Министр Чавушоғлу НАТО жиналысында кейбір әріптестерімен оңаша кездесті

НАТО жиналысына Түркия атынан өкілдік жасаған министрі Мевлүт Чавушоғлу әріптестерімен оңаша кездесулер өткізді.

1100623
Министр Чавушоғлу НАТО жиналысында кейбір әріптестерімен оңаша кездесті

Бельгияның бас қаласы Брюссельде НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына Түркия атынан өкілдік жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әріптестерімен оңаша кездесулер өткізді.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Чавушоғлу жиналыстың алғашқы күнінде Германия Сыртқы істер министрі Heiko Maas, Исландия Сыртқы істер министрі Gudlaugur Thor Thordarson, Испания Сыртқы істер министрі Josep Borrell, Италия Сыртқы істер министрі Enzo Moavero Milanesi және Руминия Сыртқы істер министрі Teodor Melescanu мен бөлек бас қосты.

НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында Чавушоғлу «Грузия мен Украина» және «Транс Атлант қауіпсіздігі» отырыстары мен кешкі жұмыс асыға қатысты.

Жиналыстар баспасөзге жабық өтті.



Ұқсас жаңалықтар