Таррантизм?

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1171096
Таррантизм?

Австралиялық нәсілшіл Брентон Тарранттың Жаңа Зеландиядағы 50 мұсылманның өлімімен аяқталған лаңкестігінен кейін терроризмді бір әдіс ретінде қолданатын нәсілшілдіктің және ұшқары оңшылдықтың қалай аталуы керектігі таласы қайтадан күн тәртібіне келді.  Дәл қазіргі кең таралған сөз «исламофобиялық терроризм», «Исламға қарсы дұшпандық», «Анти-Исламизм»

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы мақаласын ұсынамыз.

Антисемитизм,  антиисламизм

20-ғасырда батыста болған еврей дұшпандығы мен еврейлерге қарсы жасалған адамдыққа жатпайтын қылмыстар жалпы антисемитизм деп аталады.  Сол секілді мұсылмандарға бағытталған күш қолдану мен террорлық істерді антиисламизм, ислам дұшпандығы деген атаулармен атау әрі адамдыққа жатпайтын бір трагедияны түсіндіру,  әрі антиисламизмді антисемитизммен бірге айыптау тұрғысынан фунциялық болуы мүмкін. Сонымен бірге осындай атаулар проблеманың түбірінде жатқан сананы әшкерелемейді.  Проблеманы көбіне құрбандар арқылы атап көрсетуде, проблеманы шығарғандарды және қылмыстыларын жасырады.

                Басқа жағынан батыстағы жақын және шын қауіп тек Ислам дұшпандығымен шектелмейді. Тарранттың батыс қоғамдарында ақ нәсілділерден басқа қоғамдарды өлтіруден басқа жол жоқтығын түсіндірген манифестінде көрінгендей ақ нәсілден басқаның барлығына қауіп төніп тұр. Нәсілшіл ақтар мен ұшқары оңшылдар үшін ақ нәсіл батыстан тыс қоғамдардағы ақ нәсілділерден бөлек тек Еуропадағы ақ нәсілділерді қамтиды.

               Фашизм,  нацизм,  сионизм

  Біз іздеген атау негізінде өте жаңа,  шеңбері белгісіз бір атау емес. Атаудың жалпы тақырыбын білеміз.  Нәсілшілдік.  Бірақ қазір біз бетпе-бет қалып отырған жағдайда нәсілшілдік деген атау жеткілікті емес. Қазіргі жағдай өз нәсілін жақсы көріп, ол үшін жұмыс істеп, оны алдынғы шепке шығаруды мақсат еткен нәсілшілдік емес.  Бұдан өте басқаша нәрсе. Өз нәсілі,  өзінің тұрмысы үшін басқа нәсілдерді,  басқаша өмір сүру салттарын жоюды мақсат еткен, сол үшін Еуропада жиі кездесіп тұратындай, ғибадатханаларды, адамдарды өз үйлерінде тірілей өртеуді, әртүрлі террорлық лаңкестіктерді бір әдіс ретінде қабылдайтын нәсілшілдік түрі.  Осындай жағдайлар үшін литературада қолданылған атаулар жеткілікті. Фашизмді мемлекеттік нәсілшілдік деп атауға болады.  Нацизм болса мемлекетті де өзі үшін құрал ретінде қабылдайтын,  немістердің үстемдігіне сүйенетін Ұлт нәсілшілдігі,  сионизм болса әрі ұлт, әрі дін нәсілшілдішінің біріккен күйі.  Сионизм Теодор Герцль тарапынан жетілдірілген, еврейлердің таңдалған ұлт екенін,  Тәңірінің (Арасына Түркияның да бір бөлімі енетін) уәде етілген территорияны өзіне бергенін, сондықтан осы топырақты алу үшін ешнәрседен аянбайтынын дәріптейтін саяси идеология ретінде қабылданады. Роджер Караудинің айтуынша нәсілшіл және отарлаушы идеология. Израильдің БҰҰ резолюцияларын, халықаралық құқықты,  адам құқықтары және негізгі еркіндіктерді елемей,  палестиналықтарға істеген істерін көптеген ойшыл мен адам құқықтары белсенділері Гитлердің еврейлерге істеген ісімен салыстырады. Әрине еврейлердің барлығы сионизмді қолдамайды.  Сионизмге қарсы шығатын, еврейлердің бір мемлекет құруын діндеріне қайшы деп білетін, сондықтан Израильді танымайтын правослов еврейлер де бар.

Вайтизм, васизм, таррантизм?

Фашизмді мемлекеттік нәсілшілдік,  нацизмді ұлттық нәсілшілдік,  сионизмді діни нәсілшілдік деп атасақ, бізге керек атау негізінде түс нәсілшілдігі.  Ақ үстемдігі терроризмді бір әдіс ретінде қолданған ақ нәсілшілдікті түсіндіруде өте жеткіліксіз.  Себебі қазір ақ нәсілдің үстемдігі бір наным болудан шықты,  бұл наным терроризмнің себебіне айналды.

Бізге керек атауды толық шеше алмасақ та,  қай жерден қалыптасуы,  қандай нәрселерге меңзеуі керектігін жақсы білеміз. Атау терроризмді және күш қолдануды бір әдіс ретінде қолданған ақ нәсілшілдердің санасынан өндірілуі керек.  Осы аяда фашизм мен нацизмге ұқсас,  олармен бірге жазғырылатын васизм немесе вайтизм ұғымдарын жасауға болады.  Васизм жалпы қолданыста ақ нәсілшіл терроризм,  шеттетуді, жек көрушілікті көрсететін үғым ретінде қысқа мерзімде қабылдануы мүмкін.  Бірақ осындай жағдайда өткен апта айтылған проблемамен кезігеміз.  Христиандық үшін жасалған терроризмді Христиан терроры,  Ислам үшін жасалғаны айтылған лаңкестікті Ислам терроризмі деп атау осы діндегі азаматтардың көбіне жала жапқанмен тең болады. Бұндай сөздер мен ұғымдар террорлық ұйымдардың мүддесіне пайда келтіреді.  Сол секілді ақ нәсіл үшін террорды қолданғандар себебімен ақ нәсілдің барлығын жазғыратын тіл қолданудан аулақ болуымыз қажет. Нацизмді немістерден бөліп, ұлт нәсілшілдігі,  сионизмді еврейлерден бөліп, бір ұлт және дін нәсілшілдігі екенін қабылдасақ, ақ нәсілшілдікті де мұны қабылдамайтын ақтардан бөлетін бір терминология қолдануымыз керек. Осы тақырыпта манифестін де жазғандықтан ақ нәсілшілдікке сүйенетін терроризмді Таррантизм деп атау еске түседі.  Таррантизм барлық ақ нәсілдің азаматтарын емес, манифестінде айтылғандай терроризмді бір әдіс ретінде заңды деп есептейтіндер үшін қолданылады.  Басқа ұғымдар кеңес берілетін болса, осы айырымды есте сақтау қажет.

Нәтижеде негізгі құқық пен еркіндіктерді, сөз бостандығын, өмір сүру құқығын елемейтін, терроризмді бір әдіс ретінде қолданатын ақ нәсілшілдік немесе ұшқары оң терроризмі үшін жаңа ұғым қажет екені анық.  Жасалатын әрбір ұғым,  термин құрбандарды меңзейтін емес, қылмыстының санасы жөнінде мәлімет беретін және осы сананы қылмысты деп есептейтін ұғым болуы керек.  Яғни фашизм,  нацизм және сионизмге ұқсас, олармен бірге жазғырылатын түрде, ақ нәсілшілдіктен шыққан, бірақ ақтардың барлығын күнәламайтын бір термин...

 

 



Ұқсас жаңалықтар