Апталық анализ 9

Идлибте Түркияға берген мерзімі толарда.

1368672
Апталық анализ 9

 

 

              

    

Идлибтегі адамдық трагедия артуда. Тек соңғы айларда қоныс аударған адам саны бір миллионнан асты. Режим және шиіт күштері құрлықтан, Ресей болса әуеден шабуыл жасауда. Оппозиция әскерлері ғана емес, жай халық пен елді мекендер нысанаға алынуда. Түркия болса Идлибтегі адамдық трагедияны тоқтату үшін саяси және әскери жақтан қадам басуда. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Башар Асад режиміне берген мерзімі аяқталуға аз қалды. Түркия Ресеймен кездесулерін жалғастырып, әрі саяси шешім ізденіс жүргізуде, әрі әскери қадамдар басуда.

Идлибтегі қақтығыстың екі басты желісте жалғасқанын байқаймыз. Біріншісі--стратегиялық маңызға ие Нейраб-Серакиб желісі. Осы аймақта автожолдардар қиылысқан маңызды елді мекендер бар. Бұның алдында режим күштері Ресейдің қолдауының арқасында осы аймақтарды басып алған еді. Қазір Түрік Қарулы күштерінің қолдауымен оппозиция күштері оларға қарсы тойтарыс жасай бастады. Нейрабты қайтадан азат етті. Одан кейін Серакиб желісіне қарай ілгеріледі. Режим және шиіт күштерінің үлкен шығынға душар болғанын рапорттардан аңғаруға болады.

Қақтығыстардың екінші желісі болса Джебетул Завиені де қамтыған оңтүстік Идлиб. Режим күштері осы аймақтан солтүстікке қарай ілгерілеп, автожолға дейін жету ниетінде. Түрік Қарулы күштері оппозицияға қолдау беру үшін осы аланда орын алуда. Режим күштері қазірге дейін бірнеше ауылды басып алудан басқа нәрсе істей алған жоқ.

Алаңдарда әскери тұрғысынан аталмыш жаңалықтар болған кезде, дипломатиялық жұмыстар жасалуда. Түркия бір жағынан орыстармен келіссөздер жасаса, енді бір жағынан халықаралық қауымды Идлиб тақырыбында аттанысқа келтіруге тырысуда. Әсіресе АҚШ және Еуропа елдерімен жүргізілген дипломатиялық талпыныстар арқылы Ресей және Иранға қарсы бір қысым қалыптастырғысы келуде.

Идлиб тұрғысынан алғанда АҚШ және Еуропа елдерімен Түркияның мүдделерінің сәйкескендігі байқалуда. Еуропа елдері босқын тақырыбында сезгір тұғыр көрсетсе, АҚШ болса Сирияда режим, Иран және Ресейдің бір жеңіске жетуін қаламауда. Алайда бұл жерде сұралуға тиісті бір сұрақ АҚШ Түркияға тек бос сөздермен ғана қолдау көрсете ме? Әлде шын пейілімен Идлиб мәселесінде өзінің күшін көрсете ме? АҚШ Идлиб тұрғысында мүдделерін қорғағысы келсе, онда нақтылы қадам басуы керек.



Ұқсас жаңалықтар