Құндылықтардың соңы ма? – 2

Проф. Др. Күдрет Бүлбүлдің мақаласы

1135618
Құндылықтардың соңы ма? – 2

Өткен аптада құндылықтардың бұзылғанын,  принцип,  парасат,  ұйымшылдық,  әділет секілді ұғымдардың ұмытыла бастағанын айтып,  жаңа кезеңді «құндылықтардың соңы» деп атаудың орынды екенін жазған болатынбыз. Әлемімізге алыстан бір қараудың құндылықтардың қалай бұзылғанын көруге жеткілікті екеніне тоқталған едік.  Құндылықтар тұрғысынан БҰҰ мен Еуропа Одағындағы жағымсыз оқиғаларды талдаған едік.

Бүгін тақырыпты жалғастырамыз.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультетінің деканы Проф. Др. Күдрет Бүлбүлдің мақаласын ұсынамыз.

АҚШ

Көп емес,  кешегі күнге дейін Америка Құрама Штаттары «Америка арманы,  түсі» деп аталған бір ел болатын. Америка тұрмыс стилі барлық елдерде сәнге айналған еді. Бүгін бір сауалнама жүргізілсе,  АҚШ туралы көзқарастардың құлдырағанын көретін шығармыз.

Бүгінгі күні Латын Америкалық тек алты мың босқын бірнеше айдан бері Америка шекарасында күтіп тұр.  Түркия,  Ливан,  Иордания секілді елдер кейде бір түнде осы саннан көп босқынды қабылдаса,  әлемнің нөмірі бірінші елі әлем бойынша шекарасында ең көп босқын күттіріп қойған елге айналды.  Одан да жаманы әлемнің ең бай елдерінің бірінің Еуропада құлаған Берлин қабырғасы секілді шекараға қабырға салудан, босқындарға қарсы армияны қолданудан басқа  шешім таба алмай отыр. Ал жұмсалған осынмаша ақша босқын проблемасын шешуге жұмсалса,  мәселеге одан аз ақша кетер еді.

Қазіргі АҚШ билігі заңдылық туралы еш уайымдамастан,  тек өз мүддесіне қарап,  «алдымен Америка», «АҚШ-ты қайтадан алпауыт қыл» деген сөздермен барлық халықаралық келісімдерден шығып кетуді ойлауда. Америка Құрама Штаттарының жаһандық ысынуға кедергі болуды мақсат еткен Париж Климат келісімінен, БҰҰ-дың ЮНЕСКО ұйымынан шығу шешімдерін бүкіл әлем елдері уайыммен қадағалап отыр.

Президент Трамптың соңғы БҰҰ Бас Ассамблеясындағы «Жаһандану идеологиясына қарсымыз» деген сөзі көп емес,  бірнеше жыл бұрын бір үшінші әлем лидері немесе идеология тарапынан айтылатын сөз болатын.  Бір Америка Құрама Штаттары президентінің осындай сөйлем құратыны тіпті ойға да кірмейтін.

Бүгін АҚШ-ты да қосқанда батыстың жағдайы демократия,  адам құқықтары,  еркіндіктер секілді құндылықтарды қорғайтын секілді көрінетін,  бірақ өздерінің пайдасына жарамағанда Інжілдегі аяттарды басқаша қылып пайымдаған батыс өркениетінің тарихынан өзгеше емес.

Қытай-Ресей

Қытай мен Ресей соңғы ғасырдың стандарттарды анықтайтын,  ортақ ғаламдық құндылықтар шығарған елдері қатарына жатпайды.  Сонымен бірге Қытай – өте жылдам дамыған бір ел.  Екі ел де жаһандық саясатта ықпалды елдер. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде вето құқығына ие.

Екі ел де жеткілікті ашық қоғам болмағандықтан, олардың ішкі саясаттағы істерін халықаралық қоғам көп біле бермейді. 

Ислам әлемі

Мұсылман елдер де жаһандық деңгейде соңғы бірнеше ғасырдан бері стандарттарды анықтайтын,  ортақ ғаламдық құндылық ортаға шығарған емес. Өздерін зайырлы, монархия, шариғат мемлекеті немесе қалай атаса да,  осы елдер де демократиялық,  авторитарлық және тоталитарлық басқару пішіндерінің бірін қолдануда.

Әсіресе Таяу Шығысқа қарағанда,  басқарушылар басқарылғандардың рызасына еш мұқтаж емес.  Биліктерін өздері басқарып отырған халықтарға емес,  көбіне ғаламдық актерлерге қарыздар.  Ғаламдық актерлер де осы жағдайды еш жасырмастан айтуда. Жалғыз жауапты өздері болмаса да,  қазіргі күйімен кейбір Таяу Шығыс елдері тарихтарының бәлкім ең аянышты шарттарында өмір сүруде.  Осы елдердің халықтары отандарын тастап кетуге асығады.

Таяу Шығыс елдерінің көбі бір құндылық немесе парасат ортаға қоюды былай қойғанда,  осы құндылықтарға,  өз халқына қарсы биліктерін жалғастыру, биліктерін қорғау үшін талпынуда.

Ағарту кезеңінің соңы: Франкенштайннан жасанды интеллектке

Ағылшын әйел жазушы Мэрри Шелли 1818 жылы 19 жасар кезінде жазған «Франкенштейн» құбыжығы тек роман емес,  дін, дәстүрлерден ажыраған,  ағарту, зайырлы және позитивизмнің құрушы рационалдығына берілген бір ақылдың нәтижесі деп те саналады.

Бүгінгі күні де осы ағартушы ақыл жасанды интеллект/ адам өндірудің соңында жүр. Ешбір құндылық пен парасатты елемеген,  ағартушы кезеңнің бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарда адам баласы мен ғаламшарымызды қандай қырғынға ұшыратқанына бүкіл адам баласы куә. Барлық құндылықтардан ада, тек механикалық күш пен дамуға бағытталған,  биологиялық адамдардан мықты және оларды бақылауға алатын,  жасанды интеллекті бар «адамзат» Жер шарын қайда апарады? Адамзаттың ақырзаманы басқа ешнәрсе емес,  адамның өз қолынан болатын секілді.

Гедонист адам

Ағарту,  зайырлылық,  коммуникация және компьютерлік технологиядағы жетістіктер, үміт артылған идеологиялар,  дін және мекемелердің бара-бара үміт болудан аулақтауымен көптеген адам гедонизмге бағытталуда. Жастар арасында тек өз ләззаты үшін жүргендер өте көп. Отбасы,  жолдастары,  мектеп,  қоршаған ортасы,  жұмыстастары,  табиғат, жануарлар және басқа да жандылармен тек өз мүддесі,  өз ләззаты үшін байланыс құрған жандар себеп болған қайғылы оқиғалар қазірден-ақ адамды шошытады.  Ешбір құндылыққа сенбейтін,  тек өзі үшін өмір сүретін болмысқа айналғанда ол адамнан басқа нәрсе болады.

 Адам баласы ретінде бірігіп, шара қолданып,  «құндылықтардың соңы» үрдісін тоқтататын жаңа жол таба алмасақ, барлығымыз бірге ақырзаманға қарай зымырап барамыз.

 



Ұқсас жаңалықтар