Апталық анализ 11

Мұнай соғысы.

1377967
Апталық анализ 11

 

 

 

      

«OPEC plus» деп аталған мұнайды  экспорт еткен елдер ұйымы OPEC мүшелері мен Ресей бірлесе отырып тепе-теңдік бір жүйе құрған болатын. Осылайша мұнай бағалары белгілі деңгейде тұрақты болды. Әсіресе АҚШ тақтатас мұнай өндірушілері өндірісін арттырған сайын OPEC мүшелерінің нарықтағы үлестерін жоғалтып алуда еді. Осы жағдай  баға тұрақтылығына әсерін тигізгенімен OPEC мүшелері мен Ресейдің  ынтымақтасығы жалғасып жатқан болатын.  Алайда жаңа типті коронавирус «Covid-19» толқыны барлық елге тарала бастады. Осындай бір кезеңде экономиканың дағдарысқа ұшыруымен мұнай нарығына деген сұраныстар да азайды. OPEC мүшелері де ынтымақтастық жасауды былай қойды. Сауд Арабиясы және Ресей секілді елдер үзеңгі қағыстыра бастады.

      

Қытайдың Хубэй уәлаятына қарасты Ухан қаласында 12 желтоқсан күні шыққан жаңа типті коронавирус «Covid-19» барша әлемге таралды. Вирус жаһандық денсаулық қаупімен қатар әлем экономикасына де әсерін тигізе бастады. Вирус Қытай секілді көптеген елдің экономикасына да ықпал жасады. Коронавирустан кейін өндіріс тез қарқында төмендесе, карантинге алынған адамдардың тұтынуы да күрт азая бастады. Осы жағдай табиғи түрде мұнай секілді барлық маңызды заттардың тұтынуының да  төмендеуіне апарып соқты . IMF және басқа халықаралық қаржы ұйымдары және банктердің жүргізген қорытындыларында жаһандық бір рецессия, яғни жаһандық экономикалық күйреу ықтималы өте жоғары болды. Осы тұрғыдан алғанда мұнай сұранысының 2020 жылы бойынша төмендейтіні межеленуде. Әлем энергия агенттігі 1 күнде кем дегенде  3-4 миллион баррель мұнай сұранысының азаятынын болжады.

Мұнай нарығында сұраныстар қатты төмендеген кезде, ұзақ уақыттан бері Америка Құрама Штаттарының тақтатас мұнай өндірісі артуда еді. АҚШ күнделікті мөлшермен 12-13 миллион баррель өндіре бастады. Көбейген  тақтатас мұнайы және газына байланысты технологиялар өндіріс шығындарын күн сайын төмендетуде. Сұраныс жағындағы ықпалдар дәстүрлі өндірушілерге, яғни Сауд Арабиясы мен Ресей секілді елдерге қауіп төндірді.

Сауд Арабиясының Ресеймен келісімі өндіріс көлемін күніне тағы 1,5 миллион баррельге арттыруға бағытталды. Ресей болса, сұраныстың үзілуінің АҚШ секілді бәсекелестердің пайдасына болатынын, сондай-ақ нарықтағы үлестерін жоғалтып алатынын байқап, жаңа бір келісім жасағысы келмеді. Венада ұйымдастырылған «OPEC саммиті» сәтсіз аяқталған соң да тіпті ашуға басты. Әрі Ресей, әрі Сауд Арабиясы өндірісті артырып, нарықтағы үлестерін арттыру жайлы бір әрекет тұғыр ұстанатындарын мәлімдеді. Осы жағдай мұнай бағаларының бір сәтте 30 пайыз деңгейінде күрт түсуіне апарып соқты. Қатысты мамандар мұнай бағаларының  20 долларға дейін төмендейтінін алға тартуда. Осылайша мұнай өндіретін елдердің үлкен бір экономикалық дағдарысқа душар болатынын болжап айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар