Апталық анализ 6

Идлиб дағдарысы.

Апталық анализ 6

 

Идлиб дағдарысы ұзақ уақыттан бері Сирия дағдарысының ең ушыққан мәселелерінің бірі еді. 2018 жылы қыркүйекте Мәскеу мен Анкара арасында Сочи келісімі жасалған еді. Бірақ Ресей және Асад режим күштері Сочи келісіміне қарамастан  Идлибте оппозициялар мен жай халықты жалғасты бомбалады. Режимнің нысанасы Идлибте оппозициялардың әскерлерін  әлсірету болатын. Сонымен қатар Сирия ішкі соғысында әскери жеңісін жариялау болатын. Осы нысананың алдындағы жалғыз кедергі болса Түркия еді. Мысалы режим Түркияны Идлибтің оңтүстігінде орын алған қадағалау пунктерін мазалап, Анкараның күшін әлсірету бағытында бір стратегия ұстанды. 3 ақпан күнінен бастап, Сирия режимі Идлибтегі шабуылдарын қайтадан жаңа бір сатыға көтерді. Тікелей түрде түрік әскерлерін нысанаға алып 8 адамның қаза табуына себеп болды. Бұл жағдай Идлиб дағдарысында жаңа бір сатыға келгенін меңзеуде.

Идлибте болғандар және тақырыпты қадағалап отырғандар үшін бұл бір сюрприз емес. Ұзақ уақыттан бері Ресей және Сирия режимі Идлиб тақырыбындағы стратегияларын бірте-бірте жүзеге асырды. Бұл стратегияның жүзеге асырылуына үлкенді кішілі көптеген нәрсе себеп болды. Бұлардың біріншісі, Идлибтегі оппозиция сарбаздарының өз арасындағы алауыздығы. Мысалы бұл жағдай Хаят Тахрир эл-Шам сынды топтардың территорияда үстемдік орнатуына себеп болды. Екіншісі себеп болса, Ресейдің режимнің соғыс қабілетін арттыруға бағыталған қадамдары еді. Ресейдегі әскери қолбасшылар режимге әскер жақтан қолдау көрсетті және оларға жүйелі түрде соғыс әдістерін үйретті. Әрине осыған қоса Ресейдің әуе соғыс стратегиясы да өте аяусыз болды. Орыс соғыс ұшақтары алдымен қаланы бомбалады. Одан кейін қаладағы оппозиция топтарын түбегейлі түрде жою үшін қаланы өмір сүруге келмейтіндей күйге айналдырды. Үшіншісі аймақтық жағдайдың Ресей және Сирия режиміне ыңғайлы бір ортаға келуі еді. Режим аймақтық көлемде Сирия дағдарысына ешкімнің көңіл бөлмеуінен пайдаланды. Осылайша Идлибті толыққанды түрде бақылау астына алу үшін аттанысқа кірді.

3 ақпан оқиғасынан кейін Идлибте жаңа бір сатыға өтті ме? Бұл сұрақтың жауабы өте маңызды және дағдарыстың болашағына ықпал жасайтын мазмұндарды қамтуда. Осы түйінде бұдан кейін Түркияның қалай әрекет ететіні өте маңызды. Түркия үшін Идлиб тек бір қауіпсіздік мәселесі емес. Идлиб тарапынан келетін жаңа бір босқын толқыны Түркияны қиын жағдайға апарып соғуы мүмкін. Мысалы президент Режеп Тайып Ердоғанның көзқарасы бойынша 1 миллионға тарта босқын Түркия шекарасына қарай бет ала бастады. Сондықтан Түркия босқындардың шекараға қарай бет алуын тосу үшін Идлибте орнатылған қазіргі жүйені қайтадан іске қосуға мәжбүр.

Түркияның альтернативалары арасында екі таңдау бар. Біріншісі--қазіргі жағдайдың тіпті нашарлауын тосу үшін режимге қарсы мықты әскери шара қолдану. Мысалы түрік әскерлері шейіт болғаннан кейін Түрік қорғаныс министрінің көзқарасы бойынша Түркия режим күштеріне қатты тойтарыс беріп, 70 әскерді залалсыздандырды. Алайда бұны жалғастыруға болмайды. Өйткені бұл әрекет Түркия мен Ресей қарым-қатынастарына зиян тигізуі  мүмкін. Екінші таңдау болса, қазіргі жағдай негізінде Түркия мен Ресей арасында жаңа бір Идлиб келісімінің жасалуы. Ресей де, Түркия да ел қарым-қатынастардың бұзылуын қаламайды. Екі актер де бұл жағдайдың үлкен зиянға апарып соғатынын біледі. Сондықтан Идлиб дағдарысы екі елдің қарым-қатынастары тұрғысынан бір сынақ ерекшелігінде.

Идлиб  дағдарысының гуманитарлық жағы болса халықаралық қауымның күн тәртібінде қайтадан орын алды. Еуропа дағдарыстың тек босқын тарапына ғана  көңіл бөлуде. Шындығында Түркияның жұмысын жеңілдететін және гуманитарлық трагедияға шешім табатын тұғырдан аулақ тұруда. АҚШ Идлиб тақырыбында тек Түркияға қолдау берген саяси мәлімдемелермен ғана шектелуде. Дағдарыстан ең көп зардап шеккендер балалар, әйелдер және қарттар болып табылады. Идлиб дағдарысы ушығатын болса, бұның шығыны  Түркия үшін  емес, Еуропа үшін де көп болады. Сондықтан Идлибті тек Түркияның мәселесі ретінде қарамау керек. Шешім жасау үшін Түркияның қасында болған абзал.


Этикеттер: Ресей , АҚШ , дағдарыс , Идлиб

Ұқсас жаңалықтар