Апталық Анализ 17

Ливияда өзгерген тепе-теңдіктер.

1404762
Апталық Анализ 17

 

 

Ливияда ұзақ уақыттан бері жалғасқан жұмыстар соңғы кезеңде Түркияның Ливия ұлттық келісім үкіметіне бере бастаған әскери қолдауымен жаңа бір сатыға көтерілді. Ливия ұлттық келісім үкімет күштері төңкерісшіл генерал Хафтерге қарсы ілгеріледі. Ливия ұлттық келісім үкімет күштері батыс желісінде стратегиялық маңызға ие қалаларды қолға түсіріп, Тунис шекарасына дейін жетті. Соңғы күндерде болса Терхуананы жеңіп алу үшін үлкен бір әскери операция бастады.

Төңкерісші  генерал Хафтер Біріккен Араб Әмірліктері секілді Мысыр, Сауд Арабиясы, Франция, Израиль және ең соң Ресейдің қолдауын алып, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан мойындаған Ливия ұлттық келісім үкіметіне қарсы соғыс жариялады. Хафтер мемлекеттің шығысында Мысыр шекарасы желісінде орын алған Тобрук қаласында альтернатива бір әкімшілік құрып, тілге тиек еткен елдердің қолдауымен Дерне және Бингази секілді аймақтарды жаулап алды. Одан кейін Триполи және Мисрата секілді Ливия ұлттық келісім үкіметінің қолындағы үлкен қалаларды нысанаға ала бастады. Хафтер Ливияның ішкі тепе-теңдігінен гөрі аталмыш елдердің өкілі сынды әрекет жасап, осы елдердің мүдделері үшін Ливияны қиын жағдайға апарып соқты. Ливия ұлттық келісім үкіметі күштері болса, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан мойындалған билік болғанымен халықаралық ұйымынан жеткілікті қолдау ала алмады. Ливия ұлттық келісім үкіметінің Исламдық ерекшелігімен қатар Біріккен Араб Әмірліктері секілді елдердің халықаралық ұйымдар үстіндегі ықпалы және әсіресе АҚШ президенті Дональд Траптың құзырында жүргізілген лобия әрекеттері Ливия ұлттық келісім үкіметінің қолын әлсіретті.

Түркия болса Хафтерді қолдаған коалиция алдында айқын тұғыр ұстанып заңды үкіметтің қасында орын алды. Ливияда Мысыр немесе Сирияда болған жағдайдың қайталанбауы үшін талпыныс жасап, Ливияның тек ливиялықтардың егемендігінде қалуын қамтамасыз ететін қадамдар басты. Хафтерге қарасты күштердің Триполиге қауіп төндіруімен Ливия ұлттық келісім үкіметі күштерімен әскери бір келісім жасады және осыған қарата әскери жақтан қадам басты. Түрік жасақтары әскери жаттықтыру жүргізу мақсатымен Ливияға барды. Триполи және Мисрата әуе кеңестігінде де бақылау жасады. Ливия ұлттық келісім күштерін дамыған заманауи жабдықтармен қаруландырды. Әсіресе «TB2» ұшқышсыз әуе көліктері Хафтер күштерінің әскери базаларын бомбалады.

Қорыта айтқанда Түркияның Ливия әуе кеңістігінде орын алуымен Хафтер және қолдаушыларының Триполиді жаулап алу киялдарын доғарды. Сонымен қатар Ливия ұлттық келісім үкіметі күштері тойтарыс жасап, Тунис шекарасын қайтадан өз басқаруына алды. Мемлекетінің батыс жағалауындағы стратегиялық әуе базасы Эл-Ватие қоршаудың астына алынса, Триполидің оңтүстігіндегі маңызды Терхуна қаласын қайтарып алу үшін кең көлемді бір операция басталды. Әуе кеңестігі шын мәнінде қайтадан Ливия ұлттық келісім үкіметі күштерінің қолына өтті.



Ұқсас жаңалықтар