Түркия мен Қытай қарым-қатынастары жыл сайын дамуда

Бинали Йылдырым Қытай сапары барысында «Екі ел арасындағы қарым-қатынастар жыл сайын дамуда» деді.

Түркия мен Қытай қарым-қатынастары жыл сайын дамуда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым Түркия мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жыл сайын дамығанын айтты.

Бинали Йылдырым президент Режеп Тайып Ердоған мен Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің Аргентинада ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммиті аясында кездескенін білдіріп, «Екі ел арасындағы қарым-қатынастар жыл сайын дамуда» деді.

Қытай сапары аясында Шаньши провинциясының Шиань қаласына барған Йылдырым Шаяньши провинциясы мәжіліс төрағасы Ху Хыпингті қабылдады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым Азияның шығысында Қытайдың,  батысында Түркияның екі стратегиялық ел екенін білдірді.

«Тарихи Жібек жолының қайтадан жандандырылуын көздеген бір белдеу және бір жол жобасы аясында Қытай мен Түркия ынтымақтастығының жалғастырылуын тілеймін» деген Йылдырым Қытайдың Түркияның Қиыр Шығыстағы ең үлкен сауда ортағы екенін және екі жақты сауда көлемінің артуын қалағандарын түсіндірді.

Йылдырым екі ел қарым-қатынастарының дамытылуы үшін туризм саласын да жандандыруға болатынына назар аударып, «Шиань мен Стамбул арасында рейстерді жүзеге асыруға болады. Түрік әуе жолдары бұған дайын» деді.



Ұқсас жаңалықтар