Мәселе - Османлыға қарсы көзқарас қалыптастыру ма?

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

Мәселе - Османлыға қарсы көзқарас қалыптастыру ма?

Кейбір тақырыптарда дұрыс болудың өзі мәселелерді шешуге көмектеспейді. Османлы мемлекеті қалдырған мұра осындай тақырыптардың бірі. Османлыға қарсы көзқарас болса үздіксіз пікірталастардың тақырыбы. Соңғы рет Ливан мемлекет басшысы Мишель Аун Ливанның 100 жылдығында француздардың қолдауымен тәуелсіздіктерін алғандарын атап, Османлы империясын мемлекеттік террор жасаумен айыптады. Ұқсас айыптауларды батыс әдебиеттері мен кейбір араб мемлекеттерінің оқулықтарынан кездестіруге де болады.

600 жыл бүкіләлемдік мемлекет ретінде билігін жалғастырған бір империя және режимді күдіксіз көптеген тұрғыдан сынға алуға болады. Бірақ империялық елдерге қарсы басқыншылық жасалып, әртүрлі этникалық топ пен мәдениеттің қыспаққа алынғаны жөніндегі айыптаулар Османлы мемлекетіне жала жабу деген мағынаға келеді. Түркияда кейбір топтар Османлы мемлекетін әртүрлі айырмашылықтары барларға ассимиляция саясаты жүргізбегені үшін сынға алуда. Олардың айтуынша мұндай бір саясат жүргізілгенде, Османлы билеген аймақта бүгін одан көп түрік пен мұсылман болар еді. Ұлыбритания мен Франция билеген қоғамдардың бүгін одан көп осы елдерге ұқсағанын ойлағанда, осы қауесет негізсіз емес. Дегенмен мына бір шындықты айту керек шығар. Османлы мемлекетінің осындай отарлаушы бір саясат ұстанбауы – өзін империялық күштерден айырған ең маңызды ерекшеліктерінің бірі.

Пакс Оттамана (Османлы бейбітшілігі)

Османлы мемлекетінің ұзақ жылдар бойы билігін жалғастырған аймақтар бүгін қан көліне айналған десе болады. Балкан, Таяу Шығыс, Африканы ғасырлар бойы бейбіт, қазіргіден көп ұлтпен, мәдениет пен діндерді құрметтеп билеген. Осы жағдайдың нақты көрсеткіші Османлы билігі астында Османлы аймағындағы әртүрлі айырмашылыққа ие қоғамдардың өз тілін, мәдениетін және дінімен бір ортада өмір сүрулері. Османлы шегінсе де, айырмашылықтары әртүрлі қоғамдар қазіргі таңда сол сананы жалғастыруда. Османлының мейірімділігі әдебиеттерде «Pax Ottomana» (Османлы бейбітшілігі) деп аталады. Османлы қамтамасыз еткен көп қоғамдылықтың  құнын Американы «ашқан соң» жергілікті үндістерге жасаған зұлымдық, жергілікті халықтың дінін, тілін, мәдениетін жоюы немесе Ұлыбританияның төменгі Үнді құрлығын шамамен 150 жылдық отарлау барысында осында құрылған елдердің өз тілдерін жойып, ресми тіл ретінде ағылшын тілін қалыптастыруымен салыстырғанда одан жақсы түсінуге болады.

Егер алға тартылғандай батыстық көптеген империялық ел сияқты қозғалып Османлы мемлекеті қысымшыл бір саясат ұстанғанда, Ливан президентінің атының «Мишель Аун» болуы және христиан дінін сақтауы мүлдем қиын болар еді. Өзі сияқты ливандық және христиан болған көптеген көркем шығарманың авторы Амин Мааловтың империялық елдер мен Османлы мемлекетін салыстырған мына сөздері елінің президентіне жауап іспеттес:

 «Ешбір дін мейірімсіздіктен шеттетілген емес. Дегенмен осы екі қарсылас діннің шығыны есептелгенде, Ислам онша жаман еместігін ортаға қояр еді. Егер ата-бабаларым мұсылман армиялары басып алынған бір елде христиан болудың орнына, христиандар басып алған бір елде мұсылман болғанда, олардың нанымдарын 14 ғасыр қорғап, ауыл мен қалаларында болмыстарын жалғастыратындарына сенбес едім. Шынымен Испаниядағы мұсылмандарға не болды? Не болмаса Сицилиядағы мұсылмандар қайда? Жойылды... Соңғы мұсылманға дейін қырылды, қоныс аударылды, не болмаса күштеп христиан дініне көшірілді».

Израильдік тарих профессоры, белгілі автор Ювал Ноах Харари Хүррийет газетіне берген сұхбатта қолданған атаулар арасында Пакс Оттаманды, Османлы бейбітшілігі мен мейірімділігін нақты түрде баяндаған:

«Орта ғасыр Еуропасында толеранттық болмаған.... 1600 жылы Парижде барша католик болатын. Кезкелген бір православ қалаға кірген кезде оны өлтіретін. Лондонда болса барша православ еді. Егер бір католик қалаға кіргенде, оны да өлтіретін. Сол ғасырларда Еуропада еврейлер айдалатын... Ешкім мұсылмандарды қаламайтын.... Дегенмен сол дәуірлерде Стамбулда әртүрлі мәзхәбтен мұсылмандар, католиктер, армяндар, православтар, понтилер, болгарлар бірге және бақытты өмір сүретін».

Тарихты құралға айналдыру немесе Османлы жағрапиясында бөлшектеуді жалғастыру

Османлы жайлы айыптауларға жоғарыдағыдай немесе басқаша жауаптар қайтаруға болады.  Бірақ мәселе бұл емес. Мәселе империализмнің «бөлшекте, қират және басқар» стратегиясы болып табылады. Ғасырлар бойы бөлшектенудің алдын алуда және бейбітшілікті қамтамасыз етуде. Ең маңызды құндылық ретінде Исламның бүгін бірдей формада анықтамалық құндылық ретінде қабылданып, қабылданбайтыны. Османлы ыдыраған соң қарамағындағы елдер (Балкан, Таяу Шығыс, Африка) бөлшектенуді қалады. Микро деңгейде құрылған этникалық, діни, мәдени, ұлттық жаңа қоғамдар аталмыш аймақты одан да бөлшектеуде. Бұл аймақтағы қақтығыстардың, жаңа шекаралар белгілеу операцияларының мәні де осында. Осы аяда тарихты империялық құралдар бағытында қалыптастыруға тырысады. Бұл жағдайда тарихты тарихшыларға қалдырайық, құралға айналдырмау керек деген сөздің мәні жоқ. Әр нәрсені құралға айналдырушы империялық мақсаттардың құралға айналдыру нысанасынан бас тартуы мүмкін бе?

Сонда не істеу керек?

Осы себепті Османлы қалдырған мұраны бағалау өткенде қалып кеткен немесе бұрынғы бір бағалау емес. Қазіргі заман мен болашақ үшін бір дайындық. Османлы және республика зиялыларының, саясат қайраткерлерінің маңызды бір бөліміне жұққан батыс әуесқойлығы бұл тақырыпта сынақтан жақсы өткенімізді айта алмаймыз. Батысқа еліктеу арқылы өз қоғамынан, салт-дәстүрінен, құндылықтарынан айырылған зиялылар мен саясат қайраткерлері, батыс өндірген және Османлыны ыдыратқан көзқарастардың актеріне айналған. Қазір Османлы аймағындағы басқа елдердің батыстың сүзгісінен өткен зиялылар мен саясат қайраткерлерінің Османлы мен өз қоғамына қарауы да осы жағдайдан басқаша емес.

Әйтсе де Балкан, Таяу Шығыс және Африкадағы қазіргі жағдай өткеннен мүлдем басқаша емес. Осы елдер одан көп бөлшектену қаупімен бетпе-бет қалып отыр. Өз қоғамынан, тарихынан, салтынан алыстаған зиялылар мен саясат қайраткерлерінің елдерін апарып соғатын жер қоғамдардың одан көп бөлшектенуінен басқа жер емес. Осы себепті империялық мақсаттарды байқап, өткен мен қазіргі заманға тарихы, қоғамы және аймағы мен одан мақұлдағыш қараған жөн.

Академиктер, зиялылар, ғалымдар, қоғамдық басшылар, саясат қайраткерлері әр аймақтан ақылмандар ортақ бір ұстаным және санамен қозғалып құралға айналдырылуға, аймақтың одан көп бөлшектенуіне қарсы шығу керек. Саяси мақсаттармен байқаусыз қалдырып, тек қана көрсетілген бір терезеден қарамаған жөн. Аймақтан тыс жерден келген бөлшектеуші емес, одан көп өз тарихын, салтын, мәдениетін жинақтаушы көзқарастар үшін есікті ашық қалдырған жөн. Керісінше аймақ елдері мен тұрғындары одан көп бөлшектеніп бірін-бірі қыратын, ірі империялардың қуыршағына айналатын болады.



Ұқсас жаңалықтар