Апталық анализ- 4

Берлин саммитінен кейінгі Ливия.

Апталық анализ- 4

Апталық анализ- 4

 

                  

Өткен апта Германияның астанасы Берлинде өткен Ливия саммиті арқылы Ливияда жалғасқан атыс доғарылғандай болды. Алайда Ливия дағдарысының толыққанды түрде шешілетін бір бітімге бара алмады. Ливиядағы шешім үшін алдымен халықаралық ұйымының актерлерінің, аймақ актерлерінің және Ливиядағы жергілікті актерлердің өзара келісулері керек. Берлин саммиті аталмыш актерлердің келісіміне дипломатиялық негіз болды. 2019 жылы сәуір айы бойынша Халифи Хафтер басшылығында ауыз жүзінде Ливия ұлттық армиясы БҰҰ тарапынан заңды деп қабылдаған Ливияның жалғыз өкілі Ұлттық келісім үкіметін құлату үшін операциялар ұйымдастырды. Хафтерді Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Сауд Арабиясы және Франция сынды елдер қолдауда. Францияның төңкерісшіл Хафтерді қолдауы болса бір құқай болып табылады. Мысалы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ішінде орын алған Франция Хафтердің Ливияда істеген соғыс қылмысына қолдау жасауда және БҰҰ-ның мойындаған үкіметке қарсы заңсыз бір операцияға көз жұмуда.

 

Біріккен Араб Әмірліктері және Мысыр Хафтердің ең үлкен қолдаушылары қатарында орын алуда. Біріккен Араб Әмірліктерінің Ливияда өздері басқарған әуе базасы және Хафтерге жасаған қолдауының арқасында Хафтерге қарасты күштер мемлекеттің маңызды бір бөлімін басқару астына алды. Мысыр да осы процесте Хафтерге әскери қолдау көрсетті, тіпті территорияда өз әскерлерін қолдандырды. Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр және Сауд Арабиясы Ливияда әскери бір биліктің орнатылуы жағында. Бұл Араб Көктемінен кейін аталмыш елдердің негізгі саясатына айналған.

Берлин саммитінен кейін жарияланған 55 баптан тұратын декларацияға қаралғанда территориядағы әскери тепе-теңдіктің Хафтер және жақтаушылар жағына тіпті көп ауғаны айқын байқалуда. Мысалы декларацияда Хафтердің заңсыз әскери килігуіне көз жұмылуда және Хафтерді заңды бір актерге айналдыруда. Жеткен түйінде болса Хафтерге инвестиция салған Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктері секілді көптеген шетелдік актердің Хафтердің Триполи арқылы саяси және әскери ықпалын түбегейлі күйге әкелгісі келгені түсінікті. Осылайша Хафтер мұнай министрлігі және Ливия орталық банктің бақылауын өз қолына алуымен мемлекеттің болашағына ие болғысы келуде. Бұдан да маңыздысы Берлин саммитінің декларациясында Ливияға бағытталған қару санкцияларының жалғасуы және мемлекетте орын алған шетелдік күштердің шегерілуі жайлы бір үндеу тасталды. Алайда мұндай үндеу тасталғанымен Біріккен Араб Әмірліктерінің осыған бойсынбағанын айта аламыз. Бұл жағдай өңірдегі жағдайды одан әрі былықтыруда және саяси шешімді қиындастыруда.

Ливия дағдарысы бойынша Ұлттық келісім үкіметінің қасында орын алған Түркия болса, Берлин саммитінде саяси шешім жағында тұғыр көрсетті. Саммит декларациясының барлық баптарына  риза болмағанымен Ұлттық келісім үкіметінің қасында орын алып, жалғыз емес екенін көрсетті. Егер Түркия араласпайтын болса, онда Хафтер күштері Триполиді басып алушы еді. 2019 жылы 27 қарашада қол қойылған Ливия және Түркия арасындағы келісімі көбіне  жүзеге асты. Енді Түркия Ливияда әрі әскери, әрі дипломатиялық жақтан ең маңызды тараптардың бірі. Түркия мәселенің әскери түрде шешілудің мүмкін емес екенін біледі. Сондықтан дипломатиялық шешім үшін Берлинде тіпті күшті бір үндеу тастады.

Берлин саммиті Ливия мәселесін түбегейлі шеше алмады. Бірақ бұдан кейін қандай бір жол картасының ұстануы керектігін көрсетті. Егер Хафтер және қолдаушылары әскери шешімнен бас тартпаса, онда Ливия дағдарысы тіпті ушығуы мүмкін. Осы түсінік Сирия дағдарысы сынды терең бір аймақтық дағдарыстың да тереңдеуіне және аймақты тұрақсыздандыруға апарып соғуы мүмкін. Сондықтан Берлинді бір орай ретінде қараған жөн.



Ұқсас жаңалықтар