PKK және Халықтың демократия партиясы

Проф. Др.  Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

PKK және Халықтың демократия партиясы

 

         

         Батыста және Түркияда белгілі топтар тарапынан PKK-мен ара жігін ажыратпаған  Халықтың демократия партиясы үшін «Күрд қозғалысы», «Күрд саясаты» сынды сөздер қолданылуда. Мұндай сөздер арқылы бір террор ұйымы және онымен байланысы болған саяси партия бұларды бір ұлттың «қозғалысы», ұлттың «саясаты» сияқты көрсетуде.

        PKK көптеген елдерде, Түркияда, Сирияда, Иран және Иракта түрлі аттармен жаппай және үздіксіз түрде, батыс елдерінде болса жекелей түрде анда-санда ереуілдер ұйымдастырған бір террор ұйымы болып табылады. PKK осы елдерде жасаған шабуылдарда жай халық, әскер, әйел, бала, сәби демей он мыңдаған адамды өлтірген. Миллиондаған адам өмір сүрген территорияларын тастап кетуге мәжбүр болуда. Орташығысты дизайн еткісі келген күштердің қол шоқпары ретінде PKK-ның  өзін күрдтердің өкілі деп таныстыруға тырысуы өз саясатының қажеттілігі болса керек. Түркия, Сирия, Ирак және Иранды бөліп, талай ғасырдан бері түріктер және арабтармен бірге Ислам дінінің жалауын көтерген күрдтерді құратын мемлекетімен Израильдің қауіпсіздігіне қызмет еткісі келген империалист күштерінің және оларды жақтайтын ғалымдардың, жазушылардың тұғырларын да түсінуге болады.

         Бірақ осы сыңар жақтылық әрі тиімділікке, әрі ғылымға, әрі де әлеуметтік ұғымға үйлеспейді. Барлық немістерді, арабтарды, түріктерді жалғыз саяси қозғалыс ретінде қарау қаншама тиімді түсінік және қаншама ғылыми бір тұғыр болса, күрдтерге де солай қарау соншама ұқсас бір тұғыр болады. Іштерінде миллиондаған адамды және түрлі мәдениетті бойына сиғызған қауымдарды бір бөлшек ретінде  тоталитарлық бір тұғырдың көзқарасы болып табылады. «Күрд саясаты» сөзін арқауға алатын болсақ, алдымен барлық күрдтер тек Түркиядағы күрдтерден құралмайды. Түркиямен бірге Иран, Ирак, Сирия және Батыс елдерінде өмір сүрген бір қауымнан сөз қозғаудамыз. Әрине осы елдерден сөз қозғауға болады. Бірақ бір қауым ретінде италиян, француз, түрік саясатынан сөз қозғауға бола ма? Түріктердің саясаты? Аталмыш Түркиядағы күрдтердің  саясаты болса, әрбір жеке адам және демократиялық қауымда болғандай күрдтер де біртұтас  емес, түрлі түрлі. Алдымен барлық күрдтер барлық қауымда болған сияқты саясатқа қызығушылық көрсетуі шарт емес. Саясатқа қызығушылық көрсеткендердің барлығының да дауыс беруі де керек емес. Дауыс бергендердің барлығының Халықтың демократия партиясына  дауыс берді деп айтуға да болмайды. Әділет және даму партиясы да күрдтерден кем дегенде Халықтың демократия партиясы алғандай дауыс алуда. HÜDAPAR-дың даусы аз болғанымен, кейбір санақтарда миллиондаған адамды өзіне баурағанын байқаудамыз. Қысқаша айтқанда Халықтың демократия партиясына дауыс бергендердің барлығы да PKK-ның террор әрекетін қолдамайды.

         Қысқаша айтқанда басқа бір қауым үшін қолданылатын бір сөздің бір тайпа немесе бір ру сынды күрдтер үшін қолданылудың ешбір түсініктемесі жоқ. Бұл сөздер күрдтерді кемсіткен және идеологиялық бір тұғыр.

         Жеке басым  Түркиядағы көптеген байсалды адам сынды PKK және Халықтың демократия партиясының бір деңгейге қойылмауы, Халықтың демократия партиясын дамытатын азаматтық саясатта алаң ашылуы жағындамын. Бірақ Халықтың демократия партиясы лауазым иелерінің террористтерге сәлем жолдауы мен сияқтылардың не ойлағанының бір мағынасы қалмауда. Саясат демократияның, еркіндіктің, азаматтардың өмір тіршілігі емес, террор ұйымының және оның тоталитарлық қысымының бір құралына айналғанда, азаматтық және демократиялық алаңда жүре алатын бір жолды бөгеп тастағандай болуда.

         Өте күрделі болмаса да,  Түркиядағы белгілі топтардың PKK және Халықтың демократия партиясын «Күрд саясаты» ретінде көрсетуі жаңсақтарының себептері не ? Неге PKK-ның және империализмнің тіліне берілуде? Бұл қателік тек Түркияда емес, аймақ елдерінде де болуда.

         Алдымен еске келген бірнеше тақырыпқа тоқталайық.

         Демократия, еркіндік және плюрализм принцибінде өмір сүрген біз сияқты адамдар көбінесе террор ұйымдарының қысымдарын, жаратқан жауыздық қырғындарын ұмытуға тырысудамыз. Бұл PKK-ның жаратқан үрейі.  Өйткені террор ұйымдары тек террор жасағандарында күн тәртіпте орын алады және бір мезгілден кейін ұмытылады. Террор ұйымдарының үрей жарату, қысым жасау, белгілі тұлғаларды нысанаға алып қорқыту сынды әдістері бар. Сондықтан барлық күрдтерді «Күрд саясаты» деген сөздермен атау талпыныстарының бір бөлім PKK-ның жаратқан үрейлендіру сөздері болуы мүмкін. PKK-ның  өзіне  қарсы шығу және түрлі атауларды шығарған күрд зиялылары жай халыққа немқұрайды қарағанын білуі керек.

         Жолдас қысымы: «Күрд саясаты» сөзін қолданғандардың маңызды бір бөлімі түрік солшылдары.  Түрік солшылдарының алдыңғы қатардағы тұлғалардың маңызды бір бөлімінің көбі төңкерісшіл дәстүрден келгені баршаға аян. «Күрд саясаты» сөзін үздіксіз қолданған түрік солшылдарының бір бөлімінің мақсаты Марксист-Ленинист дәстүрінен келген PKK-мен «төңкерісшіл селбесуі» ретінде қарауы. Осы бөлімдердің тоталитарлық бір қысымға жақын болуларының бір себебі де төңкерісшіл дәстүрлерінен құтыла алмаулары, сондай-ақ демократия, еркіндік, плюрализм сынды түсініктерді түсіне алмауы.

         Түркияға қарсы болған халықаралық ұйымдармен интеграция : «Күрд саясаты» сөзін үнемі қолданған бір бөлімнің болса Түркияға қарсы болған халықаралық ұйымдармен интеграция екендерін байқаймыз. Белгілі күштер тарапынан қаржыландырған бұл топтар қаржы берген ұйымдармен сәйкесе отырып жұмыс істеуде.

         Үкіметке қарсы болғандар: Үкіметке қарсы болған кейбір зиялылардың пайымдауларын түсінуге болады. Үкімет және Ердоғанға қарсы болған кейбір зиялылардың есірткі сатқан, бейуаз балаларды өлтірген бір террор ұйымын қолдауы асқандық шығар.

         Зиялылардың шетелге деген құштарлығы: Бұны қауымға қарсы деп айтуға да болады. Зиялылардың шетелге деген құштарлығы батыс тысындағы қауымдардың екі жүз жылдық батысқа айналу тарихының аянышты әңгімесі болса керек. Бұл аянышты әңгімені ақын Сезай Каракоч «Ертегі» атты өлеңінде өте тамаша бейнелеген. Османлы дәуірінде білім алып, ғылым игеріп еліне қайтып келіп үлес қоссын деген мақсатпен батысқа жіберілген тұлғалардың көбі өз қауымына жат болған. Олар батыс ғашығы ретінде еліне қайтып келген еді. Республика дәуірінде болса өз мәдениетін, тарихын және салт-дәстүрін ұмытып, мәдени тұрғыдан батысқа беріліп  кеткен.

         Қорыта айтқанда солшыл бір террор ұйымы болған және көбінесе түріктерден құралған DHKPC және ұшқары бір солшыл партия үшін «Түрік саясаты» деп айту қаншама мағыналы болса, PKK мен Халықтың демократия партиясы үшін «Күрд саясаты» деп айту да соншама мағыналы. PKK үрейі, жолдас қысымы және тағы басқалар себебі не болса болсын, PKK немесе Халықтың демократия партиясын «Күрд саясаты» ретінде қарау еркіндікті сүйген, абыройлы және бейбітшілікті жақтайтын күрдтерді даттау болып табылады. Өзін «зиялымыз» деп қарағандардың террордың және империализмнің айтқандарына бойсұну емес, бұған қарсы  тұрғандары жөн.

        

 



Ұқсас жаңалықтар