Түркия СКТР-сы халқының құқықтарын қорғайды

Чавушоғлұ Түркияның СКТР-ның және түрік халқының құқықтарын әрқашан қорғайтынын айтты.

Түркия СКТР-сы халқының құқықтарын қорғайды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасының және түрік халқының құқықтарын әрқашан қорғайтынын айтты.

Мәвлүт Чавушоғлұ бір жеке теледидар каналының тікелей эфирінде Шығыс Жерорта теңізінде табиғи газ іздеу жұмыстарымен байланысты мәлімдеме жасады.

«Фатих» атты бұрғылау кемесінің жұмыстарға бастағанын түсіндірген Чавушоғлұ «Аралдың маңында мұнай және газ резервтерінің болғаны айтылуда. Біздің талабымыз заңды. Кипр түрік халқының құқықтары кепілдікке алынсын» деді.

Понти әкімшілігінің Шығыс Жерорта теңізінде жалғыз тарапты табиғи газ іздеу талпыныстарына тоқталған Чавушоғлұ «Табиғи газ шығарылған жағдайда Еуропаға Түркия арқылы тасымалдай алмайтын болса, онда бұның мағынасы жоқ» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар