15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні еске алынды

Проф. Др. Доктор Кудрет Бүлбүлдің мақаласы.

1236723
15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні еске алынды

       

15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні еске алынды

2016 жылы 15 шілдеде Фетуллахшы террористік ұйымның (ФЕТӨ) 251 кісінің шейіттігі және мыңдаған адамның жаралануымен аяқталған төңкеріс талпынысының үшінші жылына келдік. Түркияның қауіпсіздік, хабар алу, сот сияқты маңызды стратегиялық ұйымдарына жасырын кірген ФЕТӨ мүшелері қолға түсірген ұйымдарды, елдің ұшақтарын, танктерін қолданып, ұлтымызды, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін, Президенттік сарайды бомбалап, төңкеріс жасауға талпынды. Уақыт өткен сайын ФЕТӨ-нің Түркия және әлем үшін қаншалықты қауіпті екені айқындалуда. ФЕТӨ-нің жаһандық өреде қалыптастырған қаупі және жасалуға тиісті шараларға тоқталамыз.  

ФЕТӨ-нің жаһандық өресі мен бүгінгі жағдайы

Түркия сияқты жетекші елдер жаһандық актерлер тарапынан жалғыз тасталмайды. Бүгін Германия Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін өзіне бұйырылған жүйе және тәртіппен басқарылуда. Түркия да ұзақ уақыт мұрагерлік (қамқоршылық) әкімшілігімен басқарылды. ФЕТӨ салқын соғыстан кейін Түркия үшін дайындалған жаңа қамқоршы болып табылады. Түркияның географиясы мен тарихи өресі тұрғысынан Түркияға берілген маңыздылық ойластырылғанда, ФЕТӨ Түркиядан жаратылған бір аймақтық қамқоршылық жобасы болмақ. Өзін жасыру, түрліше атпен кірген елдерінде жүйені қолға түсірудегі табысына қарағанда ФЕТӨ жаһандық бір қамқоршылық ұйымына айналып отыр.

15 шілденің үшінші жылында ФЕТӨ-нің бітіп-бітпегені таласта. Өзін жасыру және адамдарды алдауға құрылған бір террорлық ұйымға байланысты ашық ортада болмағандықтан нақтылы шешім айту қиын. Алайда беті ашылғандықтан ФЕТӨ-нің Түркияда ұйымдық қозғалу мүмкіндігі азайды. Түркияда ФЕТӨ-ге байланысты айқын танымдық көзқарас бар. Түркияда ФЕТӨ бұдан былай ұйымдық емес, мүшелерінің жекеше террорлық ниеті тұрғысынан қауіпті.

Жоғарыда айтылғанындай, Түркия сияқты елдер үнемі қамқоршылардың билігінде болуға итермеленеді. Сондықтан жаңа бір қамқоршы факторы ретінде жаңаша ФЕТӨ мүмкіндіктері әрқашан ақылда болады.

ФЕТӨ жаһандық аренада әлі де үлкен қауіп

ФЕТӨ, ПКК, ДАИШ сияқты ұйымдар - жаһандық актерлердің пайдалануына ыңғайлы ұйымдар. Бүгінгі әлемде соғыстың ерекшелігі өзгерді. Биологиялық соғыстар, генетикасы өзгерген құбыжықтар да жаңа соғыс үлгілері. ПКК және ДАИШ-пен салыстырғанда генетикасы өзгерген ұйым ретінде ФЕТӨ тіпті ықпалды. Себебі 150-ден астам елге таралды. Осы аяда қолдау берген хабар алу ұйымдары ФЕТӨ-ні өздері үшін қолдануға оңай деп қарайды. Өндірілген биологиялық құбыжықтармен салыстырғанда тек табиғатта ғана емес, кірген елдерінде хабар алу, қауіпсіздік, сот және стратегиялық ұйымдарда белсенді.

Сонымен бірге кірген елдерінің көбі оны анық танымайды. ФЕТӨ-ні азаматтық және діни ұйым деп қарайды. Олар ФЕТӨ-нің елге қарсы хабар алумен айналысқанын сезбейді.

Түркия тұрғысынан табыссыз төңкерістен кейін Түркияға қарсы ұшқары солшыл, ПКК, армияндармен ынтымақтастық арқылы Түркияға зиян салу талпынысында.

Не істей алады?

Жаһандық өреде:

ФЕТӨ-мен бірге жұмыстанған елдердің хабар алу ұйымдары ФЕТӨ опасыздық бағдарламаларының тек өздерімен сәйкесті жұмыстанғанын ойлауы мүмкін. ФЕТӨ-ні қолдандық деп межелейді. Керісінше, ФЕТӨ өздерін қолданған елдер үшін де қауіпті. Отбасына, еліне, ішінен шыққан қоғамға адалдығы жоқ бір террор ұйымының аталмыш елдерге адал болуын ойлау шындыққа қаншалықты үйлеседі?

Түркия 2016 жылы 15 шілдеде күллі әлемге төңкеріске қалай қарсы тұруға болады? Демократиясы, ұлттық жігер, еркіндіктер және азаматтық ұйымдар қалай құрылады? Мұны айқын көрсетті.

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Кеңесі және басқа халықаралық ұйымдармен демократия, азаматтық ұйым және еркіндіктерді қорғау мен күшейтуді мақсат еткен ресми немесе азаматтық ұйымдармен аталмыш тәжірибелерін бөлісу үшін ынтымақтастық орнатуына болады. Осы ұйымдармен ортақ бағдарлама жетілдіруіне болады.

Соғыстан шыққан бір мәжіліс ретінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жыл сайын жаһандық өреде "15 шілде Ұлттық жігер" жүлдесін беруді ойластыру керек.

Әрекет жасаған елдеріне бағытталып Түркия ФЕТӨ-нің қатысты елдердегі әсіресе білім беру салаларына бағыттап белсенді жұмыстар жасауда. Алайда бүгінгі күні ФЕТӨ жұмыстанған көптеген елде бірқатар стратегиялық орынды қолға келтірген, кейбір елдерді толығымен басқаратын жағдайға жеткен. Бұл елдердің әлі түсіне қоймаған қауіпті танулары үшін  талпыныстарды мұқият жалғастыру қажетті.

Мемлекет, хабар алу және қоғамдық ұйымдар өресінде:

Президентіміз ФЕТӨ-ге қарсы күресті мықты жалғастыруда. Басқа мемлекеттік ұйымдарымыз да қатысты ұйымдарға ФЕТӨ-нің Түркия үшін ғана емес, негізінде өздері үшін қауіп екеніне байланысты ескерту жұмыстарын көбейтуіне болады.

Университеттер, ой-пікір ұйымдары, зиялылар:

Түркияның табысты қадамына қарамай,  жай бір адамның табынған ұйымы ішінде мәңгүртке қалай айналатыны, жабайы сеніммен түрліше жамандыққа қол созуының сатылары әлі анықталған емес. Ұйымға жұғысқандарға қарата құтқару бағдарламасы дайындалған жоқ.  Түрліше елдердегі университеттер, ой-пікір ұйымдары, білім және дін ғалымдары осы бағдарламаны қалыптастыру үшін жұмыстанғаны жөн. Түркиядағы унивеситеттер мен ой-пікір ұйымдары ФЕТӨ белсенді болған елдердегі әріптестерімен ортақ рапорттар, іс-шаралар дайындаулары, жұмыстарда тәжірибе алмастыруларына әбден болады.

Әсіресе зиялылар, жай азаматтар ФЕТӨ-нің қандай ұйым екеніне байланысты толық пайдаланылуы, азаматтардың ФЕТӨ жөнінде мәлімет беру жұмыстарына мүмкіндік берілуі керек.

Ақпарат, мәлімет тарату, ескерту іс-шаралары:

Біздің қоғамымыз оқиғаларды тез ұмытады.  Аталмыш қайғының қайталанбауы, тәжірибелердің болашақ ұрпақтарға жеткізілуіне байланысты іс-шаралар жасалғаны абзал. Осы тұрғыдан көп шәйіт берілген жерлерде ФЕТӨ опасыздығын көрсететін мұражайлар құру керек. ФЕТӨ опасыздық көрмелерін жылжымалы түрде дайындауға болады. Аталмыш мұражайлар мен көрмелерде сол күні жай адамдардың көрсеткен батырлығы, қысқа өмірбаяндары, жекеше мүліктері, жұбайы, балалары және жақындарының сезімдері орын алуы тиіс. Көрмелерді шетелге шығару да орынды. Шетелдегі өкілдіктерде белгілі уақытта көрмелер ашу керек. Шетелден келгендерге осы мұражайларды көрсеткен жөн.

Түркия ФЕТӨ-ге байланысты ауыр бедел төледі, шейіттер берді, тарихтың ең опасыз террор ұйымын анықтады. Осы қауіпті елі үшін негізінен жойды. Жоғарыдағы іс-шаралар тек Түркия үшін ғана емес, қатысты елдер мен адамгершілік үшін қажетті іс-шаралар. Түркия өзі өтеген ауыр беделді, қайғыны басқа елдер өтемесін, опасыздықты олар да көрмесін деген талпыныста.

 



Ұқсас жаңалықтар