Әлеуметтік медиа

Проф. Др. Доктор Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

1256195
Әлеуметтік медиа

      

       Әлеуметтік медиа деген не ?

     Өмір сүрген дәуірімізде әлеуметтік медиа түсінігімен бетпе-бет жүздесудеміз. Адамның әр күні сағаттар бойынша уақыт өткізген әлеуметтік медиа тарапынан жаратқан қорытындыларды талқылаудамыз. Әлеуметтік медиа кейбіреулеріне уақыт өткізу, бір нәрсемен айналысу ермегі болса, кейбіреулері үшін табиғи жағдай. Барлығы өз еркімен және бақытты. Алайда болуға тиісті бір мүмкіндік.

     Әлеуметтік медианы қалай бағалауымыз керек? Біздің көзқарасымыз бойынша әлеуметтік медиа өз желісінде жалғасуда. Әлеуметтік медиа дәстүрлі ақпарат арналарына қарағанда, барлық бағыттар бойымен ақпарат таратудың көпжақты бірегей тәсілі. Әртүрлі көзқарасты өз еркімен және ақысыз ұсынған бір мүмкіндік. Алдымен әлеуметтік медиаларды қолданғандардан сөз қозғайтын болсақ, әлеуметтік медиа «өз көзқарасым бар» дегендерге, көзқарастарын білгісі келгендерге, түрлі көзқарасты тыңдағысы келгендерге, түрлі қауымның немесе топтардың не ойлағандарын қызыққандарға керемет мүмкіндік ұсынуда. Шындық өмірде өз көзқарастарымызды, ойымызды және талаптарымызды ұлттық және жаһандық деңгейде жеткізе аламыз. Керісінше шындық өмірде өте шалғайда болған адамдардың не ойлап отырғанын біле аламыз.

     Әсіресе ой-пікірлерді бөлісу үшін өте көп  қаржыны да қажет етпейді. Бұрынғы кезеңде жергілікті деңгейде бір газет шығару, радио немесе теледидар құру үшін көптеген қаражат жұмсау керек еді. Әлеуметтік медиа арқылы аз ақшамен барлық адамның кең көлемде өз ой-пікірлерін бөлісуіне болады. Әлеуметтік медиа – қоғам айнасы. Әлеуметтік желілер жеке адам мен жеке адамды, жеке адам мен көпшілікті және ең бастысы, көпшілік пен көпшілікті байланыстырудың әмбебап құралына айналды.

   Енді бір жағынан осы ой-пікірлерімізді  кедергісіз түрде бөлісе аламыз. Ой-пікірлеріміздің еркін түрде таралуы надан қауымдар мен режимдерге қауіп төндіруде. Талай жылдан бері әлемге жабық өмір сүрген араб режимінің Араб көктемімен өзгере бастауының ең басты себептерінің біреуі де әлеуметтік медиа болғанын байқаудамыз. Өйткені бақылау астына алынбаған әлеуметтік медиа құралдары арқылы қауымдар көптеген нәрседен хабардар бола алған және наразылықтарын көрсете алған.

   Әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдары бұл жай ғана қарым-қатынастың жаңа тәсілінен кең ұғым, ол адамдардың бір-бірімен әрекеттесуінде құрылған. Әлеуметтік медиадағы коммуникация «әлеуметтік желілер» арқылы жүзеге асады.

    Әлеуметтік медиа сонымен қатар түрлі жалғандар айтыла алатын және жалалар жабыла алатын бір құралы болып табылады. Әлеуметтік медиада ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратудың өзі кейде қиынға түседі.

    Әлеуметтік медиада тек ой-пікірлердің ғана емес, кейде түрлі ахлақсыздықтың, тәртіпсіздіктің тізгінсіз түрде ойран салуына да мүмкіндік беруде. Әртүрлі шабуылдардың жасалуына ыңғайлы. Facebook-тың құрушысы осыған шара іздестіруге ұмтылған.

    Әлеуметтік медиа арқылы өздеріне тікелей жете алуы үшін жалпы қауымның жаманшылық әрекетіне олқылық жаратуда. Бұл олқылық жалпы қауымды өз мүдделері аясында қолданғысы келген барлау ұйымдары үшін де пайдалы. Стамбул қаласының Таксим алаңында «саяхат паркінде» кесілген бірнеше ағаш себепті Түркияда жаппай қауымның қалай шеруге шыққанын баршамыз көрдік. Кейбір елдерде «Сары», «Күлгін»  сынды төңкеріс  әрекеттерің Ашық қауым институт сияқты халықаралық ұйымдармен тікелей байланыстырғанын білеміз.

 Әлеуметтік медианың жаман жағынан сөз қозғайтын болсақ онда күдіксіз тұзақтарды ұмытпағанымыз жөн. Белгілі бір күн тәртіп жарату үшін немесе қарсы жақтағы тұлғалардың, ұйымдардың абыройын айрандай төгу үшін тіркелген жалған есеп-шоттары арқылы бір пропаганда жүргізуге болады.

    Тұзақтардың да ықпалымен әлеуметтік медиада кейде шындық мағынада мағынасын жоғалтып алғанын және ақиқаттың қылышының мықты екенін де үнемі көруге болады. Тұзақтар үшін әлеуметтік медиа тек ғана шабуыл құралы болып табылады.

     Қанша ұлттық барлау ұйымы әлеуметтік медиа фирмаларының мағлұматына ие?

     Әлеуметтік медианы бағалаған кезде ұмытылған бір жағдай әлеуметтік медиа фирмаларының біз жайлы көптеген мағлұматқа ие болуы. Осы платформада бөлісілген  жкені мағлұматтарымыз туралы  сөз қозғамай-ақ қояйын. Әлеуметтік медиа жеке адамдардың, қауымдардың және тағы басқа әртүрлі топтағы адамдардың адамдық ерекшелігін, куәлігін, саяси көзқарастарын, діни тұғырын, этникалық жағдайын, талғамдарын жинақтауда. Әлеуметтік медиа фирмаларының белгілі сандағы талғамдары арқылы адамдардың өзіндік анализдерін жақын достарынан тіпті жақсы білгенін естеріңізге сала кетейік. Осы тұрғыдан алғанда бұл фирмалар қолдарындағы мол дерекпен барша әлемді қадағалап, анализ еткен George Orwell-дің 1984 жылғы романындағы телеэкран тәрізді. Бұл жағдай фирмаларға, бұл фирмалармен бірге жұмыс істеген барлау ұйымдарына, мемлекеттерге теңдессіз бір күш беруде. Бұларға алайда ақысыз қызмет бермесе керек. Ой жүгіртетін болсаң, әрбір оқиғада қиын жағдайдағы сынды көрсеткен наразылықтарымыз, айтқан көзқарастарымыз, қайсы елде, қандай оқиғалар алдында, қайсы топтардың қандай наразылық көрсететіні жайлы  мағлұматтар бізге осы фирмалар арқылы жеткізілуде. Әлеуметтік медиадағы ой-пікір бөлісулеріміз әр күні түрлі тақырыпта миллиондаған адамдар арқылы жүргізілген бұқаралық зерттеулерге ұқсайды. Осы мағлұматтар немесе санақтар жайлы фирмалар  ұзақ мерзімді анализ жасауда. Мұнша ұзақ уақыттық және кең көлемді анализдер жайлы  ұйымдар мен жеке адамдар беймәлім болса керек. Анализдер бір жақты емес, адамдардың өздеріне тән ерекшеліктері туралы анализдерден, сол адамның мәдени, әлеуметтік, саяси талғамдарын, жұмсаған ақшаларынан кемшіліктеріне дейінгі жан-жақты қырларын білуіне болады. Бұл жағдай барлық елдердің өз болашақтары тұрғысынан сөзсіз түрде ой жүгіртетін жағдай.

     Менмен құрбылас адамдар, яғни белгілі жастан жоғарғылар әлеуметтік медианы қолдануда немесе қолданбауда. Бірақ біздің жасымыздан төмендегілер әлеуметтік медианың ішінде дүниеге келіп, медиамен бірге өсуде. Отбасы дәстүрі және отбасы ара қатынастар азайғаны себепті балалардың емін-еркін өскенін көрудеміз. Әлеуметтік ортаның мағынасы барған сайын азайған бір ортада әлеуметтік медиа күн өткен сайын балаларымыздың ермек құралдарына  айналуда.  Қолданушылардың маңызды бір бөлімі үшін қағидалар, принциптер жоқ. Тұзақтардың, өтіріктің, жалғаның көп болған бір ортада балаларымыз қайда қарай бет алады? Осындай ортада қандай бір әлем жаратылады?

         Мен үмітсіз емеспін. Айтқанымдай барлық кемшіліктеріне қарамастан әлеуметтік медиа жақсы мүмкіншіліктер де ұсынуда. Балаларымыз тұрғысынан олардың қоғаммен қоян-қолтық араласуын әлеуметтік медиаға тастау емес, өз жауапкерліктерімізді орындай отырып оларға дұрыс бағыт көрсету. Әзіреті Мәулананың  айтқанындай негізі жақсы қаланғаннан кейін балаларды  еркін қоя берген жөн. Алайда негізі жақсы қаланбаса, онда болашағын қиынға түседі.

    Қысқаша қорытынды бойынша әлеуметтік медиа біздің түсіндіргенімізден тәуелсіз түрде өз жолын жалғастыруда. Қарсы немесе жақтаушы болуды қойып, әлеуметтік медианың желісін өзіміз, отбасымыз, мемлекетіміз және адам баласына деген пайдасын арттыру, зияндарын азайту керек.


Этикеттер: #медиа

Ұқсас жаңалықтар