Түрік ағыны көптеген пайда әкеледі

Түрік ағыны жобасы теңіз бөлімінің тамамдалуына орай Стамбул Конгресс орталығында рәсім ұйымдастырылды.

Түрік ағыны көптеген пайда әкеледі

Түрік ағыны жобасы теңіз бөлімінің тамамдалуына орай Стамбул Конгресс орталығында рәсім ұйымдастырылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей табиғи газын Қаратеңіз және Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағыны жобасының тек Түркия үшін ғана емес, көрші елдер және аймақ үшін де көптеген пайда әкелетінін айтты.

Түрік ағыны жобасы теңіз бөлімінің тамамдалуына орай президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен Стамбул Конгресс орталығында рәсім ұйымдастырылды.

Президент Ердоған рәсімде жасаған баяндамасында Түрік ағыны жобасының соңғы сатысына келгенін білдіріп, «Түрік ағыны тек мемлекетіміз және ұлтымыз үшін ғана емес, көршілеріміз бен аймағымыз үшін көптеген пайда әкеледі» деді.

Ресей президенті Путин де жасаған баяндамасында «Ресей және Түркия болып, энергия саласында ынтымақтастығымызды талай жылдан бері табысты түрде жалғастырып келеміз» деді.

Түрік ағыны жобасының маңызына тоқталған Путин «Түрік ағыны Түркияны маңызды бір табиғи газ орталығына айналдырады және Түркияның орнына да болымды ықпал жасайды» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар