Апталық Анализ 18

Коронавирус кезеңінде әскери қақтығыстар.

1409358
Апталық Анализ 18

 

 

Коронавирус індетінің жаһандық бір дағдарысқа айналуына және АҚШ секілді жаһандық барлық актерлерді дүр сілкіндіруіне қарамастан Орташығыс көлеміндегі қақтығыстар әлі тоқтаған жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымы қақтығыстар жалғасқан аймақтарда атысты доғару жайлы  үндеу тастаса да Ливия, Сирия және Йеменде қан төгілуде. Ливанда экономикалық қиыншылық және кедейшілік кесірінен ереуілдер қайтадан басталған кезде, Иракта да үкімет мұнайға тәуелді экономикасын ретке сала алмауда. Осы елдерден әсіресе Ливия, Сирия және Йемен коронавирус індетімен күресудің орнына азаматтық соғысты жалғастырды. Осы елдердің ешқайсысында коронавирус індетінің қаншама деңгейде екенін білу мүмкін емес. Аталмыш соғыстар аймақтарда індет пен азаматтық соғыс араласып кеткені байқалуда. Халықаралық ұйымдар болса тек ескертумен ғана болып, басқа ешқандай шара қолданбауда.

Сирияда кем дегенде төрт аймақтың жеке-жеке коронавируспен күресуге тырысқанын айтуға болады. Режим бақылауындағы аймақтарда жаңа коронавирусқа шалдыққандар саны тек 45 адаммен ғана шектелді. Идлиб аймағында болса Рамазан айының бастауымен бірге тарауих намазына көп адамның қатысқаны байқалуда. Алайда бұл Идлибте індеттің болмағанын білдірмейді. Идлибте адам саны көп. Азаматтық соғыстар жалғасуда. Босқындар лагерінде адамдар иық тіреседі. Осыларды ойлаған кезде бір сәтте үрейлі жағдайдың туылуы да мүмкін. Сирия ұлттық армиясы бақылау астындағы аймақтарда болса, Түркияның жәрдемімен індетті тежеу үшін қатты талпыныс көрсеткені байқалуда. Америка Құрама Штаттарының қолдауындағы YPG-PYD-нің бақылауы астындағы аймақтарда тіркелген оқиға саны өте аз. Бәлкім 10 жылдан бері жалғасқан азаматтық соғыстан шыға алмаған Сирияға коронавирусқа шалдықпауы тағдырдың бір сыйлығы шығар.

Барлық аймаққа коронавирус үрей төндірген кезде, Сириядағы соғыстар әлі жалғасуда. Індеттен бұрын де соғыс ушыққан аймақтың бірі-Идлиб еді. Идлиб тек атыстың жалғасуы және қайтадан ушығуы тұрғысынан емес, ықтимал бір індеттің көп адамға жұғуы жағынан да маңызды.

Түркияның Ресеймен Мәскеуде жасаған келісімінен кейін M4 және M5 автожолдарының солтүстік аймағында әскери күшін арттырғаны байқалуда. Түркияның аймақтағы әскери күшін арттыруы коронавирустан кейін жаңа бір оқиғаның алдын тосу үшін басылған бір қадам ретінде көрілсе де, бұдан кейін тіпті көп қадам басатыны белгілі. Бір қауіпсіздік аймақтың құрылуы Анкараның күн тәртібінде болып келді. Тахрир әл-Шам ұйымының Түркияға қарсы ұстанған тұғырында соңғы күндерде қатайған бір беймәлімдік сезілуде. Тахрир әл-Шам ұйымының ішіндегі кейбір топтар Мәскеу келісімін әлі қабылдамады және бұны бұзу үшін қолдарынан келгенін істеуде. Ең соң Тахрир әл-Шам сарбаздары Түркияны нысанаға алған бір шабуыл жасады және шабуылда бір түрік әскері қаза тапты. Әрине бұл жағдай Түркияның коронавирус індетінен кейін Тахрир әл-Шам-ға тіпті қатал тұғыр көрсетуіне себеп болады. Режимнің шабуылдары кесірінен Идлибтің орталығынан қоныс аударған 1 миллионға тарта адам болса Идлибтің солтүстігіне келіп пана тапты. Әр жер режимнің әуе шабуылына тап болғанын ойлағанда Идлиб халқы үшін үйде болып коронавирустан қорғанудың өзі ақылға сыймайды.

Енді бір жағынан Түркия қолдауындағы Сирия ұлттық армиясының бақылауындағы аймақтарда PKK-YPG террор шабуылдарын жалғастыруда. Әсіресе «Бейбітшілік бұлағы» операциясы аймағы деп аталған Расулайн және Тель-Абияд арасындағы аймаққа кіруге тырысқан бөлшектеуші террористтік ұйымы YPG-лық террористтер қатты зиян тигізуде.  YPG осы аймақтардағы ауылдарда террористік әрекетерін жалғастыруда. Бұл террористтер жай халықты қырғындауда және аймақтың  тыныштығын бұзуға тырысуда.

Афринде болса, PKK-YPG тіпті басқаша бір әдіс қолдануда. 28 сәуірде бомба тиелген көлікпен ұйымдастырған шабуылдан кейін 50-ден астам адам қаза тапты. Түркияның бақылауындағы аймақтарда террорлық шабуылдарын жалғастырған террористік ұйымы PKK-ның басшысы болса, Сирияның солтүстік-шығыс аймақтарында зымияндық жасау үшін басын қатыруда. Мысалы осы аймақтарда ДАИШ-тің соңғы аптадағы террористтік шабуылдарында үлкен бір арту байқалуда. ДАИШ әсіресе Сирия және Ирак шекарасы бойынша жалғасқан шөл аймағында тығылып, террор шабуылдарын жалғастыруда. Бұл жағдай табиғи түрде АҚШ басшылығындағы коалицияның YPG-ге тіпті көп жәрдем беруіне мүмкіндік жаратады. Коронавирус індетін жасырған Сирия режими болса, үлкен бір экономикалық дағдарыспен бетпе-бетке келуде. Мұнай бағасының арзандауы және жалғасқан санкциялар Ресей және Иранды экономикалық жақтан әлсірете бастады. Коронавирустан кейін Сирияда жаңа бір процес басталып басталмауы беймәлім. Бірақ барлық тараптар коронавирустан кейін жаңа бір тұғыр ұстану үшін бұны бір орай ретінде көретін сияқты.

Ливияда болса жағдай тіпті қиын. 22 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы індет салдарынан атысты тоқтату жайлы үндеу тастағанымен төңкерісшіл Хафтер атысты тоқтату келісіміне бойсұнбай, шабуылдарын жалғастыруда. Коронавирус індетімен күресуде қиналған Триполиде қасақана түрде медициналық орындарын нысанаға алды. Алайда Ұлттық келісім үкіметіне қарасты Ливия армиясы Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауындағы Хафтердің астанасы Триполиді жаулап алуына рұқсат бермеді. Хафтер кейбір маңызды аймақтардан кері шегінуге мәжбүр болды және үлкен шығынға душар болды. Солай болғанның өзінде Триполинің оңтүстік өңірлерінде бақылауды әлі өз қолынан жібермеуде. Қалағанын ала алмаған Хафтер тағы бір стратегиялық әдіс қолданып, 28 сәуірде Тобрук мәжілісін күшінен қалдырғанын пайымдап, өзін барлық Ливияның мемлекет басшы ретінде жариялады.

Мәскеуден жасалған мәлімдемемен Хафтердің бет алысынан бастартатын түрі жоқ. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Хафтердің әрекетерін «дұрыс емес» деп жариялады. Бенгази халқы мен мәжілісі бұл жағдайды де ұнатпауда. Олар жаңа бір Каддафиді қаламағандарын көрсетіп, наразылық білдірді. Қорыта айтқанда Хафтер қалағанын ала аламаған және  барған сайын әлсіреген бір актерге айналды. Алайда бұл Ливияда жұмыстардың жақсы екенін көрсетпейді. Коронавирус, қақтығыс, мұнай бағалары, қоқсық дағдарысы, электр қиныншылығы сынды мәселелер Ливия қауымының жігерін жасытуда. Бұл қауымдық тынышсыздығын өрбітуде. Халықаралық келісімдер аясындағы жол картаның ешқайсысы жүзеге асырылмады. Сондықтан Ливияда жұмыстар барған сайын шырма-шату мың қабатқа айналды.

Йемен болса, індеттен бұрын да мемлекеттік медициналық жақтан ең нашар жағдайда болған қақтығыс алаңдарының бірі еді. Қазірше тек 1 оқиғамен әлемдегі ең аз оқиға тіркелген елдердің қатарында орын алуда. Сауд Арабиясының бірінші күн тәртіпке коронавирус індетімен күресуді қоюымен Йемендегі әскери әрекеттер бір мезгілдік болса да тоқтаған сияқты. Бірақ бұл әскери қақтығыстардың доғарылғандығын білдірмейді.

Коронавирус індеті Орташығыс географиясында қақтығысты тоқтата алмаса да, қақтығыстың бағытын өзгертті.

 



Ұқсас жаңалықтар