Сирияда қауіпсіз аймақ құру өте маңызды

Чавушоғлұ Сирияда қауіпсіз аймақ құру көзқарасының Трампқа емес, Түркияға тән екенін айтты.

Сирияда қауіпсіз аймақ құру өте маңызды

Сыртқы министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Сирияда қауіпсіз аймақ құру көзқарасының Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трампқа емес, Түркияға тән екенін айтты.

Мәвлүт Чавушоғлұ Люксембург  Сыртқы істер министрі және Еуропа министрі Жан Ассельборнмен бірге Сыртқы істер министрлігі ғимаратында ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды.

Трамптың «Сирияның солтүстігінде 30 километр қауіпсіз аймақ» деген сөздеріне байланысты «30 километр қауіпсіз аймағымен байланысты АҚШ-тан бір ұсыныс келген жоқ. Алайда бұл АҚШ-тың көзқарасы емес. Бұл құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның барлық Еуропалықтарға берген ұсынысы. Әр бір кездесуде осы тақырыпты күн тәртіпке әкелдік. Сол кезде АҚШ бұл көзқарастарымызға қолдау берген жоқ. Қазір Түркияның табандылығын көрген соң дереу осы көзқарасқа ие шықты» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: Люксембург , Сирия , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар