"S-400 әуе қорғаныс жүйесінен бас тартпаймыз"

Сыртқы істер министрі S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алу тақырыбында кері қадам баспайтындарын атап көрсетті.

"S-400 әуе қорғаныс жүйесінен бас тартпаймыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алу тақырыбында кері қадам баспайтындарын атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнаның тікелей эфиріне қонақ болып, Түркия сатып алатын әуе қорғаныс жүйелері жайлы мәлімдеді.

АҚШ-тың Патриот әуе қорғаныс жүйелері тақырыбында алғашқы ұсынысын жасағанын, бірақ Ресейден сатып алынатын S-400 әуе қорғаныс жүйелеріне АҚШ-тың қарсы екенін атап көрсеткен Чавушоғлу  «Ресеймен жасаған бір келісімді қорғау талпынысымыз жоқ. Біздің қазір әуе қорғаныс жүйесіне қажеттілігіміз бар. Келешекте патриот әуе қорғаныс жүйесі сатып алармыз. Ақыры сауда жасап отырсыздар, енді шарттар қоюды қабылдамайтын бір Түркия бар» деді.

АҚШ-қа қарсы ашық екендерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Біздің қажеттілігіміз бар, сізден сұрадық бермедіңіз. НАТО – ‘Одақтастарының қалаған әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына болады’ деген көзқарас білдірді. Ортада жасалған бір келісім бар, берілген уәдемізді ешқашан ұмытпаймыз. S-400 келісімі де жасалды. S-400 әуе қорғаныс жүйесінен бас тартпаймыз. Патриоттар үшін АҚШ-пен келісуімізге болады, дегенмен S-400 тақырыбында шарт қоятын болса келіспейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар