Министр Акар Канадада екі жақты кездесулер өткізді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Джозеф Данфордпен бас қосты.

1090024
Министр Акар Канадада екі жақты кездесулер өткізді

Акар Халифакс Халықралық форумына қатысу үшін барған Канаданың Халифакс қаласында екі жақты кездесулер өткізді.

Алдымен Канада Қорғаныс министрі Харжит Сайжанмен бас қосқан министр Акар артынан АҚШ Бас штаб басқармасы төрағасы Данфордпен кездесті.

Акар баспасөзге жабық өткен және 1 сағатқа созылған кездесудің артынан жасаған мәлімдемеде шынайы бір ортада жүзеге асқан кездесуде екі жақты пікір және ақпарат алмасқандарын атап көрсетті.

Министр Акар «Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-дан айырмашылығы жоқ террористік ұйым YPG-нің Сириядағы болмысы мен әсіресе АҚШ әскерлерімен бірге қозғалып, ынтымақтастық жасауының дұрыс еместігін, мұның бізді қатты мазалағанын және осы ынтымақтастықты дереу тоқтату тақырыбын өздеріне қайтадан ескерттік» деді.

Акар сұраныс келген соң бір күн бұрын да араларында Қорғаныс комитеті мүшелері де орын алған АҚШ-тық кейбір сенаторлармен де бас қосқандарын еске салып, аталмыш жиналыста Түркия мен АҚШ арасындағы кейбір тақырыптарды талқылағандарын білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Акар кездесулері барысында Косово Қауіпсіздік күштері министрі Рустем Бериша және Молдова Қорғаныс министрі Евгений Стурзамен де бөлек бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар