Таррант христиан террорист пе?

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1167183
Таррант христиан террорист пе?

Австралиялық террорист Брентон Таррант 15 наурыз күні Жаңа Зеландияда жұма намазы кезінде екі мешітке ойран салды.  50 мұсылманды шейіт етті. Ондаған адам жарақат алды.  Батыстағы террорлық лаңкестіктерден кейін ешбір өлім немесе қан ізі тікелей көрсетілмейді,  Тарранттың лаңкестігі әлеуметтік желіде тікелей жарияланды.  Әлеуметтік медиада және теледидарларда шабуыл мен мұсылмандар бетпе-бет қалған қырғын сәті бірнеше мәрте көрсетілді.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы мақаласын ұсынамыз.

Қарапайым қылмыскер ме? Террорист пе?

Осындай лаңкестікте бұл сұрақ өте орынсыз,  қаншалықты қайғылы.  Бірақ батыстық саясат қайраткерлерінің және медианың барлығына дерлігі Жаңа Зеландия тарихының ең қанды шабуылына террористік лаңкестік дей алмады. Терроризмді «жоспарлап, күш қолданып, қысым және қорқыту әдістерімен саяси мақсатқа жету құралы» деп атауға болады. Таррант бірнеше жыл бойы жоспарлап,  тікелей эфирде адамдарды қырып қана қоймады.  Батыста ақ нәсілден басқа барлық адамдардың неге өлтірілуі керектігі жөнінде 74 беттік манифест жазады. Таррант террорист емес,  істегені де лаңкестік болмаса, басқа ешбір оқиға террорлық акт деп есептелмейді. Тарранттың мыңдаған жылдық тарих, Ислам және түрікке дұшпан барлық адамдарды,  оқиғаларды білуі және оларды өзі қолданған қаруға оригинал тілдерде жазуы шабуылды жалғыз өзі емес, ғылыми қолдау алып жасағанының бір айғағы.

                     Батыста демократиялар мен еркіндіктер енді қорғансыз

Еуропада әсіресе экономикалық тоқырау салдарынан фашизм мен нацизм бара-бара артуда. Басқа демократиялық елдермен салыстырғанда,  нәсілшіл партиялар ең көп билікке келген елдер бүгінгі күні Еуропа елдері.  Нәсілшіл партиялардың ықпалының бара-бара артуы батыс елдеріндегі еркіндікшіл,  көпшіл және либерал орталардың үнінің өшуімен нәтижеленеді. Бұл орталар да қысымды көп сезінеді.  Батыста өзгеше тұрмыс түрлерін жоюға бағытталған қауіп артқан сайын осы қауіптің екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын болғандай бара-бара өздерін қоршауға алғанын көріп-сезінетін өте аз лидер қалды .

50 мұсылманның шейіт етілуінде сонда да батыста барлық дін, тілден,  нәсілден көкірегі ояу азаматтар наразылықтарын көрсетті.  Олардың мұсылмандармен ұйымшылдық ішінде екенін көрсетуі олардың еліндегі қысымды ойлаған сайын едәуір қымбат. Батыстық саясат қайраткерлері үнсіз қалса да, Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерннің ынталары проблемаларға батыста әлі күнге адам секілді қарай алатын лидерлер бар екенін көру тұрғысынан өте мағыналы.  Осындай үмітсіздік атмосферасында еліндегі мұсылмандар өздерін жалғыз және шарасыз сезінгенде,  Ардерннің басына орамал тағып, мұсылман қоғамға көңіл айта баруы едәуір құнды. Сөйлеген сөздері де нәсілшіл террористтерге жауап іспеттес: «Осы елде тумаса да,  осында өмір сүруді таңдаған барша – бізден.  Осы қорқынышты қырғынды жасағандар болса бізден емес». Ардерннің «не істейін?» деп сұраған Трампқа берген жауабы болса дәріс іспеттес: «Барша мұсылмандарға құрмет және сүйіспеншілік көрсетіңіз»

Христиан терроризмі ме?

Батыста саясат қайраткерлері мен медиа қылмыскері мұсылман болған оқиғаларды Ислам джихадшысы,  шариғатшы деп атауға асықса,  Тарранттың қырғынын «христиан терроризмі» деп атаған ешбір мәлімдеме көрген емеспін.  Ал Таррант болса манифестінде ақ нәсілділер тысында батыста өмір сүретін баршаны өлтіруге шақырады.  Шабуылында және манифестінде христиандыққа көп орын береді. Бір шабуылды бір дінмен байланыстыру керек болса,  бұл шабуылды христиандықпен байланыстыруға көп себеп бар.  Бәлкім батыста бара бара артқан осы шабуылдаушы сананы крестші терроризмі деп атау да орынды болып қалар.

Осылардың барлығына қарамастан мәселеге батыс секілді қарамау керек.  Батыс біздің мұғаліміміз емес. Олардың кейбір лаңкестіктерді Исламмен байланыстыруға тырысуына қалай қарсы шығатын болсақ,  осы шабуылды да христиан терроризмі деп атай алмаймыз.  Себебі терроризм себебі не болса да, террористтер мен дін, идеология және құндылықтар арасын ашпау тек террористтерге қызмет етеді. Ислам атынан жасалды деген лаңкестіктерден мұсылмандар,  христиандық атынан жасалды деген терроризмнен христиандар айыпталған әлемде бейбітшілік пен тыныштыққа жету қиын болады.

Басқа жағынан террористтер қолжаулық қылған діндер мен негізгі құндылықтардың терроризммен бірге аталуы ғасырлардан бері діндерді ұшқарылықтан қорғаған дәстүрлердің жойылуымен нәтижеленіп,  терроризмге одан да көп қызмет етуі мүмкін.  Досым Берат Өзипекпен сөйлескеніміз секілді Ислам кең тараған, джихад ықпалды болған және елдер көбіне шариғатпен басқарылған дәуірлерде және жерлерде әлемнің басқа жерінде болмағандай мұсылмандар,  христиандар, еврейлер тату-тәтті өмір сүретін еді. Сондықтан әлемде плюрализм, түрлі мәдениеттер ең тамаша болған жерлер басқа жерлерде емес,  мұсылмандардың билігіндегі Османлы территориясында,  Андулусияда және Үндістанда кездесті. Осы дәуірлерде ешбір мұсылман 11 қыркүйекте болғаны секілді жазықсыз адамдарды жаппай жою секілді бір іс жасамады,  жасамақ түгілі есіне де келмеді. Фетуллахшы террор ұйымында болғаны секілді өз халқына әскери ұшақтармен шабуылдауды есіне де алмас еді. Бұлардың барлығы – жаңа, заманауи қозғалыстар.  Тора Борадағы Будда мүсіндері Ауғанстан шариғатпен басқарылған кезде емес,  замандас кезде қиратылды.

Таррант жасаған лаңкестік пен 11 қыркүйек және 15 шілде оқиғаларын жасағандар негізінде бір сананың адамдары. Үшеуі де жазықсыз адамдарға қарсы принциптен,  құндылықтан, әділеттен мақұрым рухтың адамды қайда итермелейтінін көрсетеді. Тарранттың жазықсыз адамдарға қарсы қарумен,  Ладиннің 11 қыркүйекте ұшақпен, Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілдеде әскери ұшақтармен жасаған шабуылы – бір сананың өнімі.

Терроризмді діндермен байланыстыру арқылы террористтердің діндердің артына жасырынуына рұқсат бермеу керек.

Не істеу керек?

Тарранттың қорқынышты қылмысты салқынқанды түрде,бүкіл әлемге тікелей эфирден жариялауында әрине батыстағы климаттың, медианың және кейбір саясат қайраткерлерінің тілі,  нәсілшіл сөздерінің әсері бар. Бұл оқиға -  батыс елдерінде артқан Ислам дұшпандығының, Ердоған дұшпандығының нақты күйі.

Таррант, Бен Ладин және Фетуллах Гүлен секілді террористтер істеген қылмыстарын заңды қылып көрсетуге тырысса да,  Жер шарының тұрғындары күресте бірігуі қажет.

Бүкіл адам баласы террор лаңкестіктеріне қарсы иықтасып қарсы шығуы керек.  Жер шары – енді жаһандық ауыл.  Әр тілден, діннен, көзқарастан келген адамдар барлық жерде бірге өмір сүріп жатыр. Әлемімізден бейбітшілікті,  тыныштықты,  еркіндіктерді ұрлап алғысы келетін адамдардың бізді түнекке жетелуіне рұқсат бермейік. Мақаламызды бір шақырумен аяқтайық.

Жер шарының көкірегі ояу адамдары,  бірлесіңдер. Әйтпесе толқындатып жайылған түнек барлығымызды шырмауына алады.

 



Ұқсас жаңалықтар