың 119 ауылдық жерлердегі және 922 қаладағы операцияда 52, сәуір айында 8 мың 163 ауылдық жерлердегі және 252 қаладағы операцияда 34 террор ұйымы PKK мүшесі залалсыздандырылды.

Террор ұйымы PKK-ның соңғы кезеңде Түркияның ықпалды түрде террормен күресуі себепті әрекет ету аймағы шектеулі болғанымен жаңа бір стратегиялық ізденіс ішінде екені баршаға аян. Қазірше іздеген орайды толыққанды тапты деп айту қиын. Індеттен кейін террор ұйымы мүшелерінің ауылды жерлерге баруы және климат пен ауарайының  жақсаруы себепті PKK-ның «жаңа бір стратегияны» жүзеге асыруды көздегені белгілі. Алайда жаңа коронавирустан кейін құрылатын жаңа аймақтық саясат Ирактағы қазіргі жағдай және Сирияда жалғасқан қақтығыс ортада PKK аталмыш нысананы жүзеге асыра алмайды.

 



Ұқсас жаңалықтар