Ердоған Ислам әлеміне үндеу тастады

Ердоған «Ислам әлемінің Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің насихаттарына мұқтажы бар» деді.

1108990
Ердоған Ислам әлеміне үндеу тастады

Ердоған Ислам әлеміне үндеу тастады.

Ердоған «Ислам әлемінің Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің насихаттарына мұқтажы бар» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ислам әлемінде ашаршылық, соғыс, былықпа  және террордың кең қанат жайғанын айтып, шешім жолының  Мәулананың насихаттары екенін атап  көрсетті.

Президент Ердоған Кония қалалық әкімшілігінің спорт және конгресс орталығында Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің дүниеден өткеніне 745 жыл толуына орай ұйымдастырылған бағдарламаға қатысты. Ердоған бұл жерде сөз сөйледі.

Баяндамасында Ислам географиясына тоқталған Ердоған  Йеменде миллиондаған бала ашаршылық шегуде. Палестинада жаулаушылық, Ливияда былықпа, Сомалиде ашаршылық, Ауғанстанда террор кең қанат жаюда» деді.

Сириядағы оқиғаларға тоқталған Ердоған «Көршіміз Сирияда мөлшермен 8 жылдан бері жалғасқан зұлмат салдарынан әр күні адамдар ажал құшуда. Сирияда 1 миллион адам қырылды. Башар Асад әлі билік басында. Кейбір күштер оған қолдау көрсетуде» деді.

Ислам әлемі үстінде ойналған ойындарға назар аударған президент Ердоған «Кейбір күштер Ислам әлемін мэсхабтарға бөліп, арамызға іріткі салып шайтандық жүйелерін жалғастырғысы келеді» деді.

Осы мәселе жөніндегі шешім ұсыныстарын да айтқан Ердоған «Ислам әлемінің Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің насихаттарына мұқтажы бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар