Сыртқы істер министрі мәжіліске мәлімет берді

Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Сирияда террорлық ұйыммен осыншама жақын болғаннан кейін кетуінің қиын екенін айтты.

Сыртқы істер министрі мәжіліске мәлімет берді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Сирияда террорлық ұйыммен осыншама жақын болғаннан кейін кетуінің қиын екенін айтты.

Мевлүт Чавушоғлу «Түрік сыртқы саясатындағы соңғы оқиғалар» жөнінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Сыртқы істер комитетіне мәлімет берді.

Америка Құрама Штаттарының Сириядан кету шешіміне тоқталған министр елдің түрлі ұйымдарынан түрлі мәлімдеме келгенін айтты.  «Кету үрдісінде Америка Құрама Штаттарының қиыншылықтары болатынын көріп отырмыз.  Террор ұйымдарымен осыншама жақын болғаннан кейін кету де қиын болады» деді министр.

Чавушоғлу Түркияның батыстық одақтастарымен бірге Астана форматында бірге істейтін Ресей және Иранмен де осы үрдісті үйлестіргісі келетінін білдірді.  Сыртқы істер министрі Ресей және Иранмен келісілген, қазірге дейін орындалуында проблема шықпаған Идлиб келісімінің бұдан әрі де жалғасуын қалайтындарын атап көрсетті.

Чавушоғлу Сирияда қиыншылықтар бар екенін,  бірақ оларды шешуге тырысқандарын айтты.

Министр сонымен бірге Ресейде түрік және ирандық басшылардың қатысуымен жаңа үштік саммит өткізу үшін дайындық басталып кеткенін білдірді.

Кипр келіссөздеріне де тоқталған министр Еуропа Парламенті сайлауына байланысты келіссөздің басталуының мүмкін еместігін айтты.

Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесіне байланысты да министр: «Екі жақ та жұмыстарын жалғастыруда, қатынастарды нығайту үшін қадам басудамыз» деді.

Министр Түркияның Йемен тақырыбындағы сезімталдығын меңзеп: «Йемен проблемасының шешілуі биылғы басымдықтарымыздың бірі болады» деді»



Ұқсас жаңалықтар