Мәжіліс төрағасы Йылдырым Анкарада

ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым Түркия мен Иранның ғасырлардан бері көрші және бауырлас екенін тілге тиек етті.

Мәжіліс төрағасы Йылдырым Анкарада

Қытай мен Қырғызстан байланыстарының артынан «Терроризм және радикализммен күрес тақырыпты Мәжіліс басшылары жиналысына» қатысу үшін Иранның Тегеран қаласына барған ТҰҰМ төрағасы Иран Мәжіліс төрағасы Али Ларжанимен бас қосты.

Баспасөзге жабық өткен оңаша кездесудің артынан мәлімдеме жасаған Йылдырым «Көршіміз, бауырлармыз, ғасырлардан бері бірге өмір сүреміз. Сондықтан Иранның басына қауіп төнсе, өзімізге қауіп төнгендей қабылдармыз. Сіздің қуанышыңыз біздің қуанышымыз, біздікі де сіздің қуанышыңыз» деді.

Йылдырым Чабахардағы террор шабуылын айыптап, шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Ларжани болса Йылдырым премьер-министрлік міндетін атқарған кезде екі ел қарым-қатынастарының күшейгенін атап, осы ынтымақтастықты жалғастыруды қалағандарын білдірді.

Йылдырым Тегерандағы байланыстары аясында Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы Сыртқы қатынастар комитеті төрағасы Леонид Слуцкиймен де бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар