Руандадағы геноцид
Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

БҰҰ-ның 1948 жылғы Геноцид қылмысының алдын алу және жазаландыру келісіміне қарағанда, ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни бір топты толығымен немесе ішінара жою мақсатымен жасалған істер геноцид қылмысын қалыптастырады. Осы істер мыналар: бір топқа жататындардың өлтірілуі, топтың мүшелеріне физиологиялық және интеллектуалды түрде үлкен зиян келтіру, топтың жаппай немесе ішінара болмысының жойылатынын есептеп, тұрмыс шарттарын қасақана түрде өзгерту, топ ішіндегі туулардың алдын алу арқылы шара қолдану, топтың балаларын басқа бір топқа күштеп ауыстыру.
1944 жылы польшалық еврей – Рафаэль Лемкин фашистік Германияның еврейлерге бағытталған жүйелі түрде жою жоспарын түсіндіруге тырысқанға дейін литературада геноцид деген ұғым болмаған еді. Лемкин нәсіл мағынасында грекше «гено» сөзін өлтіру деген мағынадағы латынша «цид» сөзімен бірлестіріп, «геноцид» ұғымын бірінші рет қолданады. Осы ұғым негізінде кейбір батыс елдерінің адамдыққа жатпайтын істері үшін ойлап табылған болса да, үғымды осы батыс елдері көбіне батыс тысындағы елдер үшін қолданады.
Сөздің басын осы апта Францияда бір комиссия қалыптастыру бастамасы арқылы Руанда қырғынына тірегім келіп тұр. Руанда қырғыны - Босниядан кейінгі адам баласының басына келген ең ауыр геноцид.
Тарих беттерінен: Бельгиядан да сондай әдіс: бөлшекте, бөл, басқар.
Руанданың тарихы отарланған басқа да көптеген елдің тарихынан көп өзгеше емес. Бірінші рет Германия отарлап алады. Немістер Бірінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліп шыққаннан кейін Руанданы Бельгия басып алады.
Руанданың отарлануы әдісі де басқаларынан бөлек емес. Бельгияның Руандада істегені Ұлыбританияның «бөлшекте, бөл, басқар» саясатының басқа бір варианты. Бельгия да империалист басқа елдерде болғаны секілді империалист жүйе үшін азшылыққа қолдау беру саясатын жүргізеді. Осы мақсатпен Германия бастаған хутуларға қарсы тутсилердің бас сүйектеріне қарағанда үстем тайпа екені тезисін қолдайды және жалғастырады. Осылайша ғасырлардан бері тату-тәтті өмір сүрген тутси және хуту тайпалары арасында келіспеушілік шықты.
Бельгияның «Бөлшекте, бөл, басқар» саясатының нәтижесінде ел тәуелсіздік алғанға дейін азшыл тутсилер тарапынан күшпен басқарылды. Руанда 1961 жылы тәуелсіздік алғанда болса басшылық хутулардың қолына өтеді. 1950 жылдардан кейін Бельгия хутуларды қолдай бастады. Бұл жолы көп уақыт бойы езілген хутулар өздеріне істегелгендерді тутсилерге істеді.
1994 жыл: 1 миллион адам қырылды
Азшылықтағы тутсилер мен көпшілік хутулар арасындағы шайқастар 1994 жылға дейін жалғасты. 1994 жылы хуту мемлекет басшысы Хабиаримана тутсилермен келіссөз үстеліне отырады. Келісімге келеді. Келісімге қарағанда тутсилер де ел басшылығында орын алады. Бірақ мемлекет басшысының ұшағы апатқа ұшырап, өлтіріледі.
Мемлекет басшысының өлтірілуінен тутсилерді жауапты деп есептеген хутулар қорқынышты қырғын жасайды. Жүз күнде шамамен бір миллион тутси және хуту өлтіріледі. Бұл бір күнде 10 мың адамды өлтіру деген сөз. Қырғынға мемлекеттік қызметкерлер мен баспасөз де қолдау көрсетеді. Отпен атылатын қару-жарақтары болмағандықтан радикал хутулар қылышпен қырады. Өртейді, әйелдерді қинайды. Бельгия берген хуту және тутси екенін анық көрсететін куәлік карттары тутсилердің дереу анықталып, өлтірілуіне көмектеседі. Геноцид жүз күннен кейін тутсилер қалыптастырған Руанда Отансүйгіштер майданы бас қалаға кіргеннен кейін аяқталады.
Жазықсыздарды қорғаудың орнына әскерлерін әкеткен БҰҰ
Геноцид басталғанда елде БҰҰ Бейбітшілік миссиясының 2500 әскері бар еді. Тутсилердің жалғыз қорғаны осы БҰҰ миссиясы болатын еді. Бірақ БҰҰ Бейбітшілік миссиясының реакциясы 1995 жылы Босниядағы Сребреница қырғынынан өзгеше болмайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен 2500 әскер санын 250-ге азайтады. Сребреницада қаланы қорғауға міндетті голландиялық БҰҰ күші қолбасшысы Том Карреманстың өзін бас сауғалап келген 25 мың адамды және қаланы сербтерге тапсырып бергені секілді.
Францияның ролі
Руанда мемлекет басшысы Кагаме Франция және Бельгияны геноцидтің тікелей саяси дайындаушылары деп айыптайды. Геноцид құрбандары Франция және Бельгияда осы ел басшыларына қарсы соттық іс ашты.
Руандадағы католик шіркеуі шіркеудің геноцидте ойнаған роліне байланысты руандалықтардан кешірім сұрады.
Руанда Геноцидпен күресудің ұлттық комиссиясы 2016 жылы «геноцид қылмысының жауаптысы және ортағы» деген себеппен арасында Штаб-пәтер басшысы Джак Ландакс те бар жоғары деңгейдегі Францияның 22 офицерінің атын жариялады. Француз офицерлер қырғын жасағандарды дайындау және оларды қару-жарақпен қамтамасыз етумен айыпталуда.
Франция 1994 жылдың 23 маусым күні елдің оңтүстік батысында босқындар үшін сенімді аймақ қалыптастыру мақсатымен операция бастайды. Алайда Франция қырғынның алдын алудың орнына геноцид жасаушыларға қару мен оқ-дәрі беріп, Руанда Отансүйгіштер майданының жылжуына кедергі болады. Француз журналист Saint-Exupery хутуларды қаруландыру нұсқауының сол кездегі президент Миттерандтың Бас хатшы Юбер Ведриннің жазбаша бұйрығымен берілгенін алға тартады.
Францияның бұрынғы президенті Миттерандтың «Ле Фигаро» газетіне 1998 жылы берген сұхбатында сөйлеген сөздері қорқынышты: «Ол елдерде бір қырғын болуы соншалықты маңызды нәрсе емес»
Халықаралық наразылықтар және адам құқықтары саласынан келген сындарға байланысты 25 жылдан кейін соңында Эммануэль Макрон 2019 жылдың сәуір айында геноцидке байланысты комиссия құру шешімін қабылдады. Ал бейтарап бақылаушылар болса тақырыпты жетік білетін мамандар емес, Франция таңдаған тұлғалардың комиссияда орын алатынын айтып, сынауда.
Бельгия мен Франция айыпталған Руанда қырғыны осыдан 25 жыл бұрын болды. Брентон Тарранттың жұма намазында 50 адамды қыруы болса өткен айда болды. Көбіне империализм артта қалды, ақ нәсілдердің терроризмі, нацизм түрі жойылды деп ойлаймыз. Осылай ойлау – адам болғанымыздың бір шындығы. Осындай қырғындардың тарихтың шаң басқан беттерінде қалуына үміттеніп, тілейміз. Бірақ біз қаншалықты ұмытсақ та, империалисттік күштердің адам өлтіретін идеологиялары әлі тірі. Реті келгенде әрдайым бізге еске салып отырады. Бүгін бұрынғыға қарағанда одан да көп қан төгетін техникалық жабдықтарға ие. Біз адам баласы ретінде қырғын батыстан туындағанда бұрынғыдан да аз тойтарыс беру, наразылық білдіру ұстанымындамыз.