Апталық Анализ 19

ДАИШ коронавирус кезеңінде шабуылын көбейтті.

1413817
Апталық Анализ 19

Соңғы апталарда Ирак және Сирияда террор ұйымы ДАИШ-тің шабуылдары барған сайын өршуде.

Осы өршудің артқы жағында террор ұйымы ДАИШ-тің жаңа бір стратегиясының бар екенін айтуға болады. ДАИШ коронавирус індетін жаңа бір шабуыл ұйымдастыру, жақтаушыларын ынталандыру және Орташығыс, Африка мен Азияда тұрақсыздық жаратуда альтернатива ретінде қолдануда. Бұл стратегияны шөлге негізделген стратегия ретінде түсіндіруге болады. Осы стратегияның бір бөлшегі Евфрат өзенінің шығысы және батысында бұрынғы желілерін жандандыруға тырысып, аймақтық күшін қайтадан қалыптастыру.

Террор ұйымы ДАИШ-тің коронавирус індеті кезеңінде жүзеге асыруға тырысқан стратегиясының сыртқы желілеріндегі мақсаты болса, жаңа коронавирус себеп болған тұрақсыздықтан қайтадан жиһандық бір қозғалысқа өту. Жаңа коронавирус басталғаннан осы таңға дейін ДАИШ барша әлемде қауіпсіздік шаралардың әлсіздігінен саңылау іздеп, Ауғанстан, Батыс Африка, Орталық Африка, Сахель,  Мысыр және Йемендегі операцияларды тездетті. Ирак, Малдивлер және Филиппиндегі шабуылдарымен де әсіресе індеттің олқылықтардан пайдаланғаны көрілуде. Осы елдердің тысында батысқа шабуылдар жасайтынын жариялаған еді.

Террор ұйымы ДАИШ-тің жаңа коронавирус індеті дағдарысынан пайдаланып, тез қарқынды түрде террор шабуылдарын жасау тұғырын  ұстанғаны баршаға аян. Осы орай әсіресе Ирак және Сирияның ДАИШ-ке қарсы коалициясы жалғастырған операциясы және жергілікті әскерлердің ДАИШ-пен күресу саясаттарында коронавирус салдарынан өзгерістер болғаннан кейін тіпті көп жарыққа шыққан.

Террор ұйымы ДАИШ осы орайдан пайдалана отырып стратегиясын қайтадан жүзеге асырғандай болды. Францияның Иракпен келісе отырып әскерлерін шегеруі, АҚШ-тың қызметкерін кейбір әскери базалардан алуы және әскери жаттықтыру жұмыстарын тоқтатуы Иракты әлсіретті. Міне осы жағдай ДАИШ шабуылдарының Иракта тез қарқында артуына себеп болды. Енді бір жағынан Сирия ДАИШ-тің ішкі қорғаны болды және әскери жақтан орын тапты. Сирияда YPG-SGD-нің бақылауындағы Евфраттың шығысында болса территория басқаруының нашарлығынан  Ирактағы шабуылдарын жалғастырды.

Террор ұйымы ДАИШ-тің Ирактағы шабуылдардың артуы кең бір географияға таралған сүннит араб территорияларында болуда. Шабуылдардың қалдықтары ДАИШ мүшелерінің шекарадан қауіпсіз түрде өте алуында оның артқы жағында бір жәрдем күштерінің бар екенін дәлелдеуде. Бұл жағдай ДАИШ-тің бір кезде басқарған аймақтарда жасырынды тайпа жүйелерін қолдануымен жүзеге асты.

2020 жылы сәуір айы бойынша террор ұйымы  ДАИШ әлемнің түрлі аймақтарында жұмыстарын қорытындылаған екі инфографика жариялаған еді. 2020 жылы  2-8 сәуір күндерін қамтыған инфографика осы мерзім ішінде 60 рет шабуыл ұйымдастырғанын көрсетуде. Ең көп шығын Батыс Африкада болуына қарамастан ДАИШ-тің жұмыстарының жартысы Иракта болып өтті. ДАИШ 2020 жылы 9-15 сәуір күндері жиһандық әрекеттерін қорытындылаған басқа бір инфографика жариялаған болатын. Осы кезеңде  33-і Иракта болып, жиыны  49 шабуыл жасаған екен.

Иракта шабуылдардың ең маңызды бір бөлімі коронавирус салдарынан көшеге шығу тыйымдары болған сәуір айында жүзеге асырылған. Сонымен қатар Ирактағы үкімет тұрақсыздығы, территория жөніндегі дау-дамайлар, індет салдарынан әскер санының азаюы және АҚШ-тың өзгерген тұғыры ДАИШ үшін жақсы бір орай болды. Ұлттық барлау ұйымының рапортында Ирактағы ДАИШ сарбаздар санының 3000 мың төңірегінде болғанын жариялады. Осы санақтарды ойластырғанда шабуылдың осындай бір кезеңде артуы таң қаларлық жағдай емес. Сонымен қатар Сириядағы белгісіздік ДАИШ үшін де табылмас орай болды. Сирия түрмелерінен қашқан 500-ге тарта ДАИШ сарбазы Иракта жасырын бір террор кампаниясын жүргізу үшін жеткілікті сынақ ретінде назар аударуда. Коронавирустан бұрынғы кезеңмен салыстырғанда  Ирак орталығынан ДАИШ-ке қарсы жасалған операциялардың  айда 20 ретке дейін жеткені террор ұйымы ДАИШ-тің үлкен бір қауіп екенін дәлелдеуде.

ДАИШ-тің шабуылдары соңғы кезеңде  әртүрлі болуда. ДАИШ шабуылдары бұдан бұрын жергілікті лауазым иелеріне қастандық жасау сынды аз әрекеттермен ғана шектелсе, енді коронавирус індетімен бірге көбінесе қолдан жасалған жарылғышпен шабуылы, полиция және әскерге ұра қазу сынды түрлі шабуылмен  байқалуды.

ДАИШ Сирияда да Ирактағы сияқты  шабуылдарын көбейтуде. Сирияда ең маңызды шабуылдардың бірі ДАИШ сарбаздарының Сукхна қалашығы және оның маңындағы режимнің әскери орнын нысанаға алған 9 сәуірдегі шабуылы болып табылады.  Ресей әуе шабуылдарының қолдауына қарамастан Сирия адам құқықтарын бақылау ұйымының рапортына қарағанда  екі күн жалғасқан қақтығыстарда 32 режим әскері қаза тапса, 26 ДАИШ сарбазы залалсыздандырылды. Осы таңға дейін  ДАИШ те,  басқа бір террор ұйымы да шабуылды мойнына алмады. ДАИШ мөлшермен бір жылдан бері Сирия армиясы, шиіт сарбаздары және Сирия демократиялық күштеріне шабуыл жасауда.

Қорыта айтқанда террор ұйымы ДАИШ-тің коронавирус індеті кезеңін бір орай ретінде пайдаланғаны байқалуда. ДАИШ негізінен  Ирак пен Сирияны нысанаға алуда. Алайда Ирактың тіпті көп қадағалануы керек.

 



Ұқсас жаңалықтар