Франция: Якобендік зайырлылық

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1210293
Франция: Якобендік зайырлылық

Түркияның немесе сіз тұратын елдің азшыл мектептерінде отбасылардың еврей немесе христиан киімдерімен балаларымен бірге мектеп саяхаттарына қатысуына тыйым салынғанын ойлап қараңыз.

Сенбейсіз, солай емес пе? Қазіргі кезде бұл қалай болады? Қандай жабайылық, артта қалғандық деп ойлайсыз.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласын ұсынамыз.

Тоқтаңыз, мазасызданбаңыз,  бұндай нәрсе Түркияда емес  немесе сіз тұратын елде емес, Францияда болып жатыр.  Франция мұсылмандар үшін осындай шешім қабылдауға дайындалуда.

Францияда Сенат үкімет дайындаған мектеп заңы аясында мектеп саяхаттарында оқушылардың қасында болатын ата-ана немесе жақындарының орамал тағуына тыйым салатын бапты мақұлдады. Заңның күшіне енуі үшін Мәжілістен де өтуі керек.

Францияның Білім беру министрі Бланке мектептік саяхаттарда ата-аналардың діни символдар тасымауы үшін қолынан келгенді істейтінін білдірді. Орамал тағатын аналардың,  оқушылардың туыстарының,  бастауыш мектеп жасындағы балалардың мектеп саяхаттарына қатысуын зайырлылық принцибі алға тартылып тыйым салатын жоба ата-аналардың діни ешбір ишарат тасымауы керектігіне сүйенеді.

Францияда, батыстағы көптеген елде,  әсіресе Австрияда осыған ұқсас тыйым салатын істер мен пайымдар енді қарапайым жағдайға айналды.  Тек осы іс қана бұдан бұрынғы мақаламда жазылған батыстың қандай дағдарыста екенін көрсетуге жеткілікті. Біз де енді көп мысал келтірмей-ақ, Франциядағы осы істі қолға алып,  қандай еркіндік дағдарысы болып жатқанына, тоталитаризмге қалай жылдам жылжып бара жатқанымызға тоқталайық.

Еврей және христиандар тұрғысынан осындай нәрсе көзделмегендіктен заңды теңдік жағынан сынауға болады. Бірақ өзгеше тұрмыс стильдерін жоятын,  қысымшыл,  жабайы және діни еркіндіктерге,  адам құқықтарына қайшы осы істің теңдік үшін баршаға орындалуын сұрау да басқа бір қателік. Иә, теңдікке де қарама-қайшы. Бірақ біз  қысымда және еркіндікті шектеуде теңдік болмау керектігін қолдауымыз керек.

Мақсатынан алыстап,  қысым құралына айналған зайырлылық

Батыс үшін зайырлылық – дін соғыстарынан құртылу үшін жағымды және алға бастыратын бір қадам.  Өзгеше тұрмыс түрлерінің жалғасуы құқығын дін еркіндігін қорғауға бағытталып жетілдірілген механизм. Біздің тарихымыз тұрғысынан болса діндер әрқашан түрліліктерімен бірге тату-тәтті өмір сүріп келді.  Батыста зайырлылықтан күтілген пайда Исламның кішіпейіл және плюралистік көзқарасында жатыр.

Израильдік тарих профессоры,  соңғы кездердегі танымал жазушы Явал Ноах Хараридің сөздері осы жағдайды анық түсіндіреді:

«Орта ғасыр Еуропасында толеранттықтың ізі де жоқ. 1600 жылдары Парижде барлығы католик болатын. Бір протестант қалаға кіргенде,  оны өлтіретін еді.  Лондонда барлығы протестант болатын.  Бір католик азамат қалаға келгенде,  оны өлтіретін.  Сол жылдары Еуропада еврейлер жер аударылатын.  Ешкім мұсылмандардың келуін қаламайтын.  Ал дәл сол кездері Стамбулда түрлі секталардан мұсылмандар,  католиктер,  армяндар,  православтар, понтилер, болгарлар бірге тату-тәтті өмір сүретін»

Батыста зайырлылық түрлі нанымдарды,  тұрмыс түрлеріне бас қостырудың бір механизмі ретінде жоспарланғанына қарамастан,  әсіресе Францияда зайырлықтың көбіне дін үшін жүргізілген қысымдарды да сағындыратын қысым құралына айналғанын байқаймыз.  Жоғарыдағы мысалда да көрінетін секілді,  тек саяси емес,  діндерді тұрмыстың барлық алаңдарынан шеттетуге тырысады. Бір діннің қысымына кедергі болуға тырысқан кезде,  зайырлық өмірдің барлық алаңында барлық діндерге қысымға айналған жаңа бір дінге айналды. Шеңберін дін қайраткерлері емес,  мәжіліс және сот органдары айқындайтын жаңа бір дін. Зайырлықтың түрлі тұрмыс стильдерінің алаңдарын осыншама қысып, шектеуін көрген соң, осы елдер бір дін үшін басқарылған жағдайда,  өзгешеліктерге қарсы одан да қысымшыл болады ма деп ойламай да тұра алмайсың. Зайырлылықты сылтауратып басқа наным мен тұрмыс түрлері қоғамнан шеттетілетін болса,  білім беру,  мәдениет,  саяси алаң толығымен зайырлыққа қарай реттеліп,  қоғамның барлық мүшелерінен зайырлы болу мақсат етілсе, мұндай жүйенің фашистік немесе коммунистік азамат қалыптастыруға тырысқан тоталитарлық жүйелерден не өзгешелігі болады?

Бала жөнінде кімнің сөз құқығы бар?

Якобендік зайырлылық түсінігі ең көп байқалатын алаңдардың бірі – балалардың түрлі наным-сенімдерге қарсы «қорғалуы».  Жоғарыдағы мектеп саяхаты мысалында болғаны секілді баланы өмірге әкелген отбасының діни ерекшеліктерімен балаларымен бірге саяхаттауына тыйым салады. Бұл жағдайда білімін,  мәдениетін, куәлігін, санасын анықтауда бала жөнінде құқық кімде болуы керек деген мәселе ортаға шығады.  Мемлекет пе? Отбасы ма? Егер осы сұрақтың жауабы «мемлекет» болса, коммунизмді, фашизмді,  нацизмді неге сынаймыз? Мемлекет баланы өмірге алып келген отбасыны елемей,  қалай ғана осындай құқықтарға ие болады? отбасы баласына негізгі адам құқықтарына қайшы, терроризмге бағыттап білім беріп, тәрбилейтін болса,  онда мемлекет әрине араласады. Бірақ қалыпты жағдайда баланың қандай куәлікте болатынына отбасы шешім беруі қажет.

Англо-саксон Еуропа зайырлылығы

Секуляризм деп те алатын англо-саксон зайырлылығы діннің мемлекет істеріне араласуына кедергі жасау мақсатында болады.  Сонда да осы елдерде дін мен мемлекет істері бір-бірімен астасып жатыр.  Ұлыбританияда патшайым ресми түрде англикан шіркеуінің де төрайымы.

Еуропада болса «бұрынғы жүйе» құлағаннан кейін зайырлылықпен мақсат етілген, ағарту қозғалысымен көзделген нәрсе діннің, дәстүрдің, аралық органдардың тек саяси алаңнан ғана емес,  қоғамдық алаңнан да шеттетілуі,  ешбір жерде кездеспейтін түрде «қапасқа» алынуы. Бұл көзқарас Франция революциясы секілді қанды төңкерістердің,  Гитлер мен Муссолини секілді қандықол лидерлердің англо-саксон елдерінде емес, құрлық Еуропасында шығуының, бүгінгі күні де осы территорияның нәсілшіл партиялар билікке көп келген жерде болуының маңызды себептерінің бірі.  Себебі дін,  дәстүр және жеке азамат пен мемлекет арасында аралық органдар толығымен жойылған  жағдайда, ақыл мен ақылға сүйеніп құрылған мемлекет пен лидерлерін шектейтін ешбір фактор қалмайды деген мағынаға келеді.

Сөзімізді француз жазушы Симона де Бовуардың біз сөзімен аяқтайық: «Адам үшін ойлап табылған идеологияларға тәуелді болғанымыз соншалықты адамды ұмыттық»



Ұқсас жаңалықтар