2019 жылғы сайлау: Түркия диктатура ма еді?

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

2019 жылғы сайлау: Түркия диктатура ма еді?

1840 жылы басталған,  Республика дәуірінде 19-шысы өткізілген Түркияның соңғы жергілікті әкімшілік сайлауы 31 наурыз күні жүзеге асырылды.  Джумхур одағы 51,6 пайыз,  Миллет одағы 37,5 пайыз дауыс жинады.  Партиялардың дауыстары 2014 жылғы жергілікті сайлаумен салыстырғанда бейресми қорытындылар мыналар: Әділет және даму партиясы 2014 жылғы 43,1 пайыз дауысын осы сайлауда 44,3 пайызға арттырды.  Бірақ қалалық муниципалитет саны  48-ден 39-ға төмендеді. Республика халық партиясы 26,6 пайыздан даусын 30,1 пайызға арттырды.  Қалалық әкімшілік санын 14-тен 21-ге арттырды.  Ұлтшыл қозғалыс партиясының даусы 17,8 пайыздан 7,3 пайызға төмендеп, қалалық әкімшілік саны 8-ден 11-ге артты.  Халықтардың демократия партиясы бұдан бұрынғы сайлауда BDP-мен бірге 6,2 пайыз дауыс жинады. Бұл сайлауда жинаған даусы  4,2 пайыз.  Бірақ муниципалитет басшысы саны азайды.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің анализін ұсынамыз.

Ал осы қорытындылар қандай мағынаға келеді? Осы бағдарламамызда Түркиядағы жергілікті әкімшілік сайлауы қорытындысының жаһандық және ұлттық деңгейдегі мағынасына тоқталамыз.

Сайлауда жеңілгендер – «Түркия диктатура» дегендер

Жергілікті әкімшілік сайлауы болғанына қарамастан,  халықаралық медианың Түркияның сайлауына көп назар аударғаны белгілі.  Мұның маңызды себептерінің бірі – осы жолдар жазылған кезде Анкара, Стамбул секілді ірі қалалардың басшылығының өзгерген болуы.  Жаһандық кейбір медиа және саясат қайраткерлері өздерін Түркияның авторитарлық,  диктатурамен басқарылғанына сендіргендері соншалықты, сайлау нәтижесіне қарай қалыпты жағдайда кейбір қалалардың басшылығының ауысуына қатты таңғалды. Шамамен 180 жылдан бері жергілікті әкімшілік сайлауын өткізіп келе жатқан Түркияда бұл жағдай көп таңғалыс ояндырмаса да, өздерінің «шектелген» көздерімен Түркияға қарайтын кейбір батыс медиасы мен лидерлері қорытындыны түсінбей жатыр.  Кейбіреулердің Түркияға бағытталған арандатушы,  азғындатушы сөздері тағы бір рет әшкереленді. Сондықтан сайлаудың ең көп жеңілгені - Тайып Ердоғанды диктатор деп айыптағандар.

Басқа елдерде коммунистік партия бар ма? Болса сайлауда жеңіп шыға ала ма? Білмеймін. Осы сайлауда Тунджелиде Түркия Коммунистік партиясының кандидаты жеңіп шықты.  Оның үстіне PKK террористтік ұйымының қорқытқанына және Халықтардың демократия партиясының қысымына қарамастан.  Бұл жағдай да шындықты көретіндер үшін Түркияның жақсы істеп тұрған демократиясы бар екенінің басқа бір дәлелі.

Әділет және даму партиясы: табыс пен ескерту

Әділет және даму партиясы 44,3 пайыз дауыспен өзі құрылғаннан бергі он бесінші сайлаудан да жеңіп шықты.  2002 жылдан бері биліктегі партияның соңғы экономикалық дағдарысқа қарамастан бұдан бұрынғы жергілікті сайлауға қарағанда дауысын бір пайыз арттыруы- табыс.  2018 жылғы 24 маусым президенттік сайлауында алған 52,3 пайыз дауыспен салыстырғанда,  Джумхур одағы тек 0,7 пайыз дауыстан айрылып қалды.  Ел көлемінде дауысын арттырғанына қарамастан Әділет және даму партиясы кейбір ірі қалаларда муниципалитет басшылығынан айрылып қалды.  Президент Ердоған балкондағы баяндамасында осы жағдайдың себептерін тексеріп,  қажетті сабақты шығаратындарын білдірді.

Оппозициядағы Республика халық партиясы бұдан бұрынғы жергілікті сайлауға қарағанда дауысын арттырды.  Бірақ президенттік сайлауда кандидаты Мухаррем Индже жинаған 30,6 пайыз дауыстан төмен дауыс жинады.  Республика халық партиясы тұрғысынан табысты секілді көрінген нәрсе – кейбір ірі қалаларда даусын арттырып,  осы жерлерде басшылықты жеңіп алғандары.

Республика халық партиясының даусы артқан Анкара,  Стамбул,  Анталия секілді қалалардағы кандидаттарға қарағанда олар классикалық Республика халық партиясы дәстүрінен келген тұлғалар емес.

1994 жылғы сайлауда Режеп Тайып Ердоған сайлаудан кейін Фатиха оқыды деп наразылық көрсеткен Республика халық партиясының тұғыры әлі есімізде.  Осы сайлауда есте қалатын көріністердің бірі – Республика халық партиясының Стамбулдағы кандидаты Екрем Имамоғлуның Ясин дұғасын оқуы.  Түркияның қоғамы және құндылықтарымен тату бір Республика халық партиясы Түркия үшін пайдалы. Бұл жағдай президенттік басқару жүйесі және одақ жүйесінің табиғи нәтижесі деп қарауға болады.

Халықтардың демократия партиясына қарамастан «Күрдістан» емес Түркия деген күрд сайлаушылар

ХДП әдеттегідей сайлау қарсаңында жікшілдікті,  бөлшектеуді арандататын тіл қолданды.  Шығыста өз сайлаушыларының «Күрдістан» үшін дауыс беретінін білдірді.  Сайлауда ХДП өзінің қамалы ретінде есептеген төрт қалада жеңіліп қалды. Шырнак,  Агры,  Битлис Әділет және даму партиясын, Тунджелі қаласы болса Түркия Коммунистік партиясын таңдады. Шығыс және оңтүстік шығыстағы күрд сайлаушылар Түркиямен бірге болғысы келетінін,  Халықтардың Демократия партиясының қол астында болғысы келмейтінін тағы бір рет көрсетті.  Осы қорытындылар Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы одағына күрд сайлаушылардың наразы еместігін көрсетті.

Сайлаушылардың қатысу мөлшерінің азаюы бюллетеньдегі партия сұранысы ма?

Жергілікті әкімшілік сайлауына сайлаушылардың қатысу мөлшері Түркияда басқа елдермен, әсіресе батыс елдерімен салыстырғанда өте жоғары. Осы сайлауда қатысу мөлшері 84 пайыз болды.  Сонымен бірге бұдан бұрынғы жергілікті сайлаудағы 89 пайызбен салыстырғанда 5 пайыз төмендегенін көрдік.  Бұл өте мағыналы. Бұған осы сайлауда партиялардың өздері жеке емес,  одақ болып жарысуы ықпал еткен болуы мүмкін. Сайлаушылардың көбі ондаған жыл бойы дауыс берген партиясынан басқа бір партияға дауыс бергісі келмеген болуы керек. Сондықтан бұдан кейінгі сайлауларда одақ болатын болса,  саяси партиялардың өздері жеке эмблемаларымен бюллетеньде орын алуына мүмкіндік беретін жүйе қалыптастыру қажет.

Сайлаудың басқа бір нәтижесі – 2014 жылы 17,8 пайыз дауыс жинаған Ұлтшыл қозғалыс партиясының дауыстарының бөлінген болуы.  Ұлтшыл қозғалыс партиясы осы сайлауда 7,3 пайыз дауыс алғанына қарамастан,  қала әкімшіліктерін 8-ден 11-ге жеткізді. Ал керісінше 7,4 пайыз дауыс жинаған İYİ партия болса ешбір қалада жеңіске жете алған жоқ. Саадет партиясының да соңғы екі сайлауда даусы 2,7 пайызда.

Нәтижеде сандыққа жүгінгенде әрқашан болғаны секілді жеңіске жеткен – демократиямыз бен Түркия.  Қорытындылар Түркияны қате түсінетіндердің де санасына жетеді деп үміттенеміз.

 



Ұқсас жаңалықтар