Апталық Анализ 16

Жаңа әлем жүйесі.

1400526
Апталық Анализ 16

 

 

       

Коронавирус індетінің 21-ші ғасырдың ең маңызды оқиғасы екенін айтуға болады. Мысалы, осы жағдай коронавирус індетінің жаһандық деңгейде бір бетбұрысты та әкелетіні жайлы жорамалдардың туылуына себеп болуда. Бұлардың ең маңыздысы әлем жүйесінің өзгеретіні туралы көзқарастар болып табылады. Көптеген мамандар қазіргі әлем жүйесінің бір өзгеру қысымына душар болғанын алға тартып, жаңа бір әлем жүйесінің жарыққа шығатынын пайымдауда. Әрине, жаһандық деңгейде жаңа бір процестің ішіне кіретініміз тақырыбында бір күдік жоқ. Алайда коронавирус індетінен кейін әлем жүйесінің түбегейлі өзгеріске тап болатынын және бұдан қашып құртылудың мүмкін емес екенін айтуға болады. Бұл тұғыр коронавирус індетінің адамдардың психологиялық жақтағы өзгерісін паш етуде. Ондай болса коронавирус неліктен жаһандық деңгейде жүйелік бір ойынның өзгертушісі  емес? Бұның жауабын беру үшін әлем жүйесі түсінігіне және оның қалай құралғанына қарау керек.

Соңғы бес жүз жылдық әлем саясаты тұрғысынан қарағанымызда үш басты тақырыптың байқалғанын көрудеміз. Бұлар: күш бөлісуі, саясат экономика және халықаралық қағидалар. Күш бөлісуі үлкен күштер арасындағы бәсекелестің негізгі бағытын белгілесе, саяси, экономик жүйенің жұмыс принциптерін  белгілейді. Ал халықаралық қағидалар болса халықаралық әлеуметтік процестерді белгілейді. Мысалы күш бөлісуінің үш мемлекеттен көп елдер арасындағы бөлісу жүйесін көп мемлекеттік, екі күш арасындағы бөлісу жүйесін екі мемлекеттік  және   бір актер басқарған жүйені жалғыз елдік жүйе деп атайды.  Әлем жүйесінің жалғыз елдік жүйеден басқа жүйеге өтудің басты себептерінің болса соғыс екені баршаға аян.

Әрбір үлкен соғыс күштердің бөлісуінде жаңа бір тепе-теңдіктің жарыққа шығуына себеп болса, әрбір соғыстан кейін жаһандық жүйе қайтадан құрылады. Осы жаңа күштік жүйенің негізін қалаған экономикалық жүйе және қағидалар жаһандық деңгейде басқа елдердің де жүйе ішіндегі орындары мен әрекет жасау әдістемелерін белгілейді. Мемлекеттер болып осы жүйеге құрмет көрсетеді немесе қарсы шығады. Не болмаса жүйенің мүмкіндіктерінен пайдаланып жүйенің ішіне қосылуға талпынады.

Коронавирустан кейін әлем жүйесінің жаңаларымен орын ауыстыруы үшін коронавирус  індетінің қазіргі күш бөлісуінде бір өзгерістің пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар экономикалық жүйенің және осы жүйені бақылайтын актер немесе актерлердің жүйе үшін  жұмыс істейтін  механизмдерінде өзгеріс болатыны сөзсіз. Осы өзгерістерге себеп болатын жүйелік реттеулерді жүзеге асыру және жаңа қағидалар шеңберінде жаңа жаһандық режимдер құруы керек.

Қазіргі әлем жүйесінің күштер бөлісуі тұрғысынан Америка Құрама Штаттарының үстем екені, алайда  жалғыз күш емес екені байқалуда. Соңғы жылдарда күштер бөлісуінде үлкен өзгеріс болған жоқ. Мысалы орта деңгей категориясында орын ала алатын ешбір актер осы мәртебелерінде бір өзгеріс жайсайтындай үлкен күш деңгейіне жете алмады. Немесе үлкен күш мәртебесіндегі күштер материалдық жақтан үлкен бір өзгеріс жасап, супер күшке айналмады. Ең бастысы супер күш мәртебесіне ие АҚШ-тың орнының өзгермегеніндей Қытай секілді актердің де әлі супер күш мәртебесіне жете алғанын айта алмаймыз. Алайда жаһандық жүйе ішінде орын алған аймақтық төменгі жүйелерде үлкен жүйелік өзгерістер болған жоқ.

Қазір елімізде болған күштердің жағдайына байланысты санақтардың коронавирустан кейін жаһандық және аймақтық күш таралуында үлкен бір өзгерісінің болатынын айту өте қиын. Егер жаһандық күш бөлісуінде коронавирус салдарынан жаңа бір жағдайдың жарыққа шығу ықтималы аз болса, онда жаңа бір әлем жүйесінің алғаш және ең маңызды тірегінің өз қалпын сақтап қалуын айтуға болады. Осы жағдайда назар аударуға тиісті екінші және үшінші деңгейлер экономикалық және жаһандық қағидалар болуы керек. Экономикамен байланысты ұқсас бір тұғыр ұстануға болады. Мысалы экономика күштің деңгейін өлшеуде бәлкім ең маңызды орын алады.

Қазіргі экономикалық санақтар жаһандық күш бөлісуінің түбегейлі бір өзгерісуіне тап болмағанын пайымдаудамыз. Егер жаман сценарий жүзеге асатын болса, онда коронавирустан кейін жаһандық экономиканың шығынын төлеуінің жалпы жаһандық экономиканың тек 5 пайызын ғана ұстайды. Сондықтан экономимкалық жақтан күтпеген жағдай болмаса, қазіргі жаһандық экономикалық деңгейден үлкен бір оқшаулық болмайды. Енді бір жағынан жаһандық қағидалардың коронавируспен бірге жоғары болатынын пайымдау да ақылға сыймайды.

Күш бөлісуде бір өзгеріс ықтималы жоқ болса, онда қазіргі әлем жүйесінің орнын жаңа бір әлем жүйесінің жарыққа шығуы мүмкін бе? Бұл сұраққа «иә» деп айту мүмкін емес, Алайда жаһандық деңгейде бір өзгерістің болатынын алға тарту үшін көптеген себептеріміз бар. Бұл өзгерістің күнделікті тұрмыс тіршілігінің әлеуметтік процесімізге мемлекеттің жүйенің өзгеруінен еркіндік, демократия және ұлтшылдық секілді көптеген түсініктің өзгеруіне дейін баратынын айта аламыз.

        

 



Ұқсас жаңалықтар