Апталық анализ 5

Идлибке шабуыл артуда.

Апталық анализ 5

Апталық анализ - 5

Асад режимі, Ресей және Иран қолдауындағы күштер ұзақ уақыттан бері Идлибке шабуыл жасауда. Тек соңғы екі айдың өзінде 200 мыңнан астам адам қоныс аударды, мыңдаған адам қаза тапты немесе жарақат алды. Режим және одақтастар тек әскери нысаналарды ғана емес, елді мекендерді нысанаға алуда. Сонымен қатар бірқатар аймақты басып алуға тырысуда. Сириялық оппозициялардың соңғы қорғаны болған Идлибте 4 миллионға таяу адам қиын жағдайда өмір сүруде. Түркия болса барлық күшімен бұл жердегі гуманитарлық дағдарысты тосуға тырысуда.

2018 жылы қыркүйек айында қол қойылған Сочи келісіміне қарамастан режим күштерінің Идлибке бағытталған шабуылдары тоқтаған жоқ. Ресейдің әуе шабуылдарының бастауымен Идлиб қайтадан қақтығыстың орталығына айналды. Режим күштері 2019 жылы сәуірде шабуыл жасай бастады. Одан кейін Хаманың солтүстігіне қарай ілгеріледі. Осы процесс Моректегі Түрік Қарулы күштерінің базасының қоршау астында қалуы және Хан Сейхун қалашығының оппозицияларының жеңілуімен аяқталды.

Осы процестен бастап шабуылдар тоқтаусыз жалғасты және орыс әуе күштерінің шабуылдары салдарынан жүздеген адам қоныс аударды. Идлиб қойнауында шабуылдар кесірінен қоныс аударған адам саны 1,6 миллионға жақындады. Сонымен қатар 322 миллион доллардық материалдық шығынға душар болды. Соңғы кезеңде болған шабуылдар салдарынан Түрік Қарулы күштеріне тиесілі Сурмандағы бақылау пунктері режим күштері тарапынан қоршау астына алынды.

2019 жылының желтоқсан айынан бастап жүргізілген шабуылдар нәтижесінде болса мөлшермен 400 мың адам Түркия шекара қақпасына келіп паналады. Режим күштері Идлибтің оңтүстік-шығысына және Халеб батысына қарай ілгеріледі. Режим күштері шабуылдар жасап, M5 жолын бақылау астына алуда және Маарат Эл-Нуман қаласын басып алды. Орыс және режим күштерінің Идлибте қысқа мерзімді түрде M4 және M5 жолын бақылау астына алуда, сондай-ақ  Идлиб қала орталығын да құрлықтан бомбалауды жоспарлауда.

Ресей, Иран және режимнің Идлиб шабуылдарының басқа бір мақсаты да елді мекендерді бомбалап, аймақ халқын қоныс аударуға мәжбүр ету және Сирияда басқара алатын бір демографияға жету. Сондықтан олар жай халықты қоныс аударуға мәжбүр етуде немесе қырғындауда. Идлиб халқының қолдауына ие болғаны және қарулы топтарды жинай алғаны үшін олар оппозицияларды да нысанаға алуда. Түркия болса 12 бақылау пункті арқылы режим және одақтас елдерге қарсы Идлибтегі гуманитарлық дағдарысты тосуға тырысуда. Түркия бір жағынан Ресеймен дипломатиялық байланыс жасап өз ықпалын қолдануда, енді бір жағынан халықаралық бұқаралық пікір құзырында Идлиб мәселесін күн тәртіпке әкелуде. Өкінішке орай халықаралық ұйым Идлибтегі миллиондаған халыққа опасыздық жасауда.


Этикеттер: Иран , Ресей , Идлиб , шабуыл

Ұқсас жаңалықтар