Вице-президент Фуат Октай Венесуэлада

Вице-президент Венесуэла президенті Мадуроның Каракаста ұйымдастырылатын ант ішу рәсіміне қатысады.

Вице-президент Фуат Октай Венесуэлада

Вице-президент Фуат Октай Венесуэла президенті Николас Мадуроның ант ішу рәсіміне қатысу үшін осы елге сапарлай барды.

Фуат Октай «Құрметті Мадуроның ант ішу рәсіміне орай Түркия мен Венесуэла арасындағы ынтымақтастыққа қайта көз жүгіртуге мүмкіндік табамыз» деді.

Венесуэланың бас қаласы Каракасқа барған Октай Симон Боливар халықаралық әуежайында Венесуэла Сыртқы істер министрі Жорге Арреаза және жоспарлау министрі Рикардо Менендез тарапынан қарсы алынды.

Октай әуежайда жасаған мәлімдемеде екі ел ынтымақтастығының соңғы жылдары едеуір ілгерілегенін, осыған риза болғандарын атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Венесуэлаға жасаған соңғы іс-сапарында жүзеге асқан делегация аралық келіссөздердің екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан да жетілдіргенін атап көрсеткен Октай осы жұмыстарға қайта көз жүгіртуге мүмкіндік табатындарын білдірді. Вице-президент Каракасқа әсіресе Мадуроның ант ішу рәсімінде Түркия мен президент Ердоған атынан өкілдік жасауға келгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар