Қазақстан-Түркия түлектері қауымдастығы Астанада ауызашар ұйымдастырды

Қауымдастық басшысы Қуанышбек Кенжалин басшылығында өткізілген ауызашар бағдарламасына Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Невзат Уянык, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасының орынбасары Саит Юсуф, Қазақстан мәжілісі мүшесі Саутбек Әбдірахманов және Түркия университеттерінің түлектері қатысты.