Президент Ердоған Денкташты еске алды

Ердоған «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрушы президенті, Кипр күресінің лидері Рауф Денкташты құрметпен еске аламын» деп жазды.

Президент Ердоған Денкташты еске алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрушы президенті, Кипр күресінің лидері Рауф Денкташты еске алды.

Ердоған әлеуметтік желідегі жазбасында: «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрушы президенті, Кипр күресінің лидері Рауф Денкташты құрметпен еске аламын» деп жазды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Рауф Раиф Денкташ қайтыс болғанына 7 жыл толуына орай еске алынуда.

Кипр түрік халқының еркіндік күресін басқарған Денкташ ұмытылмады.

Ол жастайынан Кипр түрік халқының еркіндік күресінің басшысы Др. Фазыл Күчүктің «Халықтың даусы» газетінде мақала жаза бастады.  Бір мезгіл аудармашылық, сотта қызметкер және ағылшын мектебінде мұғалім болып қызмет еткен Рауф Денкташ Ұлыбританияда білім алды.

1955 жылы Кипр аралын Грекияға қосу арманымен күресте және  EOKA террор ұйымы алдында Кипр түріктерінің тойтарысына бағыт берді.

1958 жылдың 1 тамыз күні Түрік Тойтарыс ұйымын құрды. Сол жылы Түрік қоғамының мәжілісіне сайланды.

1964 жылғы Лондон конференциясынан кейін понти жағының басшысы Макариос оны «қаланбайтын тұлға» деп жариялады. Артынан 1967 жылы тұтқындады. Денкташ Түркияға қайтарылды. 1968 жылы аралға кіру тыйымы күшін жойған соң Кипрға оралды.

Кипр проблемасының шешімі үшін 1968 жылы алғашқы келіссөздерді бастаған Денкташ понти басшыларымен көптеген жылдар бойы келіссөз жүргізді. 1970 жылғы сайлауда Түрік қоғамы мәжілісінің басшылығына сайланды. 1975 жылы Кипр Түрік федералдық мемлекеті жарияланғаннан кейін мемлекет басшысы болды.

Денкташ Атазаңға орай 1976 жылғы сайлауда мемлекет басшысы болды. 1983 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасы жарияланғаннан кейін құрушы президент міндетіне келді. 1990 және 1995 жылдардағы сайлауларда да екінші және үшінші рет президент болып сайланды.

Рауф Денкташ 2012 жылдың 13 қаңтар күні 88 жасында дүниеден озды.



Ұқсас жаңалықтар