Апталық анализ 03

Ресей текті «Wagner» фирмасының көптеген қақтығыс аймақтарында әрекет ете бастауы назар аударуда.

Апталық анализ 03

Апталық анализ 03

Орташығыс секілді қақтығыс аймақтарында соңғы жылдарда мемлекеттердің тікелей қарсы келуінің орнына ақылы арнайы армиялардың қолданылғаны байқалуда. Америка Құрама Штаттарының BlackWater фирмасы алдыңғы қатарда орын алуда. Сонымен қатар Ресей текті «Wagner» фирмасының да көптеген қақтығыс аймақтарында әрекет ете бастауы назар аударуда. Ресей «Wagner» фирмасы арқылы Сирия, Ливия, Орталық Африка, тіпті Венесуэла сынды елдерде соғыс майданындағы одақтас күштеріне қолдау жасауда, әрі өз басқару алаңын кеңейтуге тырысуда.

Алдымыздағы күндерде  соғыстар мен қақтығыстардың түрі өзгереді. Қысқаша айтқанда өзгешеленуі және нарықпен араласуы жаңа соғыс түрлерін жарыққа шығарады. Жеке әскери фирма түсінігінің жарыққа шығуы және осы таңда дамыған, сондай-ақ даму жолындағы бірқатар ел тарапынан қолданылуы да осы процестің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттердің жеке секторлармен бірге әрекет жасай бастауымен жеке әскери фирмалар соғыстарға қатысып, қауіпсіздік және қорғаныс саясаттарында орын алған еді.

АҚШ-пен қатар орыс жеке әскери және қауіпсіздік фирмаларының қолданылуы соңғы жылдарда кең қанат жаюда. Осы фирмалардың әсіресе Орташығыстағы және Солтүстік Африкадағы жұмыстары халықаралық салада назар аударуда. Осы фирмалардың ішінде ең көп көріне бастағаны «Wagner» тобы болып табылады. Фирманың мемлекет тысы қарулы ұйым ретінде Сирия және Ливиядағы ішкі соғыстарға килігіп, белсенді түрде соғыстың бір бөлшегі болғаны байқалды.

 «Wagner» тобының қожайыны Кремль сарайымен жақын байланыста екені баршаға аян.   Тіпті оған тиесілі «Concord Food Catering»-дің Кремльді тағаммен қамтамасыз еткені үшін «Путиннің аспазы» деген ат қойылған әйгілі іскер Евгений  Пригожин екені алға тартылуда. Топтың әскери құрамының көбінесе Орталық Азия, Балкан және Кавказ елдерінің 35-50 жас аралығындағы бұрынғы әскерлері екенін айтуға болады. Зерттеулер  әскерлердің басым көп сандысының Шешенстан, Грузия және басқа аймақтарда соғысқа қатысқан, тәжірибесі мол, материалдық  жақтан қиыншылық шеккен адамдар екенін көрсетуде. «Wagner» тобының жүйелі қызметкерлері жоқ. Мүше болған әскерлердің жалпы саны мөлшермен 5000 төңірегінде.

Ресейдің 2015 жылы қыркүйек айында Сирияға әскери жақтан килігуінен кейін рөл ойнай бастаған «Wagner» тобының Сирия территориясында түрді жұмыс атқарғаны баршаға аян. Олардың стратегиялық базаларды, газ және мұнай алаңдарын қорғағаны, армия ретінде Сирияның көптеген түйінінде соғысқандары да баспасөзде жарық көрген. Ресей Сирия территориясындағы жеңістерін Шығыс Жерорта теңізінде және Африка құрлығында да жалғастырғысы келген. Ресей сонымен бірге Хафтер шебіндегі олқылықтарды жақсы пайдалана отырып, Ливияда жалғасқан соғыстың белсенді актерлерінің бірі болды. Мысалы 2020 жылына кіргенде Ұлттық келісім үкіметі мен Хафтер күштері арасындағы атысты тоқтатудың дәнекері ретінде алдымызға шықты. Қорыта айтқанда соғыстардың және қақтығыс динамикаларының табиғаты өзгерген бір кезеңде Ресей жаңа процесте «Wagner» сынды фирмалар арқылы өзін көрсетуге тырысуда.



Ұқсас жаңалықтар